Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері



бет2/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Ел президенті Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде біздің елімізде оқушыларды дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын, ол оқушлар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: “2010-жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек”-деп атап көрсеткен.

Бүгінгі таңда оқушыларды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жету үшін қазіргі ұрпақ тәрбиесінің негізі болып отырған мектептің негізгі мақсаты оқушыларға тек оқыту процесі кезінде ғана тәрбие берумен шектелмей, оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өміргедеген құштарлығын арттыратын жұмыстарды ұйымдастьіру арқылы тәрбие беру болып табыладыдеп көрсеткен.

Қазіргі заманда мемлекетке білімді де білгір ұшқыр ойлы әрі іскер адамдарды керектігіне, ал оларды оқыту және тәрбиелеу білім процесіне жаңа педагогикалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізуге тікелей байланыстылығына ешкімде шұбаланбайды.

мектеп жасына дейінгі оқыту саласына үлкен үлес қосқан ғалымдар Қ.А. Аймағамбетова, Т. Әбдікәрімова, К.Бозжанова,С.Рахметова, М.Жұбанова, Т.Сабыров, Т.Оспанов, О.Сатқанов, Р.Уаисов және т.б. өз еңбектерінде мектеп жасына дейінгі мекемелердегі оқыту мәселелерін, оқыту мазмұны мен әдістерін терең зерттеп, тәрбие жұмыстарын да қарастырады. Мектеп жасына дейінгі сыныптағы білім мазмұнын жетілдірудің педагогикалық негіздерін, оқу үрдісінің тиімді жолдарын, тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра зерттеп қарастырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталады.

Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым – қатнастың қарама – қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жұйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті.

Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатнастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп – жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

ҚР Конституциясының алтыншы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресустар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді.

Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы « ҚР жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы « ҚР білім беру туралы » заңында, 1996 жылғы « ҚР эколгиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында » көрсетілген.

Сонымен қатар, ҚР « Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 – бабының әрқайсысы еліміздің болашағын, экологиялық жағынан қаматамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, эологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, еш даму, еш болашақ бомайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.

Ғылымда « экология » деген ұғымды алғаш айтқан адам – Эрнест Геккель. Ол « экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Э. Геккельдің өмірге енгізген « экология » сөзін дәлме – дәл аударғанда « үй туралы ілім, тұрақ ( мекен) туралы ғылым» деген грек сөзінен шыққан.

Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің «ойкос» үй, тұрақ, мекен және «логос»– білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатнастарының, табиғи орта мен байланыстарын зерттейтін ғылым» деп сипаттаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет