«ҚазақТЫҢ жеті кереметінің бірі киелі домбыра» Зерттеу жобасын дайындаған



бет5/6
Дата03.06.2023
өлшемі35,25 Kb.
#178183
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Домбыра жеке тапсырма
лаураа, e11a14bf7a6f42fb85873ad20c94e80c, Document (6), Ұлым саған айтамын, СҒЗЖ, Экология-2 АБ, Praktika-Tarih-kaz (1)
2.5. 1 шілде-Ұлттық домбыра күні
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа мереке, яғни Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын.
2018 жылдың 1 шілде кұні Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өттті
Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантты. Менде менің отбасымда ерекше қуандық. Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білемін
Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін елордадағы Астанадағы Қазақ елі монументі алдында 3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындағанын теледидардан қуана да қызыға да тамашаладым.
Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыраны биыл бүкіл ел болып тойлады. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттәмбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ.
Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналады.
Қазақ жерінен жеті ғана емес, жетпіс керемет табылатына сенемін.
Тек оны кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастар, біздің еншімізде.


3. Практикалық бөлім 
Домбыраға қатысты кез келген ақпаратты жинадым. Кітаптарды оқып, теледидардан сан рет тамашаладым. Қолына қалам-қарындаш ала бастағаннан-ақ домбыра суретін салмаған бала жоқ шығар.
Оқушылар суретін салады, ермексаздан немесе сымнан макетін жасап шығарады. Мен де өлең айтуды, өзім домбыра тартып үйренуді алдыма мақсат етіп қойдым. Жетекшілерімнің көмегімен «Домбыраның» макетін жасап шығардық.
Бұл менің бала қиялымдағы кішкентай домбыра болып шықты.
Осы жұмыс кезінде мен өзімнің шағын ауылымда да бір ғажайып керемет болса деп армандадым. Сол үшін «Сыр сандық» деген қиял-жобамды ойға алдым, макетін жасап көрдім. 
Жеті жетекші 
Адамның басшысы – ақыл, 
Жетекшісі – талап, 
Жолаушысы – ой, 
Жолдасы – кәсіп, 
Қорғаны – сабыр, 
Қорғаушысы – мінез, 
Сынаушысы – халық. 
Басқа балалар сияқты менің де армандарым көп. Бүгін мен Сіздерге өзімнің арман – жобамды ұсынамын. 
Мен киелі, де қасиетті Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сенек ауылында тудым. Мен әліде сол ауылда тұрамын.
Ата-анаммен қалаға келгенде көрмеген нәрселерімді көріп таң қалатынмын. Сол кезде біздің ауылда да балалар демалатын орындар болса ғой деп армандайтынмын.
Қазір де «Бәйтерек» сияқты алып ғимарат болмаса да, мектеп қасында ауыл балалары демалатын, қызықтайтын пішіні сандыққа ұқсас ғимарат болса деп армандаймын. Себебі, қалаға балаларын апаруға барлық ата-аналардың мүмкіндігі бола бермейді. Кейде уақыт та болмайды. 
Пішіні сандық сияқты дейтінім: сандыққа әжелер неше түрліні салып қояды ғой. Бұл ғимарат ішінде де балалар таң қалатын нәрселер болса. Ғимарат екі қабаттан тұратын болса. Оның ішінде бірінші қабатта ойын бөлмесі, күлкі бөлмесі, демалатын орын, оның жанында субұрқақ (фонтан) тұрса, асхана, спорт залы болса. Екінші қабатта қорқыныш бөлмесі, 3D көретін бөлме, караокемен ән айтатын бөлме орналасса. Мектеп жанында осындай ғимарат болса, ол ақылы болса да ауыл балалары оған күнде келер еді. 
Қария мен жас жігіт арасындағы әңгіме. 
- Арман деген не? – депті қария. 
- Ата, арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді. 
- Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – депті қарт. 
Менің армандарым өте көп. Соның бірі – ауылымызда осындай болса деген арман. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет