Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
107
ҒТАМР 61.01
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТАРЫНАН
ЖАСАЛЫНҒАН СУ ТАЗАЛАЙТЫН NatFil ФИЛЬТРІ
Қ. Саламат, А. Алтынбекқызы
Студенттер, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.
Мақаланың мақсаты цеолит пен диатомит минералдарының және өндіріс
қалдығы болып саналатын фосфогипстің физикалық және химиялық
қасиеттерін
сипаттай отырып, олардың су тазалау саласындағы пайдасын
талдау.
Қазақстандағы
минералды
шикізаттың
қолданысын кеңейтіп,
универсалды әрі арзан су фильтрациясының жаңа
әдісіне шолу жасау жазылған
жұмыстың жаңашылдығы болып табылады. Ғылыми жобаның нәтижесінде
цеолит, диатомит пен фосфогипстен тұратын 5 түрлі капсулалар жасалып, су
фильтрінің макеті құрастырылды.
Түйін сөздер:
фильтр, капсула, минерал, абсорбент,
қайта өңдеу, ауыр
металдар.
«NatFil» немесе «Natural Filter» – минералды капсулалар негізінде суды
ауыр металл көздерінен тазартып ғана қоймай,
сонымен қатар оны минералды
элементтермен байытатын жаңаша фильтр түрі.
Жұмыстың мақсаты: суды тазалаудың жаңа түрін, яғни өндірістік
қалдықтарды (диатомит пен цеолит минералдары) қолдана отырып, суды
тазалау әдісін ұсыну. Су тазалағыштардың альтернативті (арзан) түрін көрсету.
Суды тазарту мәселесі әлі де жаһанды
сұрақтардың бірі болып қала
бермек. BBC халықаралық ақпарат жүйесіне сүйенсек, жылына 3,4 миллион
халық ластанған суды тұтыну себебінен қайтыс болады. Ауыз су тапшылығы
әлем халқын белгілі бір нәубетке әкелген іспеттес.
Техногенді лас судың 60 %-ы ауыр металлдармен ластанған. Адам
ағзасына ауыр
тиетін металлдарға қорғасын, цинк, кадмий, молибден, хром,
марганец және титан, мыс сияқты элементтер жатады.
Әсіресе Қазақстан тұщы су қоры бойынша ТМД елдерінің арасында
соңғы орын иеленіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау
министрі болған Нұрлан
Қаппаров мәлімдеуінше «қазіргі таңда Қазақстанда су тапшылығы 20 пайызды
құрайды. Бұдан әрі тұтынудың артуына және климат өзгеруіне байланысты су
тапшылығы тек арта түспек».
Біздің фильтрдің негізгі жұмыс атқаратын бөлігі –
минералдардан
жасалған капсулалар