Асырасілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам кейін қай күйге түсіп жолықса да, баяғы көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның