Компенсаторлы нивелирлер
Бұл топтағы нивелирлердің арнаулы, автоматты түрде көру дүрбісінің көздеу осін жазық жағдайға келтіретін – компенсатор деп аталатын құрылғысы бар.
53-сурет. Н3 нивелирін тексеру тəсімі
Мұндай көздеу осі өзінен-өзі жазық жағдайға келіп тұратын нивелирлердің конструкциялық ерекшелігі, онда дəлдігі жоғары деңгей жəне элевациондық бұранда-тетік жоқ. Олардың орнына, аспап осі аздап еңкейген жағдайда жұмыс істей беруге болатын компенсатор орнатылған.
Нивелирдің көру дүрбісі объективінің (3) алдында екі линза орналасқан (54-сурет) оң мəнді (жазық сыртқа шығыңқы) (2)
102
жəне теріс мəнді (жазық ішке ойысқан) (1) линзалар. Оң мəнді, яғни сыртқа шығыңқы линза дүрбі объективімен бірге көмкеріліп орналасқан; теріс, яғни ішке ойысқан линза қозғалмалы тетікпен
болат сым – темірлерге (4) ілініп байланысқан. Линза, бір үлкен жəне екі кіші қарсы салмақтармен тепе-теңдік сақтауға ұмтылады (суретте салмақтар көрсетілмеген).
Достарыңызбен бөлісу: |