§15.2 Кіші көпірлерді қадалау
Жер бетінде жоба негізінде қазықшалармен немесе баға-налармен бекітілген көпірдің ұзынабойлық осін қадалағаннан кейін, жер бетінде көпірдің ортасын трассаның жақын бекетінен өлшеу арқылы бекітеді, мұнда жұмыстың дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін, келесі бекеттен өлшеп тексереді.
Барлық өлшеулер екі қайталанып атқарылады.
Көпірдің ортасынан ұзынабойлық осі бағытымен, шеткі жəне аралық тіреулерге дейінгі арақашықтықтарды өлшеп алып, белгілеп бағаналармен бекітеді. Ұзынабойлық оське перпенди-куляр бағытта, тіреулердің осьтерін бекітеді. Ол үшін, тақтайдан жасалған (өлшемдері 1,5х2,0х2,5 м) бұрыштық шаблонды пай-даланады, яғни шаблонды осьтердің қиылысқан нүктесіне тік бұрышымен, ал екінші қабырғасын көпірдің осі бағытымен қойып бағыттайды.
Шаблонның келесі қабырғасы бағытымен осьтен бастап, əр көпірдің жалғасқан (сваи) тұсының ортасына дейін өлшеп, белгілеп қазықшалармен бекітеді.
Бұрыштық шаблонның орнына эккер немесе теодолитті пай-даланады.
Барлық өлшемдер екі қайталанып өлшенеді, оның үстіне көр-ші орналасқан төртбұрышты жалғасқан құрылымдарда, олардың диагональдарын өлшеу арқылы тексереді.
Егер көпір бір қатарлы жалғасқан құрылым емес, екі немесе бірнеше қатарлы болса, онда көпірдің осін бекіту сырт жақта, желілер (обноска) арқылы іске асады (72-сурет).
Көпірдің əр құрылымының (сваи) орналасу жағдайы, көпірдің осінен бастап, əр қатардың осі бойымен белгіленеді де, жер-ге қазықшалармен бекітіледі жəне қазықшаларға құрылымның жоба бойынша реттік номері жазылып отырылады. Егер көпірдің тіреулері түгел немесе олардың бір бөлігі суда орналасқан бол-са, онда көпір осьтерін қадалау үшін су үстіне көпір осі келіп тұратындай етіп таяныш орнатылады.
72-сурет. Кіші көпірдің осін қадалау
Егер тіреу аралары үлкен болса, онда су үстіндегі таяныш-тар тіреулердің маңында ғана орнатылады. Таянышты орната-тын тұсты, ұзын таяқты су түбіне тығу арқылы анықтайды. Бұл таяқтың орнын анықтау үшін, өзеннің жағасында ұзындығы тіреуге дейінгі арақашықтықтың 2/3-дей АВ базисін қадалау арқылы анықтайды (73-сурет).
Базистің көпір осіне перпендикуляр болғаны дұрыс жəне оны трассаның бекеттік нүктелеріне байланыстырады. Ұзын-дығын тиянақты (екі өлшемнен аз емес) өлшеп алып, А жəне В нүктелеріндегі С нүктесіне қарап, тіреу жəне көпір осьтерінің қиылысқан жеріндегі α жəне β бұрыштарын қиылыстыру əдісімен өлшеп есептейді. Жағада көпірдің осі бағытымен екіден кем емес қазықтарды орнатып, геодезияшы маман қайыққа отырып, ось бойымен қағылған екі жағадағы қазықтар бағытымен қолына ұзын қазық ұстап жылжиды.
Біруақытта базистің А нүктесіне орнатылған теодолитпен α
бұрышын көздеп, жағадан белгі беру арқылы ось бойында нүктені
белгілейді де, ұзын қазықты өзен түбіне қағып бекітеді. Содан ке-
йін барып, тіреулер айналасында желі орнатылып, тіреудің құры-
лымы (сваи) жоғарыда айтыл-
ғандай қадаланады.
Көп сулы үлкен өзендерде жүзбелі копер қолдану кезінде тіреу құрылымдарын қадалау, оны қағу процесінде іске асады, оның үстіне мұнда қатар нүктелер немесе қиылыстыру əдістері қолдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |