Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
23
мамандықтарында оқитын студенттер мен магистранттардың психологиялық-
педагогикалық ғылыми пәндерінен алған ғылыми-теориялық
білімдерінің
өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді
жасаудың жолдары сан алуан [1]:
– оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына
(тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің
қайталанбас
тұлға екендігіне көз жеткізу;
– студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;
– болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту.
«Alikhan
Bokeihan
University»-дегі
психологиялық-педагогикалық
коррекция кабинеті арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік
қағидаларын басшылыққа алып, 2020 жылдың желтоқсан айында салтанатты
түрде ашылды. Психологиялық-педагогикалық (түзеу) коррекция кабинеті
жайлы Қазақстан Республикасының 2007 ж. 27 шілдедегі «Білім туралы» [2],
ҚР-ның 2002 ж. 11 шілдедегі «Кемтар балаларды
әлеуметтік медициналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау» Заңы [3] және ҚР Білім және ғылым
министрлігінің 2017 ж. 14 ақпан айындағы № 66 бұйрығымен бекітілген.
Қазіргі кезде балалардың тілдік дамуындағы кемістіктер жиі кездесетіні
байқалуда: сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалау,
бір дыбысты
екінші дыбыспен алмастыру, ойын жеткізе алмау, тілдік қарым-қатынастан бас
тарту, өзінің тілдік кемістігін жасыру мақсатында, түрлі амал жасау және т.б.
Тілдік кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесуге
деген қызығушылықты
төмендетеді және сөздік қарым-қатынас барысында қиындықтар тудырады.
Аталған себептер баланың дұрыс жетілуін күрт тежейді, ақыл ойы дамуының
біртіндеп кешеуілдеуіне және басқа да жағдайларға әкеп соғады.
Сондықтан
«Alikhan
Bokeihan
University»-дегі
психологиялық-
педагогикалық коррекция кабинеті оқытушыларының коррекциялық –
дамытушы технологияларға ерекше көңіл бөлуі кездейсоқ емес. Жалпы
балалардың өзіндік белсенділігі мен өз бетінше әрекет ету қабілетіне көңіл бөле
отырып, белсенділіктері мен тәуелсіздігін шектемейтін жағымды орта жасауды
мақсат еттік.
Психологиялық-педагогикалық коррекция кабинетінде
тілдік кемістігі
бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының мақсаты: балалардың
әлеуметтік мәртебесін арттыру; қалыптастыру;
сөйлеуін жан-жақты дамыту
және түзету, балалардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке
тұлғалық позитивті қасиеттерін дамыту.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмысының негізгі
бағыттары:
Психодиагностикалық,
Консультациялық,
Ағартушылық-профилактикалық,
Түзету-дамытушылық,
Әлеуметтік бейімделу.