§ 10.1 Геометриялық нивелирлеу əдістері
Геометриялық нивелирлеу, көздеу осінің жазықтығын қамта-масыз ететін нивелир аспабы жəне биіктігі анықталмақшы нүктелердің үстіне тік орнатылған рейкалар арқылы іске асады. Нивелир аспабымен рейканың бір-біріне қарағандағы орналасу-ларына сəйкес, нивелирлеу екіге бөлінеді: «ортадан» жəне «алға» нивелирлеу.
Ортадан нивелирлеу. Бұл жағдайда нивелир А жəне В нүкте-лерінен бірдей қашықтықта, яғни екі нүктенің ортасына орнаты-лады (46-сурет). Егер А нүктесінің абсолюттік биіктігі белгілі бол-са, соңғы (З) жəне алдыңғы (П) екі нүктенің үстіне орнатылған рейкалардан алынған есептерді пайдалана отырып, төмендегідей жазуға болады,
Яғни, екі нүкте арасындағы өсімше соңғы (З) жəне алдыңғы (П) рейкалардан алынған есептердің айырмасына тең болады. Өсімше оң (+) жəне теріс (–) мəнді болып келеді. Мысалы, В нүктесінен А нүктесіне қарай бағытталған жүрісте h теріс (–) мəнді.
Нүктелердің биіктігін аспап деңгейі (ГИ) арқылы анықтау жиі кездеседі жəне де жеңілірек. Аспап деңгейі (ГИ) дегені-міз – көздеу осінің деңгейлік беттен биіктігі, ол келесі формула-мен анықталады,
ГИ = НА +З;
|
|
(89)
|
|
НА = ГИ – З.
|
|
|
|
|
|
|
95
Яғни, аспап деңгейі (ГИ) соңғы нүктенің биіктігіне, осы нүктенің үстіне қойылған рейкадан алынған есепті қосқанға тең.
Достарыңызбен бөлісу: |