Бақбергенов С.
Дина. Алматы, 1959, 10-б.
385
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанда концерт тәрізді жаңа музыканы
орындау формасы пайда болғанда эстрадаға күйлердің өздері ғана
көшірліп, олардың аңыздары тыс қалған. Өйткені концертте
музыканы қабылдауға ыңғайлы жағдайлар болғандықтан эстрадаға
аңыздардың көшірілуі керек емес болды. Қазіргі кездегі концерттік
орындау формасы тұрмыстан әдейі алыстаған түрінде музыканы таза
эстетикалық жағынан қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осындай
болмыстың әсерінен дәстүрлі қазақ қоғамында көшпелі өмір салттың
өзгешеліктеріне байланысты өзіне жеткілікті жеке орындау түріне
айнала алмайтын.
Әр
музыкалық
мәдениетте
қоғамдағы
музыкалық
шығармалардың болмысы белгіленеді. Бұл ғасырлар бойы заңды
түрде қалыптасатын формалар қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерінен
туындаса да, олардың толық қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық
мүмкіндіктермен байланысты болады.
Дәстүрлі-көшпелі
өмір
жағдайында
арнайы
жекеленген
концерттік орындау формаларының жеке түрде болмауынан олар
басқа әлеуметтік араласу формалармен тығыз байланыстарды
орнатуға себеп туғызды.
Қазақтарда дәстүрлі орындаушылықтың формалары тек қана
жеке түрде қалыптасқан. Ансамбльдік, вокалдық және аспаптық
формалардың болмағаны бұл өнер тек индивидуалды және
субъективті көріністерді бейнелейді деуге әрине болмайды. Өнердегі
индивидуалдылықтың және ұжымдылықтың өзара қарым-қатынасы
музыканы орындаудың түрімен емес, қоғамдық қарым-қатынастардың
дамуының деңгейімен белгіленеді. Көшпелі өмір салттан туындаған
жеке орындау түрі индивидуалды көріністерді бейнелеуге көптеген
мүмкіндік туғызған. Оның қасында осыған ұқсас көріністерді дәстүрлі
түрде дамыған басқа халықтардың ансамбльдік жүйелері қамти
алмаған. Жеке орындаушылықтың негізінде фольклордың дамуы
кәсіби өнердің пайда болуына әкелген болар. Өйткені жер
шаруашылығымен айналысқан халықтардың фольклорында жеке
орындауды қажет ететін жанрларда (батырлар жырларын, ертегілерді
айту) кәсібиліктің пайда болуы кездейсоқ құбылыс болған жоқ деп
ойлаймыз. Дегенмен, индивидуалдылықтың дамуына қоғамның әсері
зор екенін еске сала кетейік. Сондықтан қазақтың дәстүрлі өнерінің
жеке тұлғалары мен соңғы ғасырлардағы еуропалық композиторларын
салыстыруға болмайды. Оған қоса қазақтың музыка мәдениетінің
ауызекілігі оның индивидуалдығына ерекше әсер еткені белгілі.
Ауызекі дәстүрде алдымен жалпы заңдылықтар сақталып, содан
кейін ғана жеке индивидуалды белгілер көрінеді. Ауызекі
шығармашылықтың
практикасында
қабылдаушылардың
есту
386
қабілетінің тәжірибесіне сәйкестілік жазба мәдениетке қарағанда
басты рөл атқарады. Шығармалардың ауызекі түрде таралуы олардың
индивидуалды белгілерін азайтады. Көптеген күйшілер күйлерді
орындаған сайын оларға өзгерістер енгізіп отыратын. Кейде бұл
өзгерістердің нәтижесінде авторлық нұсқаға ұқсас варианттар пайда
болатын, кейде күйлер күрделендіре түсетін, бірақ қазіргі жағдаймен
салыстырғанда күйлер бір күйшіден басқа күйшіге ауысқанда
жеңілдетіліп, қарапайымдылық жағына өзгеретін. Мысалы, Динаның
шығармаларының жарқын өзгешелігі – оның индивидуалдық ой
жүйесі мен орындаушылық мәнерімен қатар, оның қайталанбас
техникасының
қолтаңбасы.
Динаның
ойнағанын
замандас
орындаушылардың ешқайсысы қайталай алмайтын (оның ұстазы
Құрманғазыдан басқа). Динаның күйлері, егер оның орындауында
таспаға жазылмаса, музыканттардың бір ұрпағынан өтіп, нотаға
түсірілмесе – олар жеңілдетіліп, индивидуалды белгілерін жоғалтатын
еді. Домбыра өнерінде Динаның шығармашылығы индивидуалды
стильдің ең биік шыңдарының бірі болып табылатының себебі – оның
күйлері автордың өз орындауында жазылғандықтан болар.
Қазақтың дәстүрлі кәсіби мәдениетінде жоғары дамыған
индивидуалдық шығармашылық пен индивидуалды белгілерді жоюға
бағытталған күйлердің таралу формасы арасында қайшылық көрінеді.
Ноталық жазба болмаған жағдайда мұндай қайшылықтар кәсіби
музыка мен фольклордың арасындағы шекараларды кетіретін.
Шынымен, қазақтың музыка мәдениетінде Еуропамен салыстырғанда
индивидуалдық белгілер анық көрінбейді. Аспаптық музыкада
күйлердің композициялық, аппликатуралық, штрихтік ерекшеліктерін
нығайтқан әр алуан терминология, аспаптың тұрақты құрылымы
күйлердің индивидуалды ерекшеліктерін сақтауға көмек болған. Ал
вокалдық музыкада орындаушылық тәсілдердің бірегейлігі аспаптық
музыкадағыдай
болмағандықтан,
шығармалардың
өзгерістерін
туындытатын.
Бұл қайшылықтарды кәсіби мәдениеттің өкілдерінің өздері де
түсінетін. Олардың кейбіреулері өз шығармаларының бұзылмауын
қалап, басқа домбырашылар үйрене алмасын деп әр түрлі шаралар
қолданатын. Бірақ ондай домбырашылар бірең-сараң болмаса көп
кездеспейтін. Керісінше, атақты домбырашылардың көбісі дарынды
жастарды тәрбиелеуге уақытын бөліп, өзінің шеберлігі мен
репертуарын неғұрлым толық түрінде үйретуге тырысатын. Өнерді
кәсіби түрде үйрету жүйесі – ауызекілігіне қарамастан оны
шығарушылардың индивидуалды тәжірибесін сақтап, дамытуға әсер
ететін маңызды фактор.
387
Аңыздарда көрініс табатын музыка мәдениетінің эстетикасы
қоғам мен музыканттардың өз өнеріне қойған талаптары туралы дерек
береді. Адамдардың рухын көтеріп, қайғысына ортақтасып, белгілі
өмірдің бір жағдайына дереу ән немесе күй шығарып, шынайы
адамның немесе жыр батырының батылдығын, ерліктерін,
парасаттылығын, ақылын, оның жан серігі – жылқысын мадақтап,
сараңдылықты, надандықты, қоян жүректілікті келекелеу сияқты
қасиеттері жоғары бағаланған. Сонымен қатар ән немесе күйді бір
ойнағаннан үйреніп алу музыканттың дарындылығын көрсететін
шеберлік ретінде саналатын. Музыканттар туралы көптеген
аңыздардың мазмұнында олардың шығармаларының индивидуалды
ерекшеліктеріне назар аударатын аңыздар кездеспейді. Олардың
ішінде егер музыкант белгілі бір нұсқаға ұқсатып күй шығарса да
индивидуалды орындаушылықтың ерекшеліктері туралы сөз
қозғалмайды.
Шығармашылық ұғымының жоспарсыз, кенеттен пайда болуын
ескере отырып, оның қалай ойға келуін, оны шешу жолын табуын,
іске асыру қиындығы, яғни индивидуалды шығармашылық
ізденістерді
қамтымайтыны
белгілі.
Мұндай
түсініктемеде
шығармашылық музыканттың белгілі әрекетінің нәтижесі емес, оған
сырттан кірген күштердің әсері деп саналатын
1
. Сондай-ақ, жақсы
музыкант болғысы келген адамдар бірнеше жолдардың қиылысқан
жерінде түнеу керек деген ұғымдар осы қатарды жалғастырады.
Осындай көзқарастар бойынша шығармашылықтың пайда болуы
адамның күші келмейтін, тылсым дүниенің әсерінен болады деген
сенімдердің салдарынан күйшінің индивидуалды үлесінің маңызына
назар аударылмаған. Мысалы, айтыстарда ақын өзінің руын, дауысын,
шеберлігін, суырыпсалмалығын, көптеген жеңістерін мадақтау
дәстүрі болса, ал оның шығармашылығының жеке индивидуалды
қайталанбастығы туралы сөз қозғалмайтын. Қоғамның өзі де
индивидуалдылықты
жоғары
бағаламаған,
сондықтан
музыканттардың өздері оған жетемін деп тырыспаған.
Дегенмен, атақты күйшілер мен әншілердің шығармашылығы
жарқын өзгешеліктеріне бай болып, ғасырлар өткен сайын өз
ерекшеліктерін сақтап қалған. Мысалы, Мұхиттің, т.б. стилі – жарқын
және дереу танылады, өзінің сұлулығымен, төлтумалығымен
сипатталады.
Ауызекі
мәдениет
жағдайында
суырыпсалмалық
пен
орындаушылық мәнері арқылы индивидуалдықтың белгілері
танылады. Домбыра өнеріндегі суырыпсалмалылық ғасырлар бойы
рациональды схемалардың жүйесінде форманы құратын үрдістерге
1
Мұндай ұғымдардың генезисы бақсы идеологиясынан тамыр алады.
388
бағынатын. Суырыпсалмалықтың нәтижесінде күйлердің бірнеше
варианттары пайда болғаны заңды құбылыс. Күйлердің бірнеше
түрлері болғандығы бұл кәсіби өнерді фольклорға жақындатады.
Еуропаның жазба мәдениетімен салыстырғанда күй өнерінде
көркемдік бейнені құру үшін суырыпсалмалық пен орындау мәнерінің
маңызы
басым
болатын.
Әр
түрлі
композиторлардың
шығармаларының
индивидуалдық
өзгешеліктері
олардың
шығармаларын нотаға түсіргенде анық көрінбейді, ал сол музыканы
тыңдағанда айырмашылығы дереу естіліп те, көрініп те тұрады.
Кәсіби күйші өз шығармашылығында жеке индивидуалдық орындау
мәнері мен суырыпсалмалылықты дамытуға талпынатын, өйткені ол
көбінесе композитор да, орындаушы да болған. Домбыра өнерінде
суырып салмалылық үш деңгейде көрінеді: авторлық, авторлық-
орындаушылық және орындаушылық тұрғыларынан
1
. Еуропалық
музыка мәдениетінде ХІХ ғасырда суырыпсалмалық бірінші екі
деңгейде маңызын жоғалта бастаса, ал домбыра музыкасында оның
үш деңгейі дамыған
2
.
Домбыра музыкасының ауызекі дәстүрімен байланысты тағы бір
белгісі – домбыра күйлерінің ұзақ уақытқа созылмайтын формалары.
Домбыра
күйлерінің
кішігірім
формаларының
ауқымында
толыққанды, үйлесімді шығарма құрылады. Ең ұзақ деген күйлерінің
өзі уақытқа қарағанда алты минуттан аспайды. Күйлердің орташа
формалары олардың бейнелік мазмұнымен де байланысты, өйткені
көбінесе бір күйде бір музыкалық бейне көрініс тауып, контраст
кездеспейді. Мұндай құбылыс байырғы аңыз-күйлерде орын алған,
онда бірнеше әр түрлі бейнелер дамымай бірінен кейін бірі өзгеріссіз
кезектеседі. Ал бір күйде бірнеше образдардың дамуы ХІХ-ХХ
ғасырларда
бір-екі
ерекше
дарынды
композиторлардың
шығармашылығында кездеседі. Бірақ көрсетілген ерекшеліктер жалпы
дәстүрлі өнердің бейнелі жүйесіне онша әсер тигізбеген. Оның
бейнелі амплитудасы өте кең – жеке адамның ой-армандарынан
философиялық терең пайымдауға дейін, қарапайым би элементтерінен
бүкіл халықтың қозғалыстарына дейін, табиғат дыбыстарына
еліктеуден терең ой толғауларға дейін суреттейді.
Бұл өнерде көшпелі өмір салтымен байланысты тұрақты
семантика қалыптасқан. Мысалы, халықтың өмірін суреттейтін
1
Бұл туралы толығырақ келесі жұмысты қараңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |