Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Ұлттық ғылым тілі, салааралық терминдер



бет18/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya

4.Ұлттық ғылым тілі, салааралық терминдер. Ғылымның негізі қаланып, арнаулы ғылым салаларының сараланып шыға басьауы арнаулы ұғымдарды туғызады. Ол ұғымдар жаңа терминдік сипат алып, жаңа салалық терминологияны құрайды. Оны байқау үшін әр ғылым саласындағы екі тілді сөздіктерді атауға болады. /психология, химия, биология, медицина, тіл білімі/


4 Модуль Қазақ тілінің фразеологиясы


13 дәріс. Фразеология, нысаны, түрлері
Фразеология – тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің дербес саласы болып қазақ тіл білімінде өткен ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.
Әр ұлт тілінде өзіндік кумулятивтік ерекшелігімен байқалатын сырт тұлғасы сөз тіркестеріне ұқсас, бірақ құрылымы мен мазмұндық жағынан өзгеше болып келетін тіркестер кездеседі.
Әдетте сөз тіркесінің құрамы толық мағыналы екі сөзден тұрып, бір-бірімен сабақтаса мағыналық және синтаксистік байланыста болады. Мысалы, алтын уақыт, көреген адам, орынсыз сөйлеу, жүріп кетті т.б. Мұндай тіркестер үнемі синтаксистік топ құрайды. Тек өзара мағыналық байланыста ғана айтылатындықтан сөз тіркесі деп танылады. Кез келген сөздер бір бірімен тіркесе бермейді. Сұлу қыз тіркесіндегі сұлу сөзінің тіркесімділігі кең. Бірақ сұлу терезе, сұлу құмырысқа деп айтпайды. Ал осы тіркестерге ұқсас: еркек кіндікті, басы ашық, жүз шайысу, қыпша бел, жел аяқ, аузын алу жоғарыда талдаған сөз тіркестерінен мүлдем басқа. Бұлар құрамындағы сөздер арқылы бір мағына жасайды. Мағыналары: Еркек кіндіктіер адам, басы ашық /нәрсе/ – даусыз, айқын, жүз шайысуренжісу, қыпша белжіңішке бел, жел аяқжүйрік, аузын алу пара беру; Көрсетілген мысалдар сөз тіркестеріне емес, фразеологизмдерге – тұрақты тіркестерге жатады. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды, әрі барлық сөздер бірігіп фразеологиялық мағына тудырады. Сондай-ақ, тек екі сөзден ғана емес, компоненттер құрамы әртүрлі болып келетін де тіркестер бар.
Мысалы, емін-еркін билеп төстейтін адамның әрекетін – айрандай аптап, күбідей күптеп /пісіп/ деп бейнелі жеткізеді. Мұнда көсемше тұлғалы тіркестің соңынан қимыл қозғалыс етістігі тұруы шарт. Ал молшылықты білдіретін – ит басына іркіт төгілу тіркесінің грамматикалық түрленуі болады: ит басына іркіт төгілген заман, ит басына іркіт төгілгендей т.б.
Тез, жылдам мағынасын қас пен көздің арасында - үстеу; Ескерту мәнінде айтылатын – айтпады деме толымсыз сөйлем; Ой толық жеткізілетін– айран сұрап келіп, шелегіңді жасырма сияқты құрмалас сөйлем типтес тұрақты тіркестер сөз тіркестерінен мүлде бөлек тілдік бірліктер. Талданған мысалдардың сөз тіркестерінен басты айырмашылығы: фразеологизмдер бір нәрсенің, заттың, құбылыстың атын атап тұрған жоқ, зат құбылысты бейнелеп көрсетіп тұр. Тіл білімінде мұндай тіркестерді фразеологизмдер немесе тұрақты тіркестер деп атайды.
Қазақ тілінің ең бай, құнарлы көзі – тұрақты тіркестер. Қатысым әрекетінде лексикалық бірліктермен қатар жүретін қолданыс аясы кең фразеологизмдер ең алдымен тіл байлығын көрсетеді. Фразеологизмдер құрамындағы компоненттер, яғни сөз сыңарларының тұрақты тіркес мағынасын жасауда өзіндік ерекшеліктері бар.
Көбінесе фразеологизмдердің семантикасы құрамындағы сөздердің жеке мағынасынан тумайды. Мысалы, түйе үстінен сирақ үйту – ебедейсіз адамның қимылы. Ал бүйректен сирақ шығару – орынсыз сөйлеп қалатын, орынсыз жерде ұрыс-керіс шығарытын адамның қылығын айтады. Мұндағы түйе, үсті, сирақ, үйту; бүйрек, сирақ, шығарусөздерінің әрқайсысының өз атаулық, етістік, үстеу мағыналары бар. Бірақ фразеологизм құрамында барлығы бірігіп, фразеологиялық мағына жасайды. Кейде тұрақты тіркес компоненттерінің мағыналары фразеологиялық мағынаға сәл қатысты болады. Мысалы, тырнақ астынан кір іздеу – жаманшылық, бәле қуу; көзіне көк шыбын үймелету – жазалау мәнінде айтылатын тіркестер. Ал бұл тіркестер о баста тура мағынада қолданылған, кейін ауыспалы мағынаға ауысқан.
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым саласы. Ал фразеологизмдер немесе тұрақты тіркестер фразеология пәнінің зерттеу нысаны болып табылады. Дегенмен фразеологияның ең басты терминдері қазақ тіл білімінде түрліше аталып жүр.
І.Кеңесбаев қазақ тіліндегі барлық фразеологизмдерді екі үлкен арнаға бөлген. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет