Қазіргі қазақ тілі



бет2/7
Дата16.06.2020
өлшемі44,29 Kb.
#73587
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СҰРАҚТАР

Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы? деген сұрақтарға жауап беріп, көбіне-көп етістіктің көсемше түрінен, қимыл-сын, мөлшер үстеулерінен, сын есімнен, сан есімнен, көмектес септік жалғаулы сөзден, негізгі сөз бен арқылы шылауының тіркесінен болады.

Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздер мен тіркестерден, негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болады.

Мезгіл пысықтауыш ретінде көбіне мезгіл мағыналы үстеулер жұмсалады.Мысалы:Бүрғышылар қыстай осы өңірде болды. Ертең олар Жаңасайға қаныс аудармак.

Бұлардан бөлек мезгіл пысықтауыштар мына тұлғаларды жасалады.

1. Зат есім сөздер жатыс, батыс септікте келіп мезгілдік мағына алып мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.Мысалы:Биылғы жарыста бұл бригада озып шықты. Кеңшілікте еркін отырып әңгімелесті

2. Сын есім сөздер субстантивтеніп, жатыс септік формасында келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.М:Қараңғыда жолды әзер тапты. Осы суықта жолға шықты.

3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.Мысалы:


Келеріңде соны ерте кел. Барғанда хабарлай сал.

4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, күн


т.б.) атау немесе жатыс септік формаларында тұрып, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.М:Сол уақытта поезд да келіп еді. Алдыңғы күні жұмысшылар мая салды.

5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер, есімшелер кейін, сон, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш ретінде жұмсалады.

Күні бойы жұмыс істеп, шаршап келгенде ыстық пештың жалына бет шарпып қарсы алса қандай рақат! (С. Мұрат).

6. Зат есім мен - а, - е, - й тұлғалы көмекшілер бастауыштың -баяндауыштық байланыста келіп үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды.М:Жолаушылар ел орынға отыра қалаға кірді.

7. - ғалы, - гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш қызметінде
жұмсалады.М:Келгелі осы жұмыспен айналысып жатыр.
Мекен пысықтауыш, қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрактарға жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс, септіктегі сөздер мен кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады.

Мекен пысықтауыш қызметінде мына сөздер жұмсалады:
1.Мекен үстеулер - осы қызметке түгелдей бейімделген сөздер. Шаң
шудаланып, ілгері жылжиды.

2.Зат есім сөздер барыс, жатыс, көмектес септікте тұрып мекен пысықтауыш ретінде жұмсалады. Бірақ зат есімдердің бұл формасының пысықтауыш қызметін толықтауыштан айыруда көп қиындық бар. Мысалы: көшемен келді - Поездан түсті, Қайда жүр, Үстіне киді, Суға шомылды т. б.



Себеп пысықтауыш ңеліктен? не себепті? не үшін? деген сұрақтарға жауап беріп, барыс, шығыс септіктегі есімше мен есім сөздердің үшін шылауымен тіркесінен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет