54-сурет. Көздеу дүрбісінің жəне компенсатордің тəсімі
Нивелирдің көру дүрбісі үш линзалы объективтен (3, 7, 8 линзалар), фокустық арақашықтықты реттеуші (5) линза, жіп торы жəне окулярдан тұрады. Дүрбіні a бұрышына еңкейткен кезде линза (1) көздеу осін қарама-қарсы жаққа сондай бұрышқа ауыстырады, нəтижесінде көздеу осі автоматты түрде жазық жағдайға келеді.
Мысалы, А нүктесіне көздеген кезде, көздеу осі жазықтық-тан a бұрышына ауысады, ал нүктенің бейнесі тор жіп торының жазық сызығы үстінде қалғанымен А/ нүктесіне ауысады. Бұл кезде теріс линза жазықтыққа сондай бұрышқа (a) ауысады да, көздеу осі түзу бағытын автоматты түрде сақтайды.
НСМ-2А, НС-4 Нивелирлерлері өздігінен көздеу осьтері қалыпты жағдайға келетін нивелирлерге жатады. Бұл нивелир ғалым А. В. Мещеряковтың басшылығымен құрастырылған. ±10 минуттық көлбеулікте жұмыс істей алатын, компенсаторлы телескопиялық жүйелі нивелир (55-сурет). Көздеу дүрбісі 31,5Х үлкейте алады.
Нивелир жазық жағдайға бөліктер бағасы 2/ дөңгелек деңгей арқылы келтіріледі. Мұндай аз сезімталды деңгейдің ерек-шелігі – аспапты қалыпты жағдайға келтіруді жеңілдетеді, яғни нивелирдің дұрыс орнатылмағандығын, дүрбіден көрінген бей-ненің нашарлығынан тез байқауға болады. Сонымен бірге,
103
ортадан нивелирлеу əдісінде ни-велир мен рейкалардың арақашық-тықтығы тең болмаса да, жұмыс істей беруге болады. Бұл ерекшелік құрылыс алаңдарында, құрылыс құрамабітімдерін (конструцияларын) жəне технологиялық жабдықтарды монтаждау кездерінде өте қолайлы.
НС типті нивелирлердің тексе-55-сурет. НСМ-2 нивелирі рулері. Бұл типтегі нивелирлердің
тексерулері келесі шарттарды қамтиды.
Цилиндрлік деңгейлердің осі, нивелирдің айналу осіне перпендикуляр болуы керек. Бұл тексеруді НТ нивелирінің тексеруіндегідей іске асырады. Екінші деңгейдің көпіршігін түзету бұрандалары арқылы бірінші деңгейге қарап түзетеді.
Жіп торы дұрыс орнатылуы керек. Бұл тексеру НВ-1, Н3 нивелиріндегі түзету жолдарымен іске асады.
Көздеу сызығы жазық жазықтықта жатуы керек. Бұл негізгі тексеру екі қайталап нивелирлеу əдісімен НВ-1, Н3 нивелирлеріндегідей орындалады.
Мұндай өздігінен көздеу осьтері қалыпты жағдайға келетін нивелирлерге шетел аспаптарын да жатқызуға болады, олар – Германия фирмалары «Карл Цейсс», «Иена» шығаратын Сопi 007 жəне Ni 025 нивелирлері.
Сопi 007 нивелирінде көздеу осьтері қалыпты жағдайға ±
10 минуттық көлбеулік шамада, маятникті компенсатор арқылы келтіріледі. Көру дүрбісі – перископтық, тура бейнелі. Нивелирдің шыны лимбі бар, одан есеп окулярдың астына орналасқан микроскоп арқылы алынады.
Ni 025 нивелирінде көздеу осьтері қалыпты жағдайға оптико-механикалық компенсатор арқылы жазық жағдайға келтіріледі. Компенсатор, линзалар жүйесі ретінде жасалған, бір линза корпусқа бекітілген, ал екі тік бұрышты призмалар екі-екіден бір-бірімен айқасқан сым-темірге ілінген жəне ауалы демфермен жабдықталған.
Компенсаторлы нивелирлерді Япония, Швеция, Чехия сияқты елдерде де шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |