Ықтималдыболжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауына өте қажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ-әрдайым өтірікші, мәдениетті-ой-өрісі кең, қайырымды-үйіршең, сенгіш, өшпенді адам-әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылап барады.