114
№13-дәріс. Ұзынабойлық профильді салу
Ұзынабойлық профиль дегеніміз – тік жазықтықпен қиылған қағаз бетіндегі жер беті қима бейнесі. Ұзынабойлық қима сызықтық инженерлік құрылыстарды жобалау кезіндегі негізгі ізденіс материалы болып саналады. Құрылыс алаңдарында ұзынабойлық қима, ішкі жəне жақын маңдағы авто жəне темір жолдарын, электр жəне байланыс желілерін, жер асты инженерлік құрылыстарын (су құбырларын, канализация, жылу тораптарын, кабельдік құрылымдар, т.т.) жобалау жəне оларды салу кездерінде қолданылады.
Ұзынабойлық профиль миллиметрлік қағазға бекеттік жəне плюстік нүктелердің биіктік шамалары, олардың арақашық-тықтары, сонымен бірге сол трассаның топографиялық түсірісі негізінде салынады.
Ұзынабойлық профильдің масштабы əртүрлі болады. Мыса-лы, магистральды темір жол үшін; жазық масштабы 1 см = 100 м (1:10 000), ал биіктік үшін (тік масштаб) 1 см = 10 м (1:1000); жал-пы авто жолдары үшін: жазық масштабы 1:5000, ал биіктік үшін 1:500.
Құрылыс алаңдарында сызықтық құрылымдары үшін, ұзына-бойлық профиль ірірек масштабта құрылады: жазық масштабы 1:500 - 1:5000 дейін жəне тік масштабы 1:50 – 1:500.
Достарыңызбен бөлісу: |