«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы



бет4/16
Дата27.12.2016
өлшемі4,14 Mb.
#5414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасы.Солай бола тұрса да, алғашкы табыстарға арка сүйеген А. И. Тевкелев біртіндеп жергілікті өмірге еніп, таныстар аукымын кеңейтетүсті. Кіші жүз ханының мақұлдауға уәдесін алып, Сырткы істер алкасының «Нұскауында» көзделгеніндей, көршілес жерлердің ант беруі үшін негіз дайындады. 1731 жылғы 19 желтоксанда ол Әбілкайырды Нұралы сұлтанды «оның да Ресей империясының бодандығында болуы үшін» Хиуаға жіберуге көндірді. Алайда 1732 жылғы 2 наурызда кайтып оралған Нұралы алаңдататын хабар әкелді: Хиуа «асқан зор наразылық пен ашуыза» білдіріп, болып жатқан окиғалардың мәніне катты аландаушылык танытқан. Хан мен орыс дипломатының, соңғысы Петербургке қайтқанға дейінгі өрекеттері осы жағдайлармен шектеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болған кезден бастап халқымыздың жүріп өткен тарихи жолы деректі деңгейде қайтадан ой таразысынан өткізілуде.Тарихшылар Қазақстан үшін дамудың басқаша жолы болды ма, оның мәні қандай болуы мүмкін деген сауал төңірегін қарастыруда.

XVIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл мәселеге байланысты тарихнаманың даму динамикасмн сипаттайтын көптеген материалдар жинақталған.Әр кезеңде бұл үрдісті өзінше қабылдау мен бағалау орын алған.Көріп отырғанымыздай, бұл мәселелерді көрсетуде - қосылудың оңды және келеңсіз салдарларына әділ талдау жасау сияқты көптеген сұрақтарға жауап берілмеген. Қазақстан өміріндегі тәуелсіздігі мен дербестігінен айырылған сол кезеңнің шынайы жағдайын білу үшін, әрине, кешенді талдау және сараптау қажет.

XVIII ғ. 30 жылдардың өзінде Ресей патша үкіметі қазақ даласын өзінің иелігіне алып, оның сыртқы жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай кепілдігі болмады. Оны 1735-1740 ж.ж. Башқұрт көтерілісі мен XVIII ғ. 30-40 жылдары қазақ жүздерінің Жоңғарлармен соғысының өзі Ресейдің қазақ даласына деген өздерінің қорғаушы ретіндегі ұстамдарының өте әлсіз болғандығы. И. Ерофеева пікірінде негізделген И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат 1999. (223 б.) Мұнан шығатын қорытынды өздерінің қол астына қарауға ант берген. Қазақ даласының кіші жүзі мен орта жүздерінің ішкі саясаты мен билігіне еркін тез араласа алмады. Сондықтанда XVIII 30-40 жылдарында Орынбор әкімшілігінің қазақ хандары мен ықпалды сұлтандары жеке қарым-қатынастарын жақсарту арқылы жергілікті орыс шенеуліктері қазақтарға ықпал ететін жол ашар әдіс айлаларды анықтау тәсіліне көшкен болатын.А.И. Тевкелев сөзімен айтсақ “қазақтарға ноқта салу” жолдарын іздестірді деп И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999. (223 б.)

И.Ерофеева әділ айтқан болатын“Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999. (305 б.) оған қосарымыз тек ханменен ықпалды сұлтандармен ғана емес қазақ даласында қара халық қолдауына кіріп, ішкі саясат пен билікте орыс патша үкіметінің билігіне алмастыруға қол жеткізу жолдарының бірі қарадан щыққан халыққы жақын белгілі ыпалды батырларды орыс патша үкіметінің қазақ даласының саясаттарына тарту болатын. Бұл әдістерін жүзеге асыруға болады деген байлам жасаулары болса керек. Ресей экономикасының дамуына серпін беретін капитал қазақ даласында құйылған болатын ешқандай шығын шығармай таза пайда тауып отырған болатын.

Қазақтан кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1736-1738ж.ж. Башқұрт жеріндегі көтеріліске қатысуының өзі 1737 жылғы. Башқұрт көтерілісін басуға патша үкіметіне көмегін жонған. Әбілқайыр ханды Орынбор комиссиясы В.Н. Татищев Әбілқайыр ханның башқұрт көтерілісін басып өзінің үшінші ұлы Қожахметті хан сайламақшы саясатын түсініп қалып,тілмаш Арсалан Бахметов арқылы алғыс хат жалдап, Ресей патша адалдығы үшін көп сый сыйапат тарту таралғымен қатар 100 руб күміс ақша беріп тоқтатудағы өте нәзік мәменгерлік саясатының өзі .И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Санат1999. (224 б.)

Қазақ хандығының әліде дербестігін Ресей патша үкіметіне сөз жүзінде ғана бағыныштылығын көрсетті. Сол кездегі Ресей патша үкіметінің өзіне қосылған бодан елдердің ішкі сыртқы мәселелерін шешу мен реттеуде әліде дәрменсіз екендігін дәлелдеп берді.

Сондықтанда қазақ башқұрт тархандарын ұлықтау арқылы хан сұлтандар арасында баланс тепе- теңдік жасау идеясына түрткі болғандығы туралыда ой келеді.

XVIII ғ. 1 жартысында Шақшақ Жәнібек пен Есет батырға тархандық шен беруінің бір себебі И.Ерофеева дерегінен көреміз.Кіші жүз ханы Әбілхйырдың иелігін басқарып ұстауда болды. Хан Әбілқайыр ықпалы XVIII ғ. 30-40 жылдары бір қалыпты болып саяси тұрақтап қана қоймай, бекіп, нығая бастады. И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Сонат1999.(232 б.) Сол кезде Әбілқайыр ханды қолдаған рулар шектілер Аралдың солтүстік шығысын қоныстанған. Сонымен қатар байұлдары, рулары оның басында Нұралы сұлтан тұрды. Жетіру рулары оның басындабелгілі батыр Есет болды.Керей орта жүз рулары басында билікте екінші баласы Ералы сұлтан және арғындардың көп бөлігі болды. Оның басында Әбілқайырды қолдайтын атақты орта жүздің батыр биі Шақшақ Жәнібек ықпал етті. И.Ерофеева “Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик”А; Санат1999.

Кіші жүз бен орта жүз руларын қоса иелігіне ұстап отырған Әбілқайыр хандығына сыналап кіру үшін беделді белді билік басындағы сұлтандардан хан баласынан басқа батыр би Шақшақ Жәнібек пен Тама Есетке тархандық беру арқылы Әбілқайыр хандығының іргесін босатуды көздеген саясаттар да қылаң етуі негізсіз еместі.



Бекіту сұрақтары:

1.Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келісөздері немен аяқталды?

2.Әбілқайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынастардың шиленісуінің себептері неде?

3.Қазақтар мен Ресей қарым қатынасының саяси сипаты қандай болды?


Дәріс №4 ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.

Негізгі ұғымдар: Бодандық, протекторат, мәмлегерлік, елші, Орда, Кіші жүз, шекара барымтасы.

Мақсаты: Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қайраткерлігін тарихи еңбектер негізінде саралау. Қазақ хандығының ХҮІІ ғ. Саяси сыртқы мәселелеріне талдау жасау арқылы көрші елдермен қатнастарының саяси мәнін анықтау.

Жоспар:

1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.

2. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарындағы Қазақ-ойрат қатынастары.

3. Әскери бекініс шектерінің салынуы.

4. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.

5. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.



1.Әбілқайырханның саяси мемлекеттік қызметі. Әбілқайыр хан – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі, мәмлегерлік шеберлігі күрделі тарихи кезенде көзге түсті. Әбілқайыр ел басына күн туған ауыр заманда қазақ жасағына Бас қолбасшы сайланып, жан-жақтан аңталаған жауға тойтарыс берді.

ХІХ-ХХ ғасырдың екінші жартысында Әбілқайыр қазақтарды Ресейге бодан етті деген де, алдымен Әбілқайыр ханның 1730 жылғы Анна патшаға жазған хатын дәлел етеміз. Әрине, Әбілқайырдың 1731-1732 жылғы хат жазғаны да, ант бергені де шын, бірақ, ол хаттың мақсатына, қүқықтығына онша көңіл қоймай жүрген сияқтымыз.



Осы ойға байланысты қысқаша болса да белгілі тарихшылардың ғылыми еңбектеріне токталайық. Ол туралы академик В.В.Бартольд "В 1740 году в Туркестане утвердил свою Верховную власть последний крупный завоеватель, вышедший из Персии Надир-шах". Ресей Әбілқайырға ешбір қолдау көрсетпеді. Содан соң орыс патшайымына берген анттын да, қабылданған қүжаттың да күші жойылды деп дәлелдейді В.В.Бартольд: "Принятая Абылхайыром русское подданство не имел реального значения" дейді.

В В.Бартольдтан кейін алғашқылардың бірі болып зерттеген тарихшы А.Н.Чулашников "Әбілқайырдың Ресейге бодан болу туралы келісімге қол қоюы, бұл істің басы ғана емес қарапайым маңызы жоқ, кеп келісімнің бірі ғана" деген қорьгтынды жасады. Көрнекті тарихшы Н.Г.Аполлова "Қазақ хандары XVIII ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тәукеден бастап Әбілқайырға дейін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайтуға қам жасады2", дей келе көпшіліктің Ресей бодандығына қарсы болуы, жасалған келісім-шартқа наразы болудың бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде ез билігін тым жоғарылатып жіберді. Ханның бұл қадамын старшина мен билер бабаларынан келе жатқан әдет-ғүрыптарды бүзғандық деп, өздерінің хандыққа саяси биліктерін аяқка таптады деп түсінді" деген болатын. Қазақ халқының аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов қазақ елінің хат жазғаңда бағыныштылық емес Қамқорлық туралы одақ ел болуды іздегені дей келіп, "Ресей патшасы Анна Иоановнаның іргетасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылмаған. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде бұл создің мағынасы қазіргіден бөлек. Ол кезде подданство деген сөзді қамқорлық деп түсінген, яғни бұл сөзді өзіне қаратып алу немесе отарлау деп түсінбеу керек деп жазды.

Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшылардың бірі М. Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысынша тәуелсіз болып қала берді, ешқаңдай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" деп көрсетеді.

Патша тарихшыларының кейбіреулері қазақтарға көршілері қанша қауіп-қатер төндіргенімен Әбілқайыр сияқты игі жақсылардың себеп сылтауы билік үшін күрес деген пікірді нды. Олар Әбілқайырды "Сұм да, зұлым", оның уәдеде тұруға ниеті де, мүмкіндігі де жоқ, қосылу дегені кезекті "шығыстың айла-шарғысы" деп есептеді.

Мәселен, патша генералы М.Терентьев "халықтың басым көпшілігі өздерін Ресей бодандығы деп есептемеген, егер Әбілқайыр жалғыз өзі бодандыққа уәде берсе, онда патшаға жалғыз озі бодан болсын" деп жазады.

XIX ғасырдағы белгілі тарихшылардың бірі, академик Н.И.Веселовский шығыстанушы ғалым ретінде Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттей келе "Көшпенділердің келісім туралы түсініктерінің біздің тусінігімізден әлдеқайда айырмашылыгы бар. Олар ушін бодандық дегеніміз, ешкімді белгілі бір мемлекетке ештеңеге міндеттемейтін, сондай-ақ қазақтардың пайдасына шешілген сауда-саттықтың бір келісімі сияқты әсер етті деді. Яғни, қазақтардың Ресей-мен жасаған келісімі көрші екі елдің жайшылықтағы бір-бірімен алыс-берісі сияқты байланыстай-ақ көрінген.



Белгілі ғалым В.В.Бартольд мынаны еске алған жөн дейді. Бодандық сөзі сол кездегі қалыптасқан үғым бойынша кез келген екі елдің арасындағы одақтастық шартта әлсіздеуі күшті мемлекеттің суверендігін мойындауға тиіс санаған. Ал бодандықты нақтылы бағыныш деп есептемеген. Мысалы, академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, "среднеазиатским владетелям подданство казалосъ только выгодной сделкой, благодаря которой слабейший становился под покровительством и в то же время не принимал на себя никаких обязанностей "} Осы пікірін анықтай отырып еңбегінің келесі бір бетінде "қыргыздардың (қазақтардың) бодан деген аты гана болган "г деп жазған.

Сонымен қатар Қазақстаннан тыс жерлерде кеңес қоғамының тарихы жөнінде объективтік, шыншыл еңбектер бізде емес, Батыс елдерінде де жазылғандығын ескерсек, бірқатар шетел тарихшылары да өз еңбектерінде осы тақырыпқа көңіл аударған. Олар Скайлер (АҚШ дипломаты), Г.Бульжер (XIX ғасырдағы ағылшын тарихшысы), А.Боджер (Англия), Х.Сетов — Утсон (Англия), М.Б.Олкотт (АҚШ), т.б. Сонымен атақты Әбілқайыр ханды түсіну үшін тағы да тарихшылар түйініне назар аударайық. Ол туралы шетел тарихшылары не деді екен?

Орта Азия зерттеушілерінің ардагері доктор Баймырза Хайит: "1731 жылы Әбілқайырдың орыс патша әйеліне жазган хатында, әңгіме бодан болу жөнінде емес, қамқор болу жөнінде болды' деп көрсетті. Жалпы алғанда Б.Хайит Қазақстан бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосылды деген көзқарасты ұстады.

Бірақ орыс-қазақ қатынастарына деген козқарас Батыс тарихшылары арасында да бірыңғай емес. Мүндай қайшы-пікірлер 1731 —1732 жж. Қазақстанның Ресейге оз еркімен қосылғандығы туралы төңірегінде орбіді. А.Боджер бұл туралы: "Қазақ халқы орыс боданы болуды қалады деген жорамал шыныдыққа жатпайды. Әбілқайыр озінің іс-әрекеттерінде жеке басының муддесін — саяси мақсатты көздеді, бір созбен айтқанда, ол да орыстан көмек алуга тырысты, бірақ орыспен қосылгысы келмедідейді.

Іс жүзінде Әбілқайыр император әйелдің шын берілген қызметшісі болған жоқ, ол кей кездерде жоңғар билеушілерінің де коңілін жыққысы келмеді деген профессор М.Б.Олкотг пайымдамасын Әбілқайыр саясатының екіүштылығы емес, сол замандағы ерекше мәмілегерлік тәсіл түрі ретінде бағамдауымыз керек дейді. Американ ғалымы Ю.Скайлер Қазақстанның Ресейге қосылуы себебін талдай келіп " XVIII гасырдың басында қырыздар (қазақтар) солтустік-батыстан қалмақтардың, сол-түстіктен — сібір казактарының, шыгыстан — жоңгар фео-далдарының шапқыншылыгына ұшырады да өте-мөте ауыр жагдайда қалды "' деп жазады "Түркістан" еңбегінде. Автор бұл орайда Әбілқайыр атқарған ролінде лайықты баға береді.

ХУШ-ХІХ ғасырлардағы тарихнаманы зерделегенде Әбілқайыр хан жөнінде көптеген пікірлер айтылғандығы жоғарыда көрініс берді. Алайда бір ерекше назар аударар жайт, отаршыл империя теоретиктері басқыншылықты бітімгершілікпен көлегейлеп, Әбілқайыр саясатына өркениеттілік сипат беруге неліктен жанталасқаны бүгінгі танда түсінікті болды. Ресей империясының ауқымды жоспармен жүргізілген отаршылдық саясаты қайткенде де қазақ жерін басып алмай тоқтамайтындығы бүркемеленді. Ал керісінше, отандық тарихнамада қазақтар үшін жоңғар шапқыншылығынан аман қалудың, сөйтіп жер бетінен түтастай жойылып кетпеудің бірден-бір жолы қазақ өлкесінің Ресейге қосылуы ақтабан шұбырынды алқакел сұлама деген шалажансар аңыз үстемді етіп келеді.

Сонымен Кеңес өкіметі кезінде Әбілқайыр хан туралы, қазіргі оқып жүрген қазақ тарихында Әбілқайыр хан қазақ елін Ресейге қосып бодандықтың кигізді деген ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға, долбарға сүйеніп жазылған қортыңды еді.

Ресми идеологияның қолдауына сүйенген маркстік-лениңдік тарихнама қазақ халқының тарихын формацияларға бөліп, қазақ халқының тарихын Ресей окіметінің, Совет окіметінің саяси-идеологиялық қағидаларына үйлестіргені белгілі. Қазақ тарихын жазғандар қазақ тарихын формацияларға бөлгенде Ресей мемлекетінің тарихынан бірге қарау мәселесін ешқашан естен шығарған емес және қазак тарихын коне заманнан бүрмалап көрсетуге тырысты. Ресми тарихнама қоғамға үстемдігін жүргізген ресми кезқарас тұрысынан баяндалды. Сондықтан отаршылдықтың бүкіл зардабын Әбілқайыр есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті.



2.Қазақ- Ойрат өзара қатынасының саяси сипаты. Жоңғар хаңдығы Ресеймен бейбіт сауда жүргізгенімен, оның нығайып күшеюі Жоңғар хандығының кейбір мемлекеттермен бәсекелесуіне әкеп соқтырды. Патшалық Ресейдің, Циньдік Қытайдың эскпансионизмі Жоңғар хандығын Қазақ хандықтарымен күрес жүргізуіне итермеледі, сонымен бірге Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары жоңғар қонтайшыларының назарын аудармай қойған жоқ. Қазақ феодалдары мен жоңғар феодалдары арасындағы күрес әсіресе, XVIII ғасырдың басыңда күшейе түсті. Сөйіп XVIII ғасырдың 1710-1711 жылы жоңғар әскерлері Қазақ хандығының жеріне басып кірді. Қазақ жасақшылары басқыншыларға күшті тойтарыс берді. Жоңғар әскерлері 1713 жылы тағы да шабуылға шықты, бірақ олар қазақ жерінен қуылып тасталды. 1723 жылы жасалған Жоңғар-Қытай бітімі шарты жоңғарларды қазақтарға қарсы агрессия жасауға айдап салды. Агрессия 1723 жылы басталды да, қазақ халқына бүрын-сонды болмаған қайғы-қасірет әкелді.

Өзінің түпкі мақсатын жүзеге асыру үшін қонтайшы 1722 жылы алғаш Қытаймен келісім жасап алды. Ал келесі жылдын коктемінде қүмырсқадай қаптаған қалың қолын қазақ жеріне төкті. Қазақ халқының Жоңғариямен соғысындағы ең ауыр және ең қайғылы сәттер болды. Десекте, Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай, Өтеген және т.б. тандаулы жеке дара түлғалардың зор үйымдастырушылық дарын-қабілетінің, асқан ержүректігінің нәтижесінде қазақ халқы оздерінің үлттық тәуелсіздігін қорғап қана қоймай, ауыр шығынға үшыраса да қаһармандықпен қарсыласып, бірнеше рет күйрете соққы берді. Осы шайкастар барысында жаңа саңлақ батырлар Абылай, Барак, Жәнібек, Олжабай, Қабанбай тәрізді көптеген жанжүрек қолбасшылар жүртқа танылды. 1726 жылы Бұланты өзеніндегі қанды ұрыста, 1730 жьглы Аңырақайда болған жан-кешті шайқаста үш жүзден жиналған барлық қазақ жасақтары жоңғар әскерлерін ойсырата женді. Дәл осы соңғы 1730 жылы шығыстан жоңғар жеріне цинь әскерлері баса-коктеп кірді.

Бірақ қазақ қоғамының басында отырған игі жақсылар қазақ халқының ірі ескери жеңісінің жемістерін де және жоңғар-цинь соғысының бастауына байланысты қалыптасқан әскери-саяси жағдайдың тиімділігін де пайдалана алмады. Тіптен ірі жеңістен соң, жаңа Жоңғар ханы Қаддан-Царенмен келісім де жасамастан және соғысты толық жеңіске жеткізуге тырыспастан қазақтардың ел басылары Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Сәмеке және басқалар өз өскерлерін соғыс қимылдары алаңынан алып кетті. Мүның себебі, Болат ханның қайтыс болып, Орта жүздің жаңа ханының сайлауына байланысты игі жақсылар арасындағы озара кикілжің туа бастаған еді.

Халқының озі үшін де, Орта Азия халықтары үшін де қазақ ақсүйектерінің осы бас араздығы аса зор кымбатқа түсті. 1735 жылы Қытаймен келісім шарт жасаған Қалдан-Царен Ұлы жүз елінің жеріне басып кіріп, оны озіне қаратты. Арада бірнеше жыл салып, қаптаған қалың жоңғар Орта жүз жеріне де басып кірді. Жанкешті, асығыс жағдайда жиналған қазақ жасақтары соққыға үшырап талқаңдадды. Әбілмәмбет хан қуғыннан құтылу үшін Жайыққа қарай шегінді. Күші басым жаумен текетіресте сұлтандар мен старшиндардың едәуір болігі тұтқынға түсті.

Осы тұста сәл шегініс жасап айта кетер бір нәрсе: осы уақытқа дейін кеңес тарихнамасында Орта жүз бен Кіші жүз Жоңғар мемлекетінің ықпалында болды деген қате козқарас бар. Шындығына келсек, шайқастарда жеңіле тұрса Да жоне жаулаушы ойраттардың әлуметтік диштоматиялық Қысымына қарамастан Орта жүз бен Кіші жүз өздерінің мемлекеттік дербестігін өрқашанда сақтап қалғанын баса айтқан жон. Әрине, Әбілмәмбеттің және оның жақтаушы-ларының соғыс қимылдарын тоқтату және бейбіт келісімдер жасау туралы үсыныстарына Қалдан-Царен келісе тұрса да, Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарының игі жақсыларына ауыр шарттар қойды. Өзін Цабан-Рабданның Шоно-Лоузанның баласымын деп жариялап, Жоңғарияның шекаралық аудандарына жорықтар жасап жүрген, бүрын Башқүрттардың котерілісін басқарған, ал енді қазақ кошпелілер арасында жасырын жүрген Қарасақалды ұстап беруді және өз тұтқын-дарын босатуды талап етті. Қалдан-Царен сондай-ақ алымдар төлеуді және Қоқан бегінен соғысу үшін арнайы әскерлер беруді және тағы баска да талапты жүктеді.



Бұл талаптардың көпшілігі Орта және Кіші жүздің игі жақсыларының бас қосқан жиналысында (съезінде) ақыры қабылданбай тасталды. Рас, Әбілмәмбет хан мен ықпалды сұлтан Барақ қонтайшы ордасына өздерінің үлдарын жіберді. Бірақ, мүны олардың өздері, жеке бастары осылай ету қажет деп тапқандықтан ғана жасады, ал енді келісімге келсек, оған Қалдан-Царен 1743 жылы қол қойды. Бір қызығы ол келісімді Әбілмәмбет жіберген ресми делегациямен емес, өзінің тұтқыны болып отырған сұлтан Абылаймен жүргізді. Мүндағы гәп мынада: Абылай өзінің жеке басының ержүрек-тігімен, өткір ақылдылығымен қарсыласына бас имей өзін лайықты да тәкаппар ұстай білумен қонтайшыға зор әсер қалдырды. Абылайды тіптен ханның жиені Чарчуды жекпе-жек ұрыста өлтіргеніне қарамастан үлкен сый-сыяпатпен салтанатты жағдайда еліне шығарып салды. Бізге жеткен аңызға сенсек, Қалдан-Царен ол туралы: "Кіші халықты басқарады, бірақ үлкен халыққа лайық" деген екен деседі. Жоңғарлар басқа қазақ тұтқындарын да босатты. Бұл жерде Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің Жоңғарияның тұтқынынан Абылайды босатып алуды коздеген дипломатиялық әрекетін айтпай кетуге болмас. Бұл жұмысқа елші сұлтан Әбілпейіз (Әбілмәмбет ханның кенже ұлы) бастаған арнайы елшілік те мұрындық болды. Ол елшілік туралы И.И.Неплюев 1742 жылы 18 қарашада сенатқа хабарламасыңда: "Әбілмәмбет ханның озінің кенже ұлы Әбілпейіз сұлтанды аманат үшін емес бауыры Абылаймен кездесіп, оның басын арашалау үшін жібергенін" айтады. Бұл жерде ең басты қулықты жоңғар билеушісінің Қоқанға қарсы күреске қазақтың игі жақсы-ларын жұмылдыру үшін және Ресеймен арадағы қарым-қатынастың шүғыл нашарлап кетуіне байланысты "қайырымды" корінуге үмтылып отырғанын байқау да қиын емес. Қоқанға, оның одақтастары қырғыздарға және Ұлы жүздің кейбір басшы топтарына қарсы 1742 жылы басталған жорык Ойрат мемлекеттігінің оның Ұлы жүзге үстемдік етуіне мүмкіндік бермеді. Сан қилы айла-әрекетгер жасап, қанша Күш салса да Қалдан-Царенге Абылай да, басқа қазақ ақсү-йектері де оның Қоқанға қарсы күресіңде қолдаушы болып, көмек бере қоймады. Рас, сұлтан Барақ қонтайшының өтініші бойынша жауласушы екі жақты 1744 жылы өзара татулас-тыруға тырысып бақты, бірақ бұл да сәтсіз аяқталды.

XVIII ғасырдың 40 жылдарының орта шенінде Жоңғарияда дағдарыс белгілері айқын көрініс бере бастады. Қаһарлы қонтайшының 1745 жылы қайтыс болуы және хан тағына Қалдан-Цареннің ортаншы баласы кәмелетке толмаған, ақыл-есі делі-құлы Цабен-Доржының келуі мемлекеттің басынан кешіп жатқан қиыншылықты терендете түсті. Енді қазақ-жоңғар қарым-қатынасыңдағы бастама қазақ басшыларының қолына көшті. Ойрат ордасымен белсенді байланысты бүрынғысынша Абылай өз қолыңда ұстады. Ал енді жоңғарлардың Ұлы жүздің шын мәніндегі билеушісі Төле бимен қарым-қатынасы шиеленіскен күйі қалып қойды. Цабен-Доржының оған өз билігін мойындатпақ, бүрынғысынша алымдар жөне аманаттар алмақ болған әрекеттері де сәтсіз қалып отырды. Жас жоңғар ханының басын күрделі дипло-матиялық айламен Кіші жүз ханы Нұралы әбден қатырып бітті. Дегенмен де Қазақстанның басшы топтары Жоңғария-мен қарым-қатынаста біртүтас, үйлесімді, елдің жоне халықтың үлттық мүддесін көздейтін саясат жүргізе қойған жоқ. Әр жүз басшысы өз қалауынша әрекет жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет