Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз



бет1/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
кз тарих


  1. Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.

ХVIII ғасырда қазақ халқы өздерінің ежелгі бірегей мәдениетінің төлтумалылығын сол қалпы сақтап қалған болатын. Олардың мәдениетінде ақындардың, жырау мен би-шешендердің шығармашылығы және музыка өнері көрнекті орын алды.
Ақын-жыраулар. Көшпелi өмiр салты жағда- йында халықтың ауыз әдебиетi, жыраулық дәстүрi, музыка өнерi дами түсті. Қазақтардың жоңғар бас- қыншыларына қарсы күресi, патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт-азаттық қозғалысы сол кездегi ақын-жыраулардың негiзгi тақырыбына айналды. Қазақ әдебиетi тарихында ХVIII ғасырдағы көрнектi ақындар мен жыраулар ерекше орын алады.
Қазақтың көрнектi жырауларының бiрi – Ақтамбердi жырау Сарыұлы. Ол жоңғарларға қарсы көптеген жорықтарға қатысқан және батыр ретiнде де белгiлi болған жырау. ХVIII ғасырдың 50-жылдарын-да жоңғарлардан азат етiлген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтамбердi жыраудың бүкiл шығармашылығы елдi ерлiкке, қаһармандық пен батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесенесi Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шоқысының баурайында осы уақытқа дейiн сақталған. ХVIII ғасырда қазақтардың арасында атақ-даңқы кеңiнен таралған жырау, қазақтардың әдет-ғұрып заңдары мен шежiресiнiң ғажайып бiлгiрi, би әрi данышпан дипломат, мемлекет қайраткерi Бұқар Қалқаманұлы болды. Ол қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба тауының етегiнде дүниеге келген. Әкесi Қалқаман батыр да ерлiгiмен және жаужүрек батылдығымен халыққа кеңiнен танымал болған едi. Халық арасында Бұқар жырау «Көмекей әулие» атанды. Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат аларлық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың негiзгi идеясы Қазақ хандығының тәуелсiздiгiн сақтау мен нығайту мәселесiне арналды. Бұқар жырау Абылайдың тұсындағы данагөй билердiң бiрi. Ол ханның ең жақын кеңесшiсi әрi сенiмдi се- рiктерiнiң бiрi болды.
ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың бас кезiнде Тәтiғара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық арасында кеңiнен таралды. ХVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен жыраула ры шығармаларының басым көпшiлiгi ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткiзiлiп келдi. Тек ХIХ–ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушiлерiнiң ел аузынан жазып алуы арқасында баспа бетiнде жарық көрдi.
ХVIII ғасырдағы тарихи әңгiмелердiң негiзгi тақырыбы – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi мен Едiл қалмақ- тарымен болған соғыстар. Белгілі орыс ғалымы Б. Куфтин былай деп жазды: «Жалпы қазақтар туа біткен шешен халық: өзінің ойын, пікірін сөз кестесіне салып, көркемдеп, мәнерлеп, бейнелеп жеткізеді».
Музыка өнерi және айтыс. ХVIII ғасырдағы қазақтардың рухани өмiрiнде музыка өнерi елеулi орын алды. Музыкалық шығармалардың негiзгi түрлерi ән мен күй болды. Олар халық арасына жеке Шежiре. ХVIII ғасырда әрбiр қазақ отбасында өзiндiк шежiресi болатын. Көшпелi өмiр салтын ұстанған қоғамда генеалогияны бiлу мiндеттi парыз еді, тегiн бiлмеген тексiз саналды. Егер қожалар мен сұлтандар өздерiнiң шығу тегiн жазбаша шежiре арқылы анықтаса, дала төсiнде көшiп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын деректерден алды. Шежiре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды: бiрiншiден, ел билеушiлерiнiң көшпелi қоғамды басқаруына, екiншiден, ата тарихымызды кезең-кезеңiмен есте сақтауға көмектестi.
Әрбiр көшпелi қазақ халқының өткен өмiрiн өз отбасы, ру-тайпасының тарихи көрiнiсi ретiнде қабылдады. Тарихи оқиғалар оның ата-бабаларының өмiрi төңiрегiнде өтiп жатқандай көрiндi. Даңқты ата-бабалар туралы деректер қосымша ақпараттармен толықтырылып отырды. Қазақтар жас ұрпақты есiмдерi ел аузында аңызға айналған ата-бабаларының тамаша өмiрiнен үлгiөнеге алатындай етiп тәрбиелеуге тырысты. Үшiншiден, шежiре қоғамды әлеуметтiк реттеп отыру мiндетiн де атқарды. Мәселен, отбасылық неке қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселелерiн қадағалады. Үлкен ас, тойларда, құрылтай жиналыстарында қонақтарды жол-жоралғымен орналастыруда да, халықтық жасақтар құрудың ежелден қалыптасқан тәртiбiн сақтауда да шежiренiң реттеушiлiк рөлi зор болды. орындаушылардың ән айтуы, күй тартуы, сондай- ақ хормен орындауы арқылы таратылды. Сөз етiп отырған кезеңде қазақтарда 20-дан астам музыкалық аспап болды. Олар домбыра, қобыз, шертер, жетiген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, сыбызғы, дауылпаз тағы басқа аспаптар едi.
Ән-жыр, айтыс сайыстарында жеңiп шыққандар бағалы жүлде, сый- лықтармен марапатталды. Атап айтқанда, ондай жүлделi сыйлықтарға тайтұяқ алтын, үйiрлi жылқы берiлетiн. Олардың даңқы ауыл-ауылға тез тарап, барлық жерде өнер саңлақтарын зор құрметпен қарсы алған.
Қыз ұзату, келiн түсiру тойлары салтанатты жағдайда «Той бас- тар» әнiмен басталатын, жар-жар айтылатын. Ұзатылып бара жатқан қыз өзiнiң ата-анасымен, жақын туған-туысқандарымен, ел-жұртымен қоштасарда қыздың мұңды әнi – «сыңсуды» айтатын. Келiн болып түскен қызға оның қайын жұртымен таныстыру, ғибрат аларлық ақыл-кеңес, өсиет айту мақсатымен «беташар» рәсiмi жасалатын. Қайтыс болған адамды «жоқтау» сияқты ерекше азалы ән орындалатын.
ХVIII ғасырдағы қазақ әншiлерi мен ақындарының, сазгерлерiнiң шығармашылығы арқасында бiзге «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш– Баян сұлу», «Қыз Жiбек» сияқты ғажайып жыр-дастандар, сондай-ақ «Ақсақ құлан», «Жошы хан» т.б. керемет күй туындылары жеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет