Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



бет3/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Алғы сөз
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, «Балапан» бағдарламасы негізінде елімізде көптеген балабақшалар ашылуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үрдісі балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыруда,балалардың мінез – құлықын қалыптастыруда , ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның рөлі ерекше. Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Осы негізде алға қойған мақсат – балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарында қазақтың ұлттық ойындарын тиімді қолдана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, ой- өрісін кеңейту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының бағыты
«Әр баланың талабын, бейімділігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшіліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны бастауыш білім беру бағдарламасын даярлауға бағдарланады» деп анықталған.
Ұлттық ойындарды іс-әректімізде қолдана отырып, балалар шыдамдылыққа, ұстамдылыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа үйренеді.
Қарастырылып отырған әдістемелік көмекші құралда ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі мазмұнына баса назар аударып, қозғалыс әдеттерін жетілдіру әдіс-тәсілдері, қалалық ашық сабақтар өткізілген материалдар және сабаққа қолданатын картотека ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет