«ҚазақТЫҢ жеті кереметінің бірі киелі домбыра» Зерттеу жобасын дайындаған



бет6/6
Дата03.06.2023
өлшемі35,25 Kb.
#178183
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Домбыра жеке тапсырма
лаураа, e11a14bf7a6f42fb85873ad20c94e80c, Document (6), Ұлым саған айтамын, СҒЗЖ, Экология-2 АБ, Praktika-Tarih-kaz (1)
3. Қорытынды
Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады: 
1. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда еліміздің ғажайып заттарының, асыл мұралардың тарихымен таныстым. 
2. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық патриоттық тәрбие алдым. 
3. Ақпарат жинақтап, қажеттісін пайдалануды үйрендім, өз бойымдағы шығармашылық белсенділікті, қиялдау және әсемдікті қабылдау қасиеттерімді дамыттым. 
4. Мен сияқты оқушыларды таңдандырып жүрген талай сұрақтарға жауап табуға болатынын түсіндім және өзім білгенімді мектепте бірге оқитын басқа балаларға жеткіздім. 
5. «Сыр сандық» атты өзімнің арман – жобамды жасадым. 

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. «Әлемнің ұлы кереметтері», Энциклопедия, Рассел Эш 
2. Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде». 
3. «Ежелгі Қазақстан», Энциклопедия, Т. Жұмаханов және т.б. 
4. “Зерек”, Алматы, “Өнер” баспасы, 1991 ж. 
5. Халық мұрасы, Сәбит Мұқанов, Алматы «Жазушы», 2005 
5. Интернет беттерінен ақпараттар, суреттер. 

Жетекші маман рецензиясы: 

7 «Ә» сынып оқушысы Бұғыбай Әлияның таңдаған «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбы кез келген өскелең ұрпақты қызықтыратын өзекті тақырып. 
Жобаның мақсаты: «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған “Домбыра” құпиясын зерттеп, сырына қанығу». Қойылған мақсат-міндеттерінің ерекшелігі, оқушының оқулықта берілетін ықшамдалған материалды одан әрі оқып-білуге қызғушылығы мен ізденушілік қабілеті болып табылады. 
Оқушы ең алдымен жобаның теориялық негізін түсіну үшін қазақтың жеті кереметін анықтап алып, олардың тарихын оқып, суреттерін тауып танысты. Бұл жобаның тақырыбы тарих саласымен және қоршаған дүниені тану саласымен тығыз байланысты болғандықтан оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын дамытуға тигізер пайдасы зор. 
Жобаның практикалық бөлімінде мұғалімнің кеңесімен жұмыстың мазмұнын түсініп, өздігінен ізденуге ұмтылды. Қорғау кезінде материалды жеңіл меңгергенін көрсетті, мәнін түсінікті жеткізе білді. 
Жобаның тиімділігі - баланы туған өлке тарихын құрметтеуге, әсемдікті бағалауға, заманға сай жаңашылдыққа баулиды. Әлия осы жоба бойынша жұмыс істеу барысында өз арман-тілектерін білдіріп, өз қиялын ашып көрсете бастады. Әр түрлі ұлттық аспаптарға қызығып, домбырамен ән айтуды алдына мақсат етіп қойды. 
Жас ұрпақтың заманауи білім алған, жан-жақты дамыған тұлға болып өсуі үшін тигізер әсері көп, мазмұны терең, ашылар құпиясы мол, шығармашылық дағдысын дамытатын аса тиімді жоба деп санаймын. 


Жоба жетекшісі:
Нұр –Сұлтан қаласы №18 орта мектеп
география пәні мұғалімі Тажиева А.К.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет