Фонетикалық вариант
Лексикалық бірліктердің фонетикалық өгерістермен айтылуы дублет сөздер мен тіркестерді құрайды. Мысалы, қазір – кәзір, қыңқ демеу– қың демеу т.б. Дублет сөздер тілдегі вариант, синоним ұғымдарымен қатар айтылып жүреді. Бірақ бұл сөздер өзара синоним ретінде қолданылмайды. Дублет деген ұғым сөздердің мағыналық тепе-теңдік жағдайында қолданылады. Фонетикалық варианттың орнына дублет сөзін мағыналас етіп алуға болады. Сонымен фразеологизм компоненттерінің де кейде дублет сөздермен айтылуы фонетикалық вариантты көрсетеді. Мысалы: Сайтаны ұстады – Шайтаны ұстады; Зыта жөнелді – Жыта жөнелді;
Басқа тілден енген сөздердің алдынан, яғни протезалық құбылыспен дауысты дыбыстар қосылып айтылуынан фразеологизм компоненттері ауызекі сөйлеуде фонетикалық өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы:
Риза болу – Ыразы болу; Риза – араб тілінде қанағаттану. Райдан қайту –Ырайдан қайту; Араб тілінде рай – пікір. Реңін бермеу – іреңін бермеу. Парсы тілінде рең – түс, бояу деген мағынада.
Фонетикалық өзгерістер фразеологизм компоненттерінде кейде дыбыстардың түсіп қалуынан да жасалды.
Мысалы:
Аузын қу шөппен сүрту – Аузын құр шөппен сүрту;
Сары уайымға салыныу – Сар уайымға салыну.
Дыбыстардың мұндай түсіріліп айтылуын тіл білімінде апакопа деп атайды.
Морфологиялық вариант
Варианттылықтың пайда болу себептерінің бірі – ауызекі сөйлеу тілі. Жалпы грамматиканың заңдылықтары бойынша қосымшалардың өзгеруі мағынаға да әсерін тигізеді. Алайда фразеологизмдерде грамматикалық варианттардың болуынан мағынаға нұқсан келмеуі тиіс. Тұрақты тіркестің морфологиялық құрылымындағы өзгерістер семантикаға қатыссыз болғанда ғана морфологиялық вариант деп танылады.
Мысалы:
Ес біліп етек жапқалы – Ес біліп етек жапқанша
Кірерге тесік таппау – Кіруге тесік таппау.
Морфологиялық вариант сөздегі бірнеше дыбыстардың түсіп қалуына байланысты. Бұл синкопа құбылысын жатады. Мысалы:
Жақсы атақ жоқ – Жақсы ат жоқ
Үзеңгілес дос – Үзеңгі дос
Қарақан басы – Қара басы.
Тіркес сыңарларында септік жалғауларының орны ауыстырылып айтылуынан фразеологизмнің морфологиялық варианты пайда болады. Мысалы:
Шығарда жаны бөлек – Шығарға жаны бөлек
Көзіне ілмеу – Көзге ілмеу
Зорға дегенде – Зордың күшімен
Достарыңызбен бөлісу: |