Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі3,86 Mb.
#7115
1   2   3   4   5   6   7   8

Асықтар мен оюлар
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан асығы мен оюын қолдарына еркін ұстап көру. Түстерге ден қою. Оюдың артында жасырынған сөзді оқып, соған толық жауап беру. Ұлттық ерекшеліктеріді, салт-дәстүрін білуге үйрету, тілдерін еркін дамытуға үлкен үлесін қосатын ойын түрі. Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бес баланың көзін байлап, қолындағы асықтарды түсін айтады. Тәрбиеші сол асықтың түсіне ұқсас оюды тауып әкелуін өтінеді. Оның артында мынандай сөздер болады:

Қызыл ою – ұлттық бас киім,

Сары ою – жеті қазына,

Көк ою – жеті қару,

Жасыл ою – қазақтың үш биі,

Қоңыр ою – төрт түлік.



Әр бала өз қолындағы асықтың түсіне қарап, оюдағы сөздердерге жауап береді. Бұл ойынды өз тәжірбиемнен қосып отырмын. Балалардың қазақ тілінде оқыту тәсілдеріне үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.

Теңге алу

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбық мінеді.

Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай шұңқыр қазылады. Шұңқырға 10-10 тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнелді. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді да тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

Тақия тастау

Балалар шеңбер жасап кілемшенің үстіне отырады. Ойынға бірнеше бала қатысады. Бір бала шығып, қолына тақия ұстап, мына өлең жолдарын айтады:

Аспаймын, саспаймын!

Шеңберді айнала бастаймын!

Біреудің тұсына келгенде,

Білдіртпей тақия тастаймын!



Егер тастаған бала сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек, жүргізуші бос орынға келіп отыра қалады. Қолында тақия бар бала ойынды әрі қарай әндетіп жалғастыра береді.


Қамшы тастау

Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.

Ойынның көрнекті құралдары: Қамшы.

Ойынның мазмұны: Ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші өлең жолдарын айтады.

Аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біреудің тұсына келгенде,

Білдіртпей қамшы тастаймын.

Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.



Аш қасқыр
Ойынның шарты: Ойынға 10-15 бала қатысуға болады. Ойыншылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойыншылар – қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқардың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі.
Қыз қуу
Ойын жүргізуші арасы екі шақырымдай жерде көмбе белгілейді. Аттың орнына шыбық ат пайдаланылады. Қыз бала атпен бір көмбеден екінші көмбеге қарай шабады. Ер бала қыз баланы көмбеге жеткізбей, қуып жетуі керек. Егер қуып жете алмаса, келесі көмбеге дейін қыз бала ер баланы қуады.

Көріп қалса білдірмей,

Жақындай түс бір-бірлей.

Тез арада жет дағы ала қаш



Өзгелер қалсын үлгермей.


Қазақша күрес

Ойын алаңының ортасына кілем төселеді.ортаға екі бала шығып күш сынасады. Белбеу арқылы біреуі екіншісіне кілем үстіне құлатып, жауырынын жерге тигізу керек. Жауырыны жерге тиген ойыншы жеңілген болып есептеледі. Күрес кезінде әдіс-айла төбелеске ұқсамау керектігін ойын жүргізуші қатаң бақылау керек.

Топ ішінде ойналар,

Шағыны да болады.

Кімдік көп айналар

Бәйгені сол алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет