Түйін сөздер:
білім беру, педагог, білім беру сапасын басқару, сабақты
зерттеу жобасы, іс-әрекеттегі зерттеу жобасы.
Білім беру сапасы – бұл кешендік түсінік, яғни іс-әрекеттің тиімділігіне
сипаттама бергенде, оның әртүрлі жақтары: стратегияны анықтау білім беру
мазмұны және оны ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби қызметі, маркетинг
және т.с.с қарастырылады. Олардың барлығын төмендегі үш бағытта
топтастыруға болады.
Білім беру сапасы мазмұнының үш басты құрылымы:
1.
Білім беру үдерісінің мақсаты мен мазмұны.
2.
Педагогдардың кәсіби қызметі және оны ұйымдастыру деңгейі.
3.
Материалдық-техникалық базаның жағдайы және білім беру
үдерісінің ғылыми, әдістемелік, ақпараттық деңгейі.
Білім беру сапасы-ұйымының негізгі көрсеткіші және ол педагогтар мен
оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қызығушылығын қолдайтын, табысты
еңбекті атқаруға ынталандыратын білім беру ортасын құруға ықпал етеді.
Білім беру сапасын басқару – бұл ұйымның дәстүрлі түрдегі жұмыс
жасауынан инновациялық даму режиміне көшу үдерісі. Өйткені басқару
барысында білім беру үдерісінің жағдайы, күтілетін және жеткен нәтижелер
жайлы үнемі жеделнақты ақпарат алудың арқасында тұзету жұмыстарын
жүргізуді жетілдіруге мол мүмкіндіктер туады.
Білім беру сапасын басқару – бұл ерекше басқару. Себебі оның барысы
кез келген алдыңғыдан жақсырақ немесе кездейсоқ нәтижелерді алуға емес,
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
29
алдын-ала анықталған, болжалынған, нақты нәтижені алуды ұйымдастыруға
бағытталған.
Мектептегі білім беру сапасын басқарудың мазмұны:
«Нәтиже – білім беру үдерісі-жағдайы» сызбасы негізінде бәләм беру
үдерісі бойынша проблемалық талдау жүргізу.
Мектеп қызметі мақсатын және әр пән бойынша оқыту немесе білім
беру салалары бойынша мақсатты анықтау, осы қойылған мақсатқа жету іс-
әрекетінің жобасын (бағдарламасын) жасау.
Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде білім
беруді ұйымдастырудың бағдарламасын жасау, онда пән,дер және білім беру
салалары бойынша оқушыларадың жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай
талаптарды белгілеу.
Білім беру үдерісінің нәтижесін және бағалау жүйесін жасау.
Білім беру сапасын басқару мәселесі бойынша басшылар мен
мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау жүйесін және соның негізінде
басқарушылық шешім шығаруды ұйымдастыру.
Білім беру сапасы бойынша жеткен нәтижені аудан, облыс,
республика, әлемдегі білім ұйымдарының нәтижесімен үнемі салыстыру.
Оқушылар, ата-аналар, әлеуметтік ортаның мектептегі білім беру
сапасына қанағаттануын талдау.
Білім беруді басқару органдары тарапынан жүргізілген бағалауды
(рейтингті) ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған мазмұнда мектептегі білім беру сапасын басқаруда
ескеру:
үдеріске бағытталған басқару мен нәтижеге бағытталған басқарудың
арақатынасының тепе-теңдігін үнемі сақтау;
білім беру сапасын басқаруда ақпарат алудың басты көзі ретінде
мониторингті кеңінен жүргізу.
Мектептегі білім беру сапасын басқарудың бағыттары:
1.
Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету.
Бұл білім берудегі оқу
жоспары мен оқу әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтау. Осы
сәйкестік негізінде тұлға бойында білік (құзірет), біліктілікті (құзіреттілкті)
қалыптастыру және оны өмірде қолдана алуын қамтамасыз ету.
2.
Білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру.
Білім беру сапасын арттыру
мақсатында оқытудың түрлі әдістерін, технологияларын тиімді қолдану. Білім
беру үдерісін сапалы ұйымдастырудың мәні: оқушыларды білуге, орныдай
алуға, бірігіп жұмыс жасауға, жеке тұлға ретінде өзін сезінуге, өзін және
қоғамды өзгертуге негіздеу. Аталған ұйымдастыру барысында тұлғаның
сұранысын қанағаттандыруға баса көңіл бөлу, сонымен қатар тұлғаның өз
бетінше шешім қабылдау, сыни тұрғысынан ойлау, өз бетінше әрекет жасау,
ойын айту, пікір беру, басқаларымен қарым-қатынас орнату, өзін, өзгені түсіне
білу, қоғам өміріне жан-жақты араласу, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік
Development trends of modern education
30
бірлікті дамыту, басқа адамдарға қызмет жасау, моральдық, этикалық кодексті
сақтау, жеке жауапкершілігін ұстау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзін
қорғай білуге баулу.
3.
Білім беруде сапалы орта жасау.
Мектепте сапалы білім мазмұнын
қалыптамасыз ету және оны сапалы ұйымдастыру ғана болып қоймай, ұжымға,
оқушыларға жайлы, тілектес, өздерін еркін ұстайтын орта жасау. Сондай-ақ
мектеп оңтайлы, қолайлы, қауіпсіз, гигиеналық талапқа сай, таза, су, жарық,
жылу, сынып бөлмелерімен қамтамасыз етілуі қажет. Сапалы ортаға бұдан
басқа материалдық техникалық база, соның ішінде оқу-әдістемелік құралдар да
жатады. Ең бастысы барлық оқушыларға, педагогтарға білім беруде бірдей
мүмкіндік, қолжетілімділік жасау.
4.
Кәсіби білікті, білім беруге ынтасы мол, қызығушылығы бар
педагогтар қауымын қалыптастыру.
Педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай
жасау, мүмкіндік тудыру және әлеуметтік қорғау.
5.
Саналы оқушылар қауымын тәрбиелеу.
Бұл бағыт бойынша тұлғаның
ойлау қабілетінің, психикалық және әлеуметтік дамуы мақсатындағы
жұмыстарды жүйелі жүргізу.
Мектептегі білім беру сапасын қамтамсыз ету үшін білім ұйымы
басшыларымен қатар, ұжымның әр мүшесі өзінің қызметін өзі басқаруы қажет,
яғни бұл әр педагогтың атқаруга тиісті барлық әрекеттерін толық өздігінен
орындауы, соңына дейін жеткізуі.
Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемілекеттік
жаңа саяси бағыты» жолдауын жастар зор ынта-ықыласпен қабылдап, оны
жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек. Елбасы ұсынған
елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт
Білім саласының қызметкерлері, біздер үшін маңызды болып табылады. Ол –
жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттілігі. Бұл бағыт білім беру саласында
еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді оқыту әдістемелерін
жаңарту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді
және құралдарды қарқынды енгізу – заман талабы. Осыған орай мектебімізде
ұстазадармен семинар, коучинг және т.б. өткізіліп отырады.
«Сабақты зерттеу» жобасы.
Lesson study-дің міндеті – оқушының сабақта білім алған, алмағанын,
оның сабаққа реакциясын білу. Lesson study көмегімен оқушыға тиімді білім
беру үшін өз тәжірибемді жетілдіру тәсілдерін анықтасақ.
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
31
«Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы.
Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны
табатын өнер
(Ж. Аймауытов).
Үш жылда мектеп сапасы жоғарылау үстінде:
2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша жылдық сапа 55 пайызды
көрсетті.
2019-2020 оқу жылында мектеп бойынша жылдық сапа 60 пайызды
көрсетті.
2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша жылдық сапа 61 пайызды
көрсетті.
Development trends of modern education
32
Мектепте білім беру сапасын басқару амалын қолдану мектептің биік
жетістіктерге жетуіне және тұлғаның бүгінгі күн талабына сай қалыптасуына,
өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |