100
52-сурет. Жанамалы деңгейдің
көрінуі. (а)деңгей осі жазық жағдайда
51-сурет. НВ-1 нивелирі. емес; (ə)деңгей осі жазық жағдайда
көпіршік қанша шамаға ауысса, соның жарты шамасына көпір-шікті ауыстырады. Одан əрі көтергіш бұрандалардың көмегімен аспапты қайтадан қалыпты жағдайға келтіреді.
Тор көз қыл жіптері дұрыс орнатылған болуы керек. Аспап-ты қалыпты жағдайға келтіріп алып, жіп торының жазық қыл жібін жақсы көрініп тұрған нүктеге немесе рейкаға бағыттайды да, бағыттағыш бұранда-тетігімен екі жағына кезек бұрады. Осы кезде жазық қыл жіп торы таңдап алынған нүктеден ауытқитын болса, онда жіп торын дұрыстау керек.
Нивелир осінің тік қалыпты жағдайында, цилиндрлік деңгейдің осі жəне көздеу осі тік параллель жазықтықта жа-тулары керек. Нивелирді қалыпты жағдайға, оның көздеу осі
бір көтергіш бұранданың тұсында тұратындай етіп орнатып, цилиндрлік деңгейдің көпіршігін ортасына келтіреді. 50-70 м қашықтықта рейка орнатып есеп алады. Əрі қарай, көздеу осіне перпендикуляр екі көтергіш бұрандаларды қарама-қарсы жаққа (3-4 бұрап) бұрап нивелирді еңкейтеді де, рейкадағы есептің өзгермегенін қадағалайды жəне деңгей көпіршігінің қаншаға ауыс-қанын бақылайды. Одан əрі рейкадағы есептер өзгермейтіндей қылып, сол көтергіш бұрандалармен нивелирді қалыпты жағдайға келтіреді. Рейкадағы есепті өзгертпей, осыған ұқсас нивелирді келесі жағына еңкейтеді. Егер еңкейту кезінде көпіршік бастары бір-біріне дəл келсе немесе бір жағына ауытқыса, онда шарттың орындалғаны. Түзету үшін цилиндрлік деңгейдің бүйіріндегі винттерді пайдаланады.
101
Дүрбінің көздеу осі, цилиндрлік деңгейдің осіне параллель бо-луы керек. Бұл шарт нивелирдің ең басты шарты болып есептеледі.
Түзету жер бетіндегі бір сызықты екі рет нивелирлеу арқылы іске асады. Арақашықтықтары 50-70 м жерге екі А жəне В нүктелеріне
қазықша (жоғары ұштары жер бетімен бірдей болулары керек) қағады (53-сурет). Окуляры А нүктесінің үстіне дəл келетіндей етіп нивелирді орнатады да, а1 биіктігін өлшейді, ал В нүктесінің үстіне рейка орнатып в1 есебін алады. Одан əрі аспаппен рейканың орындарын ауыстырып, а2 аспап биіктігін өлшейді жəне рейкадан в2 есебін алады. Егер дүрбінің көздеу осі, цилиндрлік деңгейдің осіне параллель болмаса, онда ауытқу шамасы төменгі формула-
мен есептеледі:
х
|
в1 в 2
|
−
|
а1 а2
|
(93)
|
|
2
|
2
|
|
|
|
|
|
Егер ауытқу шамасы 4 мм аспаса, онда шарт орындалды деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |