Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдану ерекшеліктері



бет7/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдану ерекшеліктері
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы баланы білім алуға, іс-әрекетіне қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері балалардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық топтағы балалар қатысады. Тапсырмадағы белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана баланың орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.
Жалпы білім беретін балабақшада ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: 10 көлеміндегі қосу және азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған балаға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы балалар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады .Мектепке деінгі жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
«Көрші-көрші» ойынының мақсаты 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру. Яғни, тәрбиеші бір санды атайды, «Жеті» дейді жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң тәрбиеші бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. 6,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8 т.с.с.
Алайда, ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.
Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан, жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін байқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса айтыста жеңілген болып табылады. .
Жалпы қорытындылай келе, мектепке дейінгі мекемеде математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - балалардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сеніміміз мол.
Ұлт С.Рахметова тіл дамыту сабақтарында көркем шығармалардың балаларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен,
еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге,
адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа,
кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
4. Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқап біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін кадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру,тілін одан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық
күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар
достығы рухында қалыптастыру;
7. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлык нормаларына үйрету;
8. Еңбекке кызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Демек, сабақтарында дидактикалық ойындарды балаларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:
1. Балаларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда
жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту
барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы балалардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы балаларға шешендік сөздерді үйретіп,олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
2. Балаларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Тіл дамыту және көркем әдебиет сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы балаларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Мәселен, қазақ халқының киелі сандарымен таныстыру. Сабақта сандардың қасиетті екенін түсіндіріп, ұқыптылыққа, сыпайлыққа, ұжымдықпен жұмыс істеуге тәрбие беру көзделеді. Сабақ көрнекілігіне жеті басты жылан, аты жазылған карточкалар, асықтар, теңгелер, жеті жолақ, ғажайып алау барабанын, жануарлар суретін пайдалануға болады.
Мысалы: 3, 4, 5-ке немесе 7-ге байланысты ойын түрлері.
1. «Асық» ойыны. 4 санының қадір-қасиеттерін атау.
(Төрт мүлік, төрт тұлға, төрт құбыла, төрт маусым, төрт бұрыш, төрт түлік.)
2. "Қол күрес" білім сайысы. Сан есімді қайталауға арналған тапсырмалар.
(Үш із, үш арсыз, үш байлық, үш қазына, үш мақсат, үш қадірсіз, үш көз, үш тоқтам, үш жүз, үш тәтті, үш қуат, үш жұрт жөнінде)
3. "Арқан тартыс" ойыны. (Бес қару, бес борыш, бес жаратылыс, бес қатер жөнінде)
4. Логикалық ойыны. Тақтада үш түрлі тақырып бойынша үш деңгейлік тапсырмалар ілулі тұр. Ұлттық ойындарға, ұлттық тағамдарға, ұлттық киімдер жайлы тапсырмалар.
5. «Ғажайып алаң» ойыны. Суреттерге байланысты тапсырмаларды орындайды.
6. «Адасқан әріптер» ойыны. Сөздеріне қарай балалар қай әріп екенін табады.
7. «Теңге алу» ойыны. Тыйым сөздерді айту.
1) Ұмытып кет...: есікті теп..!
2) Ізет танытып, әдепті сақта да, жатқан кісінің үстінен атта...!
3) Құр бекерге ермекке, бос бесікті тербет...
4) Шаршасаң сәл аялда, бірақ та жер таян...
5) Ұлттық салттан бұлжы..., жұма күні кір жұма.
6) Қашанда болсын есте, үлкеннің алдын кес...!
7) Өзім құмын де..., кісі ақысын же...!
8. «Құрақ құрау» ойыны. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің ретін білу, сол бойынша жасырылған сөзді табу.
9. «Қатеңді тап». Есте сақтау қабілетін дамыту.
10. «Көкпар» ойыны. Балалар сабақта, саяхатта, серуенде көргендерін, білгендерін еске түсіріп, сөйлемдерді аяқтайды.
Менің көргенім ....
Менің түсінгенім ...
Менің ойымша ....
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен балаларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл балалардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.
Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.
Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.
Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.
Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму үрдісінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.
«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.
Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет