Себеп пысықтауыштардың жасалуы:Қимылдың, іс - әрекеттің себебін білдіретін пысықтауыштарды себеп пысықтауыш деп атаймыз.
Себеп пысықтауыштар мына сөздерден жасалады:
Өткен шақ есімшелер - дықтан, - діктен қосымшаларын жалғап себеп
пысықтауыш ретінде жұмсалады. Кешіккендіктен жолыға алмады.
Өткен шақ есімшелер шығыс жолғауын жалған себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Ол құрығырды қай жетіскеннен айтады дейсің (Қ. М.)
Кесір, ыза, суық, қуаныш, жегі, көңілдшектік, жалқаулық тәрізді зат есім
сөздер шығыс септікте тұрып себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Осы қырқылжыңның бәрі сол Бақыттың кесірінен болғалы отыр (С. Мұрат).
Жаңбырдан ой – шұңқыр түгел суға толды.
Өткен шақ есімшелер соң, кейін шылауларыментіркесіп (келген соң,
айтқан соң) себеп пысықтауыш ретінде жұмсалады. Қатарың болған соң
Күләннің көзінше беделіңді түсірмейін дедім (Қ. М.).
Абстрактылы зат есім, өткен шақ есімшелер үшін шылаумен тіркесіп
(келгенін үшін риза болды, сөзің үшін ұрысты т.т.) себеп пысыктауыш
қызметінде жұмсалады.
Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, мақсат үстеулерінен, есім сөздерге үшін шылауының, тұйық етістік пен көмектес септігіндегі зат есімнің және барыс септіктегі сөз бен бола шылауынын тіркестерінен болады. Мысалы: Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Үлкендер ақырын мырс-мырс күлді. Шешесінің үйіне қарай беттеді. (М. Ә.) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (Абай).
Бірінші сөйлемде ежелгі дағдысы бойынша (қалай шақыртып алған сиякты?) үш сөздің тіркесуінен кұралып, күрделі қимыл-сын пысықтауыш пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр да, әдейі (қалай? не мақсатпен шақыртып алған сияқты?) мақсат үстеуі баяндауышпен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, дара мақсат пысықтауыш болып тұр. Екінші сөйлемде бүгін (қашан алғызып отыр?) мезгіл үстеуі мен әдейі (не мақсатпен? неге алғызып отыр?) мақсат үстеуі дара мезгіл және мақсат пысықтауыш болып, пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан, бірінші рет (қалай алғызып отыр?) сан есім мен зат есімнен кұралған сөз тіркесінен жасалып, күрделі қимыл-сын пысықтауыш болып, пысықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы кабыса байланысқан. Үшінші сөйлемде ақырын (қалай күлді?) қимыл-сын үстеуі мен мырс-мырс (қалай күлді?) қайталама еліктеуіш сөз қимыл-сын пысықтауыш (ақырын — да-ра да, мырс-мырс — күрделі) қызметін атқарып, пысықталатын сөзбен ешбір қосымшасыз орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан. Төртінші сөйлемде үйіне қарай (қайда беттеді) күрделі мекен пысықтауыш зат есімнің барыс септік тұлғасына қарай шылауының тіркесуінен болып пысықталатын мүшеге (беттеді) меңгеріле байланысқан. Соңғы сөйлемде ермек үшін, термек үшін (не үшін жазбаймын?) деген зат есім (ермек) мен етістікке (тер-мек) үшін септеулік шылауының тіркесі арқылы болған күрделі мақсат пысықтауыш пысықталатын мүшемен (жазбаймын) үшін шылауы арқылы меңгеріле байланысқан.
Мақсат пысықтауыш ретінде мына сөздер жұмсалады:
Мақсат мағыналы үстеулер (әдейі, арнайы, жорты, қасықана т.б.). Абай
үшін домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын (М. Ә.)
- ғалы, - гелі тұлғалы көсемшелер. Анықтап байқағалы келіп турмын.
бүйрық рай етістік деп көмекий етістігімен бірігіп (келейін деп) құралған
тұлға. Осы қалық шиді орайын деп бүгін ерте қолданда.
- у, үшін (тұйық рай - үшін тұрғалы етістік. Ерте жету үшін бүгін
шыққанымыз жөн).
Барыс септіктегі тұйық рай етістік (оқуға алдым). Сені ғой бүгін, міне,
отарбайдың орнына шеп тартуға жіберді (С. Мұрат).
Достарыңызбен бөлісу: |