Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері


Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері



бет5/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ

1.2. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері


  1. Өмірде және нақты еңбек іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерліккке төселу;

  2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

  3. Әрбір мектепте экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру. Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.

  4. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорық, саяхат ұйымдастырады.

Балаларға тәрбие беру барысында маңызды мәселелердің бірі ретінде қоршаған ортаның таза болуына көңіл бөлуіміз қажет.

Балаларға бұл мәселелер үшін, әрқайсысына өздерінің үй іргесінің, ауласының, сыныбының, мектеп төңірегінің тазалығын сақтау қажет екендігін түсіндіруден бастаймыз. Тазалықты сақтауды ескерте отырып, оның орындалуын да талап етеміз. Мұның нәтижесінде, біріншіден, арнайы тәрбие сағаттарын өткізу көзделеді. Тәрбие сабақтарының тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы:



  • « Туған ауылым тамаша»;

  • « Таза ауа – денге дауа »;

  • « Тазалық – денсаулық кепілі», т.б.[6]

Екіншідден, арнайы апталық, айлықтар өткізіледі, оған барлығы толық белсене қатысып отырады. Бұл кезде ауқымды жұмыстар орындалады. Мәселен, көше бойындағы арықтар тазартылады, аулалардан қоқыстар шығарылады, ағаш отырғызылып, ауылды көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет