«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі479,47 Kb.
#28308
1   2

*Тақырып 8. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлем

*Дәріс жоспары:

1.Өткен шақ көсемше формалы етісітіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты.

2.Келер шақ көсемше формалы етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты.

Түркологиялық ілімде басқаларына қарағанда бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан болу керек, кейбір тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды.

Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы коипонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады. Осыдан барып олардағы іс-әрекеттердің орындалуы бірінде теріске шығарылады. Осындай заңдылығымен де ол басқа бағыныңқылардан ерекшелене алады. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердіңмазмұн желісі жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойыла айтылуы негізінде жасалады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердегі орын алатын әр түрлі мағыналық көріністі ескере отырып, оларды жалпы екі түрге бөліп қарастыруға болады: реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы.

*Негізгі ұғымдар

Көсемше формалы

Етістік


Сабақтас құрмалас сөйлем

*Бақылау сұрақтары:

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сипаттама беріңіз.

2. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдердің компоненттерінің байланысу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(70-85бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (50-65бб.)
*Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 9. Көсемшенің -ғалы, -гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем құруға қатысуы

*Дәріс жоспары:

1. Бұл типті сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты.

2. Қимыл атауы формасындағы етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

3.Жатыс септіктегі есім сөздердің

Бір сөйлемдердің бағыныңқы және басыңқы компоненттеріндегі хабарланған оқиғаның орындалу барысы бір мезгіл шеңберінде өтіп жатса, енді біреулерінде әр мезгіл шеңберінде орындалатын болады, яғни бағыныңқыдағы істен бұрын басыңқыдағы амал орындалып жатады, не болмаса керісінше болады.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың алғашқы коипонентінің баяндауышының жасалу жолдары көп. Грамматикалық көрсеткіштердің бір тобы іс-әрекеттің қашан болатындығын танытса, үшінші жағдайда сондай оқиғаның қай уақытта болғанын білдіреді.

Сабақтас сөйлем бойындағы мезгілдік мәнді басшылыққа ала отырып, мезгіл бағыныңқыларды жалпы түрде екі үлкен салаға жіктеледі: бір мезгілдес сабақтас және әр мезгілдес сабақтас сөйлем.

Сабақтастың себеп бағыныңқылы түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады. Осыдан келіп себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің өзі себеп пен салдардың өзаралық тығыз қарым-қатынасы негізінде туындайтын болады.

Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары әр түрлі жолмен жасалады.

*Негізгі ұғымдар

Көсемше


Сабақтас құрмала сөйлем

*Бақылау сұрақтары:

1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз

2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама бер

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын атаңыз

4 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық ерекшеліктерін саралаңыз.

* Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(125-145бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)
*Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 10. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Дәріс жоспары:

1.Грамматикалық, семантикалық сипаты. Түрлері.

2.Компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер.

Бағыныңқы компонент басыңқы компонентте жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып табылады. Амал бағыныңқылы сабақтастың алдыңғы предикативтік бөлігі қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап береді.

Мұндай бағыныңқылардың жасалу түрлері оншалықты көп емес. Негізінен, оның бір-екі түрі бар деуге болады.

Біірнші жағдайда бағыныңқының баяндауышы етістіктің көсемше түріне аяқталады. Енді бір реттерде бағыныңқының баяндауышы дай, дей, тай, тей жұрнақтарына аяқталады.

Амал бағыныңқы сөйлемдер синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау мақсатын білдіреді.

Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді. у немесе болмау мақсатын білдіреді.

Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді.

Мақсат бағыныңқылы сабақтастың синтаксистік компоненттерінде өзіндік арнайы грамматикалық бастауыштары болуы қажет. Бұлай болмаған күнде ол сабақтас құрмалас болып танылмай жай сөйлемнің күрделенген түрін құрайтын болады. Мақсат бағыныңқының бір компоненті кейде жақсыз сөйлем ретінде де келіп отырады. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер негізінен аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы жасалады.

*Негізгі ұғымдар

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Бақылау сұрақтары:

1. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз

2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (140-145бб.)

2.Ермекова Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)


*Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 11. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты

*Дәріс жоспары:

1. Аралас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаты

2. Аралас құрмалас сөйлемнің белгілері


Бұдан бұрын талдаған сабақтас сөйлемнің түрлерінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған оқиғаның мазмұн желісін әр түрлі жақтан айқындап, толықтап тұрады. Осыған орай да басыңқы сөйлемнің мазмұны әр қырынан бағыныңқы компонент арқылы ашылып отырады. Ал түсіндірмелі сабақтаста мұндай мағыналық көрініс керісінше болады. Мұнда айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.

Түсіндірмелі сабақтас сөйлемнің өзге бағыныңқылардан осындай айырмашылығы бола тұра мұндағы синтаксистік компоненттерлің аралық қарым-қатынасы тұлғалық және мағыналық жақтарынан бір-біріне тәуелді болып тұрады.

Түсіндірмелі сабақтас сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасы арқылы жасалады. Екі жақ компоненттердің баяндауыштары осы шақтық мезгілдік ұғымда тұрады.

Салыстырмалы сабақтас сөйлемде бағыныңқы коипонент басыңқыда хабарланған қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды. Әр синтаксистік компонент мағыналық жақтан жеке дербестігін сақтайды, тек байланысу амалы жағынын ғана бағыныңқының баяндауышы тиянақсыз қалыпта болады. Компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы бір-бірімен салыстырыла айтылады.

Сөйлем бойындағы салыстырмалық мән ондағы жеке сөздердің қолданысы не болмаса оқиғалар барысының өзара үйлесе, жұптаса айтылуы негізінде жүзеге асатын болады. Салыстырмалық мән бір-бірімен өзара тең түсіп жатса, енді бірде тең түспей әр түрлі ыңғайда жұмсалады.

*Негізгі ұғымдар

Сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем



*Бақылау сұрақтары:

1. Түсіндірмелі сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз

2. Салыстырмалы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз

3.Үлестес сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (160-165бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (140-145бб.)
*Модуль 4. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 11. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі

*Дәріс мазмұны:

1.Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі. 2.Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі. Құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да көп бағыныңқылы, көп басыңқылы деп атап жүрген құрылымдар жиі кездеседі. Ондай сөйлемдер көп комполнентті құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр. Өйткені бір сөйлемнің ішінде ондаған жай сөйлем болып келе береді. Кейде бұлар бірыңғай салалас сөйлемдерден тұрса, көпшілік жағдайда салаласа, сабақтаса байланысқан өзара әр түрлі мағыналық қатынастағы жеке компоненттердің жиынтығынан болады да, олардың тұтас сөйлемді мағыналық жағынан сабақтас бағыныңқылы құрмаластардың қай түріне жататынын айыру мүмкін емес. Сондықтан бұларды көп компонентті құрмалас сөйлем деп атаған жөн.

Құрамындағы предикативтік бөліктердің саны жағынан салалас сөйлемдер әр алуан болып отырады. Екінші сөзбен айтқанда, салаластың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт және одан да асып кетуі мүмкін.

Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана жіктеліп, талдана жинақталу сипаты орын алады.

Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана, демек, бір ғана бағыныңқы компонент пен бір ғана басыңқы компоненттен құрала бермейді. Кей жағдайда сабақтастың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт, одан да көп болуы әбден мүмкін. Бағыныңқы компоненттің саны қанша болса да, басыңқы компонент әрдайым біреу ғана болып отырады. Бір басыңқыға қатысты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас делінеді.

Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да құрылымдық жағынан әр түрлі болып келеді. Құрылымына қарай көп бағыныңқылы сабақта жарыспалы бағыныңқылы және сатылы басыңқылы деген екі түрге жіктеледі.

Көп бағыныңқылының жарыспалы бағыныңқылы түрінде әрбір бағыныңқы сөйлемді жекелей бөліп айтқан да басыңқысымен бірден тікелей байланыса алады. Бірнеше бағыныңқылардың сөйлемді аяқтаушы басыңқы компонентке бағынуы өзара бірыңғай теңдестік дәрежеде болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауыштары бірыңғай бір тұлғада, не болмаса әр түрлі тұлғада да тұра беруі мүмкін.

Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемде әрбір жеке бағыныңқы сөйлем өз бетімен тікелей де тура басыңқы компонентпен байланыса алмайды. Басыңқымен мағыналық байланыстың болуы үшін алдыңғы бағыныңқы сөйлемдер бір-бірімен өзара сатылай жалғасуы қажет. Бұлай болмаған күнде бағыныңқылардың өзара үйлесе айтылуы жүзеге аспай қалады. Бағыныңқы сөйлемнің ең соңғысы өзінен бұрынғыларды мәндік үйлесіммен жетектеп, бір жерге шоғырландырадлы да, оларды өзі арқылы басыңқымен тығыз мағыналық қарым-қатынасқа түсіреді. Сондықтан да осылайша сатылай байланысу түрінде ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады.

Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз басыңқысынан бұрын орналасуы – түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс. Солай бола тұрса да айтушы адамның көзқарасы, мақсат, тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты кейде бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі алмасып отырады. Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің бас шенінде ғана жұмсалып қоймай, басыңқы компоненттің аралығына түсіпте, не болмас одан кейін де қолданылып қалады.

*Негізгі ұғымдар

Құрмалас сөйлем

Ұйымдасуы

Коммуникативтік қызмет

*Бақылау сұрақтары:

1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің жалпы сипатын әңгімелеңіз

2. Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемге мысал келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-120 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (240-245бб.)
*Модуль 5. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 12. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы

*Дәріс мазмұны:

1. Түркітанудағы құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелуі

2. Қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелуі


Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрін аралас құрмалас сөйлем дейді. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз жайды байқауға болады. Біріншіден, оның құрамында үл компонент болса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек болса, не салаласа байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. Салалас сөйлемде болатындай, мұнда да салаласқан компоненттердің жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиісті қосымшаларға аяқталып отырады. Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті түрде тек қана салаласып барып, содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе керісінше, сондай-ақ міндетті түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді.

*Негізгі ұғымдар

Құрмалас сөйлем

Зерттелуі

*Бақылау сұрақтары:

1. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымын көрсетіңіз

2. Аралас құрмалас сөйлемнің өзге сөйлемдерден ажыратылатын басты белгілерін атаңыз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. (230-245бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (240-345бб.)

3. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-130 бб.)
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
*Тақырып 1. Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік тұлға ретіндегі сипаты, грамматикалық белгілері.

*Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік мәселесі, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның ролін мысалдар арқылы түсіндіру.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты жайлы баяндаңыз

* Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.
*Тақырып2. Құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын амалдар, оларды сипатын қарай топтау

*Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасуы мен түркологияда, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принциптерімен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принципінің тіл-тілдердің құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінісіне нақты мысалдар келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2. Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.
*Тақырып 3. Құрмалас сөйлемдердің негізгі түрлері. Оларды түрге бөлу принцибі.

*Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері мен олардың түр-түрге топтасу принциптерімен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Жалғаулықты салалас сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылысына бірнеш мысалдар келтіріңіз.

* Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(22-29 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.
*Тақырып 4. Ыңғайластық салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар

*Сабақтың мақсаты: Жалғаулықты талғаулық салалас құрмалас сөйлемдер табиғатымен таныса отырып деп көмекші етістігінің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, олардың мағынасы, жұмсалуына назар аудару.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысалдар жазыңыз.

2. Деп көмекші етістігінің жұмсалуына көркем шығармадан 5 мысал жазу

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(112-120 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.
*Тақырып 5. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыратын жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі

*Сабақтың мақсаты: Мезгілдік қатынасты білдіретін, қарсылықты қатынасты білдіретін, талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің өзіндік белгілерімен, тыныс белгілерімен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне көркем шығармадан мысал теріңіз

2.Қарсылықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдерге 5 мысал жазу

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(122-129бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.


*Тақырып 6. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыратын жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі

Сабақтың мақсаты: Себептік қатынасты білдіретін, шарттық қатынасты білдіретін, айқындауыш қатынасты, обьектілік қатынасты, теңдік қатынасты, телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипатымен таныса отырып тыныс белгілерінің қойылысына мән беру.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

* Бақылау сұрақтары:

1. Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысал келтіріңіз

2. Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдерге 5 мысал жазу

3. Айқындауыш қатынасты , обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалс сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысалдар жазу

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-229 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.


*Тақырып 7. Себептік, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, мағынасы

*Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің құрмалас сөйлем жүйесіндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен компоненттерінің байланысу амалдары, түрлерімен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Сабақтас құрмалас сөйлем проблемалары жайында баяндаңыз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-226 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.
*Тақырып 8. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері.

* Сабақтың мақсаты: Есімше, көсемше, өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер мен жатыс септіктегі есім сөздердің ұйымдастырылуымен жасалған құрмалас сөйлемдермен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1. Есімше, көсемше, өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдерге көркем шығармадан 5 мысал жазу, талдау.

2.Көсемшенің -ғалы,-гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем жасауға қатысуына көркем шығармадан 5 мысал жазу, талдау.

3.Қимыл атауы формасындағы -ыс, -іс-с,-у етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалс сөйлемдерге мысалдар жазу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б.

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.


*Тақырып 9. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі функциональдық орны.

*Сабақтың мақсаты: Түркология мен қазақ тілі біліміндегі салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-254 беттерін конспектілеу (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.).

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б.

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.


*Тақырып 10 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері. Оларды зерттеуге арналған еңбектер.

*Сабақтың мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен нақты танытатын белгілерімен, сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары, байланысу амалдарымен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің нақты танытатын белгілерін жазып, баяндаңыз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б.

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.


*Тақырып 11 Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, түрлері, қызметі.

*Сабақтың мақсаты: Түркология мен қазақ тілі біліміндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-257 беттерін конспектілеу (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.).

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б.

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.


*Тақырып 12. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, функциясы жөніндегі теориялық зерттеулер

*Сабақтың мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты мен байланысуына тән ерекшеліктер, компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастарды айқындау.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастарды нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

2.Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің байланысуына тән ерекшеліктерді нақты мысалдармен көрсетіңіз.

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б.

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.
*Тақырып 13 Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты

*Сабақтың мақсаты: Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасуы, кірігуі, инверцияға түсуін нақты мысалдармен дәлелдеу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверцияға түсуіне көркем шығармадан 5 мысал теру

2. Аралас құрмалас сөйлемге көркем мәтіннен мысалдар жазу.

* Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(222-229 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.

*Тақырып 14. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі. Құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу.

*Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы көп компонентті құрмалас сөйлемдер мен қазақ тілі біліміндегі көп компонентті құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен таныс болу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 220-223 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б.)

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(289-299 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б.
*Тақырып 15. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы.

*Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы құрмалас сөйлемдер мен қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу.

*Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы

2. Семинардың алдында терминді және түсінікті анықтау және нақтылауы

3.Семинар сабағындағы пікірталаста қатысушылардың ойларының бірізге келуі тиіс.

*Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 147-168 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б. )

* Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(142-152 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б.
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге аранлаған әдістемелік нұсқау

Студент «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Лингвистика ілімі қазіргі теорияның тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистика ілімі тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.

Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

5.1 Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амалдар, оларды сипатына қарай топтау.

5.2 Ыңғайластық салалас сөйлемдердің коипоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар.

5.3 Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыратын жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі.

5.4 Себептік салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, мағынасы

5.5 Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, семантикасы.

5.6 Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.

5.7 Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.

5.8 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері байланысу амалдары.

5.9 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың танылу принципі

5.10 Сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.

5.11Сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі функционалдық орны.

5.12 Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың түрлері қызметі.

5.13 Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, функциясы жөнінідегі теориялық зерттеулер.

5.14 Салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің функционалдық қарым-қатынасы.

5.15 Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы, ол зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы.
5.2 Реферат тақырыптары

5.2.1 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі функционалдық орны.

5.2.2 Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың түрлері қызметі.

5.2.3 Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, функциясы жөнінідегі теориялық зерттеулер.

5.2.4 Салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің функционалдық қарым-қатынасы.

5.2.5 Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы, ол зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы.

5.2.6 Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амалдар, оларды сипатына қарай топтау.

5.2.7 Ыңғайластық салалас сөйлемдердің коипоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар.

5.2.8 Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыратын жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі.

5.2.9 Себептік салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, мағынасы

5.2.10 Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы, семантикасы.

5.2.11 Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.

5.2.12 Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.

5.2.13 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері байланысу амалдары.

5.2.14 Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың танылу принципі

5.2.15 Сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет