Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индстрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау əдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде


-сурет. Ортадан нивелирлеу тəсімі 47-сурет



бет24/47
Дата06.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#79897
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Абуова геодезия С-19

46-сурет. Ортадан нивелирлеу тəсімі 47-сурет. Алға нивелирлеу тəсімі

Аспап деңгейі арқылы биіктікті анықтау сызықтық инженерлік құрылыстардағы ізденіс жəне құрылыс алаңдарында бір нүктеден (бір станциядан) бірнеше биіктіктерді анықтау кездерінде жиі қолданылады.




Алға нивелирлеу. Бұл əдіс кезінде нивелирді А нүктесінің үстіне, оның окуляры бір тік сызықтың үстінде тұратындай етіп орнатады да, аспап биіктігін (i) өлшейді. В нүктесінің үстіне рей-каны орнатады да, в есебін алады. Сонда А жəне В нүктелерінің бір-бірінен өсімшесі (47-сурет),



h =i- в,

(90)

яғни «алға» нивелирлеу нəтижесінде, өсімше аспап биіктігі алынған рейкадан алынған есепке тең болады.


Инженерлік геодезия жұмыстарында бұл əдіс жиі қолда-нылмайды, себебі аспап биіктігін өлшеу дəлдігі төмен жəне күрделі.


11-дәріс Қарапайым жəне күрделі нивелирлеу


Егер ортадан нивелирлеуде өсімше анықтау бір-ақ станция-дан (тұрақтан) атқарылатын болса, онда мұндай нивелирлеуді қарапайым нивелирлеу дейді. Ал егер А жəне В нүктелерінің ара-сында өсімше анықтау бірнеше тұрақтан атқарылатын болса, мұндай нивелирлеуді күрделі нивелирлеу дейді (48-сурет).


Тұрақ саны, бастапқы А жəне соңғы В нүктелері арасындағы жер бедеріне жəне олардың арақашықтығына байланысты бо-лады. Жер бедері құлдиламалы тұстарда, нивелирден рейкаға дейінгі арақашықтықты таңдағанда, көздеу осі рейкадан асып





96

кетпегенін немесе өз жолында жер көрініп («жерге ұрмағанын») тұрмағандығын қадағалап отырады. Станцияларды (нивелир ор-нататын нүктені) рейкаларды басып өтетін сызықтың тура үстіне қою қажет емес.


48-сурет. Күрделі нивелирлеу тəсімі

Мұнда нивелирді нивелирленуші трассадан тыс қоя береді, тек қана шартты түрде рейкаға дейінгі арақашықтықтар мүмкінді-гінше тең болғанын қадағалап отырады.





  • жəне В нүктелерінің арасындағы күрделі нивелирлеу (43-сурет) кезіндегі Н өсімшесі сол аралықтағы барлық өсімшелердің алгебралық қосындысына тең болады:




НАВ= h1+ h2+ h3+ h4+ h5 .

(91)

Іргелес нүктелердің арасындағы өсімшені «соңғы нүктеге қарау» – (З) алынған «алдыңғы нүктеге қарау» - (П) ережесі бойынша анықталатын болса, онда бастапқы А жəне соңғы В нүктелері арасындағы күрделі нивелирлеу нəтижесінде табылған өсімше, рейкалардан алынған барлық соңғы есептер (∑З) алынған барлық алдыңғы есепке (∑П) тең болады, яғни




НАВ=∑З - ∑П. (92)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет