Қазіргі қазақ тілі


Анықтауыштың жасалу жолдары



бет7/7
Дата16.06.2020
өлшемі44,29 Kb.
#73587
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СҰРАҚТАР

Анықтауыштың жасалу жолдары:

  1. Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.

Сөйлемде бастауыш, толықтауыш т.б. қызметтерде жұмсалатын әр заттың өзіне тән, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты басқа заттардан сондай-ақ сапаларына қарай айырып танимыз. Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады, олар заттаң түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара, имек, қисық тәрізді көптеген сны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемді қисық ағаш, қысқа жіп дегендер – сын есім мен зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Бұйра толқын ойнақшып тұр. Жасыл жапырақ сыбдыр қағады деген сөйлемдердегі анықтауыштар мен анықтауыш сөздер де сын есім зат есімдерден құралған.

  1. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып қабыса байланысады, олар (анықтауыш пен анықталатын сөздер) фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек (комплекс) болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зеас есімдерге жалғанады.

Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанымен, олар анықтайтын затына сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиеттерде көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асасу Терек, алтын күн, жазық дала, жұмсақ жел т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет