Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.
3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.
Әдебиеттер:
1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973
2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968.
3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10
5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. А.,1993, 18-20 3. 6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2010ж
№12 Дәрістің тақырыбы: Пунктуация мәселелері.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Пунктуация туралы түсінік.
2. Пунктуация мәселелері.
3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.
Жазба тіліміздің материалдык, элемент саналатын пунктуация — жазба тілдің 6ip белгісі. Жазба тіл кажеттіктен пайда болса, жазудыц шартты белгісі пунктуация да жазумен байланысты шығып дамып келеді Жазусыз пунктуация жок. Пунктуациясыз жазу да сауатты, түсінікті болмайды. Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды. Тыныс белгілерін белгілі бір ережеге, негізге сүйеніп қоймаса, пунктуациялық сауаттылық саналы меңгерілмейді. Пунктуацияның осы бір мәселесіне онша көңіл бөлмегендіктен, мән берілмейтіндіктен көркем шығармаларда, газет-журналдарда және оқушылардың жазба жұмыстарында пунктуациялық сауатсыздық орфографиялық сауатсыздықтан әр уақыт асып түсіп отырады.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары» туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рольін бағалауы дұрыс.
Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы - «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға» арналған.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Пунктуация туралы түсінік.
2. Пунктуация мәселелері.
3.Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№13. Дәрістің тақырыбы: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі.
Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.
Талдау реті:
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
3.Тасымал.
4.Екпін.
5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:
К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.
А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№14Дәрістің тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері.
Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері жайлы толық түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені
күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз
сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.
Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.
Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.
Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес
келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.
Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975
№15 Дәрістің тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Мақсаты:
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласының зерттелуі туралы.
2. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.
Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.
Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
3. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектері.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -А., 1975.
№1 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы.
Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі курсының объектісі мен міндеті, көлемі мен жіктелетін салалары жайында мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары.
3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
1.Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.
«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.»
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін айқындауды мақсат етеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) деген кітаптарын атап өтуге болар еді. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Фонетика қандай салалардан тұрады?
3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989
4.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. -А., 1975.
№2 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыс, әріп, фонема. Фонема туралы түсінік, көзқарастар.
Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс, әріп, фонема туралы түсінік, көзқарастарға тоқталу. Фонемалардың негізгі функциясы, қызметі жайлы мағлұмат беру. Фонема , аллофон дегеніміз не ,- деген сұрақтар төңірегінде әңгімелеу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Дыбыс, әріп, фонемалар туралы түсінік.
2.Фонема туралы түсінік, көзқарастар.
3.Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар.
Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кездеседі: шын тіл-жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу.
Дұрысы, жазудан гөрі айту әлдеқайда маңызды. Басқаны айтпағанда, әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Олай болатыны, сөздің өмір сүру формасы- дыбыс. Әріп-сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әр түрлі (мәселен, д, d, т.б.) өрнектей беруге болады.
Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі. Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар.
Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан(ат, от), бірде жіңішке(ет, өт), бірде еріндік(от,өт), бірде езулік(ат, ет) болып, әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон(гр.allos-басқа)деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады.
Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған-орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған. Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист – орыс ғалымы Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Оның фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л.В. Щерба болды. Л.В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Әріп пен дыбыстың қандай айырмашылығы бар? Олардың өзара қарым-қатынасы жайлы не айтуға болады?
2.Фонема дегеніміз не?
3.Фонема туралы ілімнің негізін салушы кім?
4.Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі қалай аталады?
Әдебиеттер:
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы.- А.,2004.
2.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А., 1994.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002.
4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962.
5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. -А., 1989.
6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А., 1975.
№3 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі.
Мақсаты: Сөйлеу дыбыстарын қарастырудың үш аспектісі жайлы жан-жақты түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Анатомия – физиологиялық аспект дегеніміз не?
2.Акустикалық аспект дегеніміз не?
3. Лингвистикалық аспект дегеніміз не?
Анатомия – физиологиялық аспект.Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырңан орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналақан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл – әрекетіне негізделген.Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозгалыс жасайды. Олар: тіл,ерін, жұмсақ таңдай, бқбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдеи болмайды.оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады.Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысыеда тосқауылға ұшырауынан пайда болады.
Акустикалық аспект.Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір – бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Лингвистикалық аспект. Қарым – қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана өмір сүреді. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық, қүбылытар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвитикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінін табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары:
1.Дыбысты қарастырудың қанадай аспектілері бар?
2.Анатомиялық – физиологиялық аспектіге қандай анықтама бересің?
3.Акустикалық және лингвистикалық аспектінің сипаттамалары.
4.Тембр деген не?
5.Сөйлеу аппаратына нелер жатады?
Әдебиеттер:
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. –А.,2004.
2.К. Аханов. Тіл білімінің негізері. –А., 1997.
3.Х. Досмұхамедов. Аламан. –А.,1994.
4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.-А.,1962.
5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989.
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.-А., 1975.
№4 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары. Дауысты және дауыссыз фонемалар.
Мақсаты: Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары туралы ұғым беру. Дауысты, дауыссыз фонемалардың топтастырылуына тоқталу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Фонемаларды топтастырудың ұстанымдары.
2. Дауысты фонемалардың топтастырылуы.
3.Дауыссыз фонемалардың топтастырылуы.
Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі .Дауыстылар мен дауыссыздар. Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар және ызың дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді.
Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм деп те аталады.Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі қалай аталады?
2.Фонетика қандай салалардан тұрады?
3. Тіл білімінің арнаулы бір саласы?
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989
4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.,1975.
5.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б.
6.Жунісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б.
№5 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Буын. Буынның жасалуы, түрлері. Буын және тасымал.
Мақсаты: Фонетика аясында қаралатын буын, буынның жасалуы,буын және тасымал жайлы кеңінен мағлұмат беру. Қазіргі қазақ тіліндегі буындардың дыбыстық құрамы, буынның түрлері туралы жан-жақты мәлімет беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
Буын және оның түрлері.
Буынның жасалуы.
Буын және тасымал мәселелері.
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны.
Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.
Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді.
Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі;
Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла;
Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт;
Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт
Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт;
Алты дыбысты: спектр, спринт.
Буынның түрлері:
Ашық буын- жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.
Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1.Буынның жалпы сипаттамасы мен өзіндік қасиеттері;
2. Буынның түрлері, олардың қасиеттері мен дыбыстық құрамы;
3.Сөздердің буын құрамы;
4.Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай бөлінуі;
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,1973,1977,1993, 2002
2.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А. 1989
3. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –А., 1975.
№6 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Екпін туралы түсінік. Екпіннің түрлері.
Мақсаты: Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және олардың бір-бірінен айырмашылығы. Сөз екпіні оның түрлері. қазақтың төл сөздері мен халықаралық сөздердегі негізгі және квантитатив сөз екпіндері.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Екпін (акцентуация).
2.Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.
3.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.
4.Екпінге қатысты Н.А. Басқақов пен А.Н.Коноковтың пікірі.
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратып тұрады. (Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок (құлып), мука (азап) - мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады. Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Екпін (акцентуация). Оның басты түрлері: ой екпіні және инверсия, көңіл-күй екпіні, сөз екпіні және т.б.олардың бір-бірінен айырмашылығы.
2.Екпіннің басқа тілдердегі атқарған орны.
3.Сөз екпіні оның түрлері.
Әдебиеттер:
1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).- А., 1962.
2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1986,1986,1993.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.- А., 1992.
4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. –А.,1999.
№7. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер.
Мақсаты:Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері:(игерулі, шектік, игерусіз)жайлы айта келіп, олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Дыбыс өзгерістерінің басты түрлері: игерулі, шектік, игерусіз.
2. Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері.
3. Дыбыс өзгерістерінің басты түрлерінің өзіндік ерекшеліктері.
Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекр т.б. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Игерулі, шектік, игерусіз өзгерістер туралы түсінік.
2.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері.
3. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-А., 2000, 2004.
2.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А., 1988.
3.Қазақ граматикасы.- А., 2002.
4.Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы.-А.,2004.
5.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
7.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 20
№8. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Сингармонизм заңы. Тіл үндестігі.Ерін үндестігі.
Мақсаты: Түркологияда ертелі – кеш айтылып келе жатқан ұлы заң сингорманизм мәселесіне ерекше назар аударту, айтылған пікірлерді сипаттап қорытынды шығару, қазақ тіліндегі және өзге тілдердегі сингармонизм заңына шолу жасау.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Үндестік заңы туралы түсінік.
2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері.
3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар.
3.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері.
Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылып барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.
Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик
I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1.Сингармонизм заңы туралы түсінік.
2. Сингармонизмнің тіл үндестігі мен ерін үндестігі атты түрлері.
3. Ерін үндестігі жайлы көзқарастар.
4.Өзге тілдердегі сингармонизм заңының өзіндік ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А.,1989
4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№9 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Ықпалдың түрлері. Ассимиляция құбылысы.
Мақсаты:Студенттерге дыбыстардың өзара үндесуі және ықпалдың түрлері туралы айта келе, ассимиляция құбылысы жайлы түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Ықпалдың түрлері.
2.Ассимиляция құбылысы туралы түсінік.
Әр тілдің фонетикасында өзіне тән заңдылықтары болады. Түркі тілінде (қазақ) ондай заңның ең маңыздысы-үндестік заңы. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикалық-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингорманизм деп аталады да, дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде сингармонизм де ассимиляцияның бір түрі ретінде қарастырылады.Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі,игеруі.2.Кейінді ықпал-алдыңғы ықпалға қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етіп, игеруі.Мысалы,тарағы (тарақы) т.б.Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерілі-кейінді әсері.Мысалы,қаңғызыл(қан қызыл)т.б.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Дыбыс үндестігінің түрлері.
2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі қалай аталады?
3.Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өзара үндесуі.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
№10. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық басқа үдерістер.
Мақсаты: Фонетикалық басқа үдерістердің басты түрлері жайлы айта келіп, олар туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы.
2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы.
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық басқа үдерістердің бірсыпырасы ассимиляция мен диссимиляцияға негізделеді.Оларға мыналар жатады:
Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.
Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.
Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.
Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.
Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.
Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.
Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Фонетикалық басқа үдерістер туралы.
2. Диэреза, эпентеза, протеза, эпитеза, апокопа, метатеза т.б. құбылыстар туралы.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
№11 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ орфоэпиясының жай-күйі.
Мақсаты: Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қоюды игерту.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердің терең меңгерілуі.
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды.
Қазіргі фонетика сөздің дыбыстық жағын екіге топтап карастырады. Бірінші топта: 1) дыбыстар, 2) фонетикалық сөз, 3) буын, 4) сөйлем, 5) текст.Екінші жағынан: сөз екпіні, интонация, дауыс ырғақтарының элементтері, оған жататындар: сөздің сазы, сарындылығы (тонның жоғарылығы мен төмендігі), сөздің қаркыны (күштілігі мен әлсіздігі), темпі (жылдам және баяулық), сөздің тембрі (дыбыстық рең, сөздің эмоциональдық реңдері), екпін (буынға түсетін екпін, сөздің екпіні, сөйлемнің екпіні т.б.). Тілде адамдардың қарым-қатынас құралы ретінде бұл екеуі бірлікте қарастырылады.
Дұрыс сөйлеу нормасы негізінен мына сияқты тілдік объектілерді терең меңгеруге байланысты болады: біріншіден, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс сөйлеу үшін үндестік заңын, яғни біріккен сөзбен сөз тіркестерінің аралығындағы дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін, ықпалын терең меңгеру керек. Мысалы, Көпжасар - Көбжасар, ала қарға - алағарға т.б. Екіншіден, дұрыс сөйлеу үшін сөз екпінін, буын түрлері мен тасымал заңдарын білудін маңызы зор. Үшіншіден, жеке сөздер мен сөз тіркестерін және сөйлемдерді берілетін ойына лайықты айту мен оқи білуді игеру қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Орфоэпиялық дағдылардың тілімізде алатын орны.
2. Дұрыс сөйлеу нормасына қажетті тілдік объектілердңі терең меңгерілуі.
Әдебиеттер:
1.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. -А., 1977.
2.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
№12 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Орфография және оның ұстанымдары. Қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты А.Байтұрсыновтың еңбектері.
Мақсаты: Орфография туралы түсінік,орфографияның ұстанымдары жайлы айта келіп, ХХ ғ. қазақ жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың сіңірген еңбегіне жан-жақты тоқталу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Орфография туралы түсінік.
2. Орфографияның ұстанымдары.
3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады. Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.Морфологиялық принцип – сөздің морфологиялық құрамын ескеріп, морфемаларды (сөз және қосымша) құрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы құрамын сақтап жазу. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындай жазылады, яғни әрбір әріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Дәстүрлік пинцип - сөздің бір кезде жазылып, қалыптасқан, дәстүрге айналған түрінде сақтап, жазу. Бұған қаза тіліндегі хат, хабар, қаһар, жаһан сияқты сөздерде х, һ әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дифференциялаушы принцип - дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірімен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принцип қазақ тіл білімінде ескерілмейді. Дұрысы, дәстүрлік пинцип бойынша хабар, хал, халық, хат, хан.
Ахмет Байтұрсынов «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912 жылғы 4-5 сандарында жариялайды. Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді. Графика мен оқыту проблемаларын ғылыми-тәжірибелік негізде тұңғыш рет көтерген ұлы ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов болғаны белгілі. 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Қазақ мәдениеті үлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып, кириллица − «орыс жазуы» қабылданды. 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25-августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.
3.ХХ ғ. жазуы мен орфографиясына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі.
Әдебиеттер:
1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973
2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968.
3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10
5.Қазақ тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер. -А.,1993.
6.Әміржанова Н. Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы (1929-40жж.). канд. дисс. авторефераты. -А.,2010
№13 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
Мақсаты: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінен үзінді келтіріп, жан-жақты талдау жүргізу.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
2. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары.
Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар: Күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері. Орфография жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихы қалыптасқан жүйе, біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.Орфография тілдің белгілі бір даму кезіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайтын деуге болады.
Ережелер жүйесі:1. дыбыстарды (фонемаларды) әріптермен беру, сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу, сөздерді бірге , бөлек және дефис арқылы жазу, бас әріпті пайдалану, тасымалдау сияқты мәселелерді қамтиды. (орфография ара-тұра «дұрыс жазу» деген синоним ретінде де қолданылады). Бұлардың әрқайсысы белгілі бір принциптерге негізделген ережелердің жиынтығынан тұрады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары.
2. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.
3. Орфографиядағы жазба тілдің нормалары.
Әдебиеттер:
1.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. -А., 1973
2.Жолымбетов К. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. -А., 1968.
3.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
4.Дүйсенбаев Р. «Қазақ алфавиті туралы мәселеге, ДУГ, 1897, №10
№14 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Транскрипция және транслитерация мәселелері.
Мақсаты: Транскрипция және транслитерация мәселелері туралы жан-жақты түсіндіру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені
күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз
сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз,сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз.
Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз.
Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.
Фонетикалық транскрипция дегеніміз бұл әр дыбысқа белгілі бір таңба сәйкес
келетін дыбыстың графикалық белгіленуінің шартты жүйесі.
Сол сияқты фонетикалық транскрипцияның көмегімен дыбыстың ұзақтығын және екіпіннің орнын көрсетуге болады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.
2.Транскрипция қолданылатын орындары.
3.Транскрипция ұғымы.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, -А.,1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975
№15 Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Фонетикалық талдау.
Мақсаты: Сөздерді фонетикалық талдау тәртібі жайлы толық мағлұмат беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Сөздерді фонетикалық талдау туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдаудың тәртібі — оның (сөздің) құрамындағы дыбыстарды ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс (үн) қатысына карай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгеруін көрсету.
Сөздерді фонетикалық жағынан талдау деген- оның (сөздің) құрамындағы сөздерді ажыратып, ерекшеліктерін көрсету, дыбыстардың дауыс(үн) қатысына қарай, жасалу жолы мен орнына қарай түрлерін айқындау, сондай-ақ кейде сөз құрамында болып отыратын бір дыбыстың әсерінен екінші дыбыстың өзгертуін көрсету. Оны дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерін негізге ала отырып талдау қажет.
Талдау реті:
1.Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай: (жуан,жіңішке,аралас буынды сөздер)
2.Сөзді буынға бөл,буындардың түрін ата.
3.Тасымал.
4.Екпін.
5.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай талда.
6.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды салдыр мен үннің, айтылу орнына, жасалу жолына қарай талда.
7.Сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.
8.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?Бар болса, түсіндір.
Мысалы, кітабым сөзін талдап көрейік:
К-дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Т-дауыссыз, қатаң, тіс, шұғыл дыбыс.
А- дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Б- дауссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
Ы- дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М- дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сөздерді фонетикалық туралы қысқаша түсінік.
2. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі.
Әдебиеттер:
1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.- А.,1988.
2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.-А., 1969,1993,2002.
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -А., 1992.
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А., 1973.
5.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын
жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар.
Тақырып № 1 Қазақ фонетикасының зерттелу жайы.
Мақсаты: Қазақ фонетикасының зерттелуі жайлы жан-жақты түсіндіру.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Қазақ фонетикасының зерттелуі жайлы.
2. Қазақ фонетикасын зерттеуші ғалымдар туралы түсінік.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. В.Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін қазақ тілі жайында жазылған шағың еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады.
Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.Кейінг жылдары І.Кеңесбаев, Ә.Жүнісбеков,С.Мырзабеков т.б. ғалымдар фонетиканың өзекті мәселелерін жан-жақты қарастырады.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
Тақырып № 2 Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер.
Мақсаты Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер жайлы жан-жақты түсіндіру.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулар:Фонетиканы зерттеу ерекше әдістерді (метод) қажет етеді. Жоғарыда айтқандай, фонетика акустикамен, физиологиямен, байланысып жатады. Мәселен, акустиканы тексеру үшін арнайы физикалық аппараттар қажет. Мұндай әдістерді эксперименттік әдіс дейді. Ал аппарат, құрал-жабдықсыз тәжірибе жасау қарапайым тәжірибе делінеді.Метод – гр. зерттеу жолы, зерттеу тәсілдері, деген сөз.Экспер: Магнитофон. Осцилограф. Спектрограф. Кинофотография. Электромиография. Рентнография.Қарапайым тәжірибеге май шаммен, алақанмен буынды анықтау т.б. жатады.М: Қазақ тілінің үндесу заңы бойынша қатаң дыбыстан кейін қатаң келеді. Осыны әдейі бұзып айтсақ былай болып шығады: ат-ға, ат-дың, ат-да т.б. Міне осыны қарапайым тәжірибе жасау дейді. Бұл тіл білімінде жиі қолданыталың тәсіл. Адамзат алғаш рет дыбыстық тілді меңгерген. Жазу мен жазба тіл көп кейін пайда болды. Жалпы алғанда, фонетика, көбінесе, осы ауызша айтылып, естілетін дыбыстарды зерттеуге арналған ғылым.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
Тақырып № 3. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Мақсаты : Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер жайлы жан-жақты талдау жұргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
2.Әрбір дауыссыздардың өзіндік ерекшеліктеріне түсінік беру.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулар: Е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазыла
береді. Бірақ ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді. Бұлардың еріндіктермен
қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, орын, ауыл,
бауыр, ұлы, үлкен, ұғым, түйе, түлкі, әуен, әуес, дәуір деген сияқты сөздердің
құрамындағы бұлар дыбыс емес, тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады.
Еріндік о, ө фонемалары бір бірінен тек жуан, жіңішкелігімен ғана ажырайды.
Еріндік о фонемасының өзге фонемалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Ө фонемасы жазудағы таңбасы ө және е әріптері. Ө әрпі (маймөңке, кастрөл, ләмбөк сияқты бірер сөздер болмаса) бірінші буында ғана жазылады. Ө фонемасы еріндік буындардан кейін айтылады.Жазуда ол е әрпімен таңбаланады: өзен, өрен, көбелек, үзеңгі, төртеу, үшеу. Еріндік ұ, ү фонемалары да бір-бірінен жуан,
жіңішкелігімен ажырайды. Жазуда ұ фонемасы ы әрпімен де таңбаланады.
Ү фонемасы да бірінші буында ү әрпімен таңбаланады да, қалған буындарда (тек дәстүр, дүлдүл, мәшһүр, сәйгүлік, әшмүшке сияқтылар болмаса) і түбінде жазылады: өнім, өкім, өтініш, үгітіл, үйіріл. Сондай-ақ, сөз басында р дыбысының алдында түсіріліп жазылады: ру, рух, рұқсат, Рүстем. У дыбысы қысаң монофтонг, бірақ еріндік, жуан. Қазақ тілінде ол ұу-ға жуықтайды. У әрпі мынадай жағдайларда қолданылады: Қазақ тілінде у әрпі бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбысты таңбалайды. Мысалы: сусыз, улы,тау, бау, ауа, дәуір.
У әрпі қосарлы ыу, іу, ұу, үу дыбыстарын да белгілейді. Мысалы: жуын (жұ-уын), оқу (оқы-у), беку(бекі-у). У әрпі жуан дыбысты да, жіңішке дыбысты да
таңбалайды. Мысалы: бару, қуаныш, тау,келу, сөйлеу, беру.Бу, жу,
ту, қу, жау, сау, ау, суы етістіктеріне тұйық етістіктің у жұрнағын жалғағанда, олар буу, жуу, қуу, жауу, сауу, суу болып жазылады. И – қысаң, езулік монофтонг. Ол тек жіңішке айтылады. И әрпі мынадай орындарда жазылады: И әрпі жалаң и
дыбысын және ый, ій дыбыстарын таңбалайды. Мысалы: кино, институт,
тарихи, қиын, жиын кемиді байиды. Я, ю әріптерінің алдында ы, і дыбыстары и әрпімен таңбаланады. Мысалы: тақия,қария, жария, дария, дүрия, мия, сия, Әсия, Ғалия, қию, жию.Қазақ тілінде и бірде жуан, бірде жіңішке дыбысты
белгілейді, Мысалы: Иса, Имаш, ризадеген сөздерде и жуан белгілесе, икем,
илік, изе сияқты сөздерде и – жіңішке дыбыстың таңбасы. Бұл ереже орыс
тілінен енген сөздердегі и әрпіне қатысты емес. Мысалы: республика, библиотека т.б.
Әдебиеттер:
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- А.,2002
2.Жолшин А. «Қазақ тілінің дыбыстарының А.Байтұсыновқа дейін зерттелуі»// Тараз -2007ж.
3.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.- А.,1993
4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
5. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
Тақырып № 4. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Мақсаты : Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер жайлы жан-жақты талдау жұргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
2.Әрбір дауыссыздардың өзіндік ерекшеліктеріне түсінік беру.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулар: Дауыссыздардың сөз ішінде қолданылу жайы біркелкі емес. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуымдағы ерекшеліктер:
Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Б фонемасы сөздің басында, ортасында жиі колданылып, сөз аяғында мүлдем кездеспейді. П сөздің барлық позициясында кездесе береді. Ф,в фонемалары орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі. Бұларды айтқанда астыңғы ерін үстіңгі тіске жуықтайды, бірақ тимейді.
Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы үстіңгі күрыс тіске жабысып, ауа толық бөгейді де, тез ажырайды. Т – барлық позицияда кездеседі. С, з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреледі. К, г фонемалары тілдің артқа тілінің таңдайға тіреліп, тез ажырап кетуінен жасалды. Қ, Ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қ фонемасы – қазақ тіліндегі актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Ғ сөз ортасында жиі келгенімен, басы мен аяғында сирек ұжырайды.Х жасалу жағынан Ғ-ға ұқсас келгенімен, тек кірме сөздерде кездеседі.Һ – бірден-бір қөмейдеп айтылатын фонема. Аһ, гауһар, қоһар, мәшһүр, шоһар.М фонемасы артикуляциясы жағынан ұяң, б-мен ұқсас. Тек м-да дауыс басым, ауа мұрын арқылы шығады. Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тіске иың тиіп тез ажырауынан жасалады. Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдайға жимдасады да, тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы тығады. Ң сөз басында кездеспейді.Л фонемасын айтқанда тілдің үш жағы үстіңгі күрек тіске тіреледі де, орта тұсы сәл төмен түсіп, арт жағы таңдайға қарай көтеріледі.
Р фонемасы тіл ұшінің альвеолға тиіп, ауаның қоркемімен дірілдеуінен пайда болады. И фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі тіске, екі шеті бүйір тістерге тиеді де, ортақ таңдайға қарай көтеріледі. У фонемасынаң айтылуы орыс тілінен енген дауысты у сияқты. Айырмасы айтқан кезде ауа қорқындылау болып, салдыр қатысады, буын құрамайды. Сөз басында уоғда, уоғыз, уақ секілді санаулы сөздерде ғана кездеседі.
Әдебиеттер:
1.Мырзабеков С, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, -А.,2006
2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы,- А.,1992
3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -А.,1973.
4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстау тіркесі.-А.,2002.
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.1975.
6.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-А., 2002.
Тақырып № 5. Дыбыстар тіркесімі.
Мақсаты: Дыбыстар тіркесімі - тілдегі дыбыстардың бір- бірімен қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны жайлы түсіндіру.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Дыбыстар тіркесімі туралы түсінік.
2. Дыбыстар тіркесімі - тілдегі дыбыстардың бір- бірімен қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны жайлы.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулар:Дыбыстар тіркесімі- тілдегі дыбыстардың бір- бірімен қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл – халықтың ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің жемісі, нәтижесі екндігіне тоқталу.
Дыбыстар тіркесімі- тілдегі дыбыстардың бір- бірімен қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл – халықтың ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің жемісі, нәтижесі. Осыны А. Байтұрсынов ерте түсініп, жақсы пайымдаған.Қазақ тіліндегі негізгі үндестік заңдар деп жүргеніміздің өзі, айналып келгенде, дыбыстар тіркесінің нәтижесі.
Бұл заң бойынша: Бір сөз құрамында тек жуан дыбыстар немесе жіңішке дыбыстар ғана тұра алады.Сөз (түбір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз бен сөздің аралығында қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар ғана тұра алады.
Әлгіндей жағдайда ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады.Үнділерден соң ұяңдар, қала берді үнділер келеді. Міне, бұлар- бүкіл тілдің болмыс- бітімін айқындайтын, өзге тілдерден ерекшелендіріп, айшықтандырып тұратын, ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан, бұлжымас заңдылықтар.
Қазақ сөздерінің орыс графикасымен хатқа түсе бастағанына бір жарым ғасыр болды. Өткен ғасырда татар, шағатай үлгілерімен шұбарланған, немесе жазудың шалғайлығынан дыбыстық жүйесі бүлінген араб графикасы негізіндегі жазуды айтпағанда, үндестік заңының қақырауына орыстардың да қосқан үлесі ескерілуі тиіс. Мәселен, алғаш бағлан түрде хатқа түскен сөз күні бүгінге дейін орфографиялық сөздікте қайталанып келеді. Бұл ұяңдардан соң тек ұяңдар тұрады дейтін үндестік заңға көрінеу(ғл тіркесі) қайшы екенін ұқпай келеміз, байырғы тіркестердің қатарында қарайтынымыз да бар.
Әдебиеттер:
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. Алматы 2004.
2.Х. Досмұхамедов. Аламан. Алматы 1994.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А.,1973,1977,1993, 2002.
4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989.
6.Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975.
Тақырып № 6 Қазақ фонетикасын зерттеуге Қ.Жұбановтың қосқан үлесі.
Мақсаты: Қазақ фонетикасын зерттеуге Қ.Жұбановтың қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Қазақ фонетикасын зерттелуі туралы.
2. Қазақ фонетикасын зерттеуге Қ.Жұбановтың қосқан үлесі.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулық: Қ.Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, т.б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле, термин мәселелерімен де шұғылданды. 1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Онда халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы пікір айтты. “Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф.
Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
Әдебиеттер:
1.С.Мырзабеков. Қазақ тілі фонетикасы. Алматы 2004.
2.Х. Досмұхамедов. Аламан. Алматы 1994.
3.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А.,1973,1977,1993, 2002.
4.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А.,1962.
5.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. Алматы, 1989.
6.Кеңесбаев І. Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975.
Тақырып № 7 Бунақ туралы түсінік.
Мақсаты: Бунақ туралы түсінік бере келе,А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектеріне шолу жасап, осы бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары басталатындығына шолу жүргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Бунақ туралы түсінік.
2.Бунақтың құрамы.
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқаулық: Бунақ -өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды Бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды тармақ үш Бунақтан құралады: Қан-со-нар-да // бүр-кіт-ші // шы-ға-да(а)ң-ға (Абай). Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі Бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір Бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.
Әдебиеттер:
Жүнісбеков Ә. Проблемы тюркской словесной просодии и сингормонизм казахского слова. А., Дисс. д. ф. и. 1988, 329 б.
2.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.
3.Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.
4.Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы
(эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.
5.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.
6.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.
Достарыңызбен бөлісу: |