Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлеріне тоқталар болсақ:
Ауыл мекемелерінің оқу – тәжірибе үлескесіндегі бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
Мекемелердің орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі. Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарының түрлері көшет материалдарын өсіру, ағаш отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман – тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу, дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ, т.б. жемістерді жинау, пайдалы хайуандарды қорғау және олардың есебін алып отыру, фенологиялық бақылау жүргізу.
Балаларға ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың басшылығымен жүргізіледі.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай іс – шаралар ұйымдастырылады. Олар: кеш, дәріс, әңгіме, көрме, сайыс, оқушылардың шығармашыық рефератттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыптарына арналған плакаттар, т.б. Осылардың бәрі оқушылардың табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралды.
Балаларға экологиялық тәрбие беру барысында маңызды мәселенің бірі ретінде табиғатты қорғауға атсалысып, күресуді айта кетуге болады. Бұл мәселе мынадай іс – шаралар арқылы жүзеге асырылады:
а) Табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күресу;
ә) Қорықтық ережелерді бұзушыларды анықтау;
б) Экологиялық сананы жете түсіну, қолдану ережесін бұзушыларды әшкерелеу. [7]
Табиғатты қорғау - өз алдына жеке іс, дара мақсат емес. Табиғат қорғау – Отанын қорғау, адамды қорғау. Оның қазіргісі мен келешегін қорғау, өзімізден кейінгі ұрпақтардың өміріне қамқорлық жасау.
Балаларға экологиялық тәрбие беру кезінде олардың табиғатқа сүйіспеншілігін, мейірімділігін, оң көзқарасын қалыптастыру үшін, туған өлке табиғатымен таныстыру керек. Ол үшін, жас ерекшеліктеріне сай мектеп оқушыларымен: тарихи орындарға, мұражайларға, өзен – бұлақтарға, ежелгі тарихи қала орындарына танымжорық жасап, оларды парасаттылықққа тәрбиелеуіміз қажет. Балалардың қайырымдылық, жанашырлық және басқа ізгілік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласуы жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым мен шектеулікке душар болады.
Балаларға экологиялық тәрбие беруге байланысты сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың түрлері өте көп, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұрса да бірдей орындалуы тиісті мынадай ортақ ұстанымдары бар:
мекемеден тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыту тек қана ерікті түрде іске асырылады.
Жүргізілген қандай жұмыс түрі болса да, оның белгілі бір қоғамдық бағыты болуы керек.
Мекемеден тыс және мектептен тыс жұмыс түрін білгілеуде әрбір баланың өзіндік көзқарасына, ұсынысына, қызығуына сүйенген жөн.
Ұйымдастырылған жұмыс түрлері оқушыларды белсенді қатысуға, ізденуге бағыттайтындай болуы керек.
Жұмыс нәтижелі болу үшін, оның белгіленген күні, мерзімі, кестесі болуы тиіс.
Экологиялық тәрбие жұмысын кешенді түрде іске асыру талабы үнемі сақталып отыруы қажет.
Мекемеден және мектептен тыс экологиялық тәрбие жұмысына балалардан түгелдей қатыстыру жолдарын қарастыру.
Балаларға психологиялық – физиологиялық дамуын және жеке бас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескеру қажет.
Балаларға табиғат қорғауға тәрбиелейтін мектептен тыс жұмыстарды мақсаттарына қарай мынадай етіп топтауға болады:
Балаларға өз бетімен жүргізетін жұмыстары.
Табиғат аясында істейтін жұмыстары.
Экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары.
Қоғамдық пайдалы еңбек.
Балаларға экологиялық білімдерін тексеру жұмыстары.
Табиғатқа сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс – шаралар.
Өлкетану жұмыстары.[8]
Мектептерде жүргізілетін жұмыстар әрдайым тәрбиелік мәні бар, ертеңгі күні оқушылардың өміріне қажетті болатын, мектеп бағдарламасында көзделгендей болып, білімдерін іс – тәжірибелік жұмыстармен ұштастыру көзделеді.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты, адамдардың қоғам мен табиғаттың іс - әрекеті мен адам мен қоршаған ортаның өзара үйлесімді көзқарастарын сезінуі, сонымен бірге табиғатқа ақылға қонымды, ғылыми негізделген әсер ету жауапкершілігі болып табылады.
Бұл негіздер бала кезден ( анасының баласына гүлдің әдемілігін көрсетіп, оның хош иісін сезінгенде, гүлді суаруға, болмаса, гүл қойған ыдыстың суын алмастырған кезден) қалыптастырылады. Одан басқа, табиғатқа эмоцияналдық қатынас жасаудың үйлесімді бағдарламасы күнді, күн сәулесін, көкшіл аспанды, гүл, көбелектерді таныстыру арқылы да жүзеге асырылады. Гүл ортасына орналасқан ыдыста шомылған нәресте кейін табиғат сұлулығына ерекше сезімталдық танытады. Табиғатты әдемілік сезімі ретінде қабылдаған, көптеген гүлдер мен өсімдіктердің атын, олардың дәрілік қасиетін, т.б. біліп өскен бала алғашқы кезден – ақ табиғатпен етене араласып, оны сүйіп, кейін оны аялайтын болады.
Халқымыз бала сезіміне әсер ететін, хош иістерге ерекше мән береді. Сондықтан белгілі уақыт бойы баланы айрықша шомылдырып, жусан иісі тұндырылған сумен баланың денесін шайып, арша ағашының түтініне ұстайды. Жусан иісі баланың бойына мәңгі еніп, туғаннан кейін бала бұл иісті іштей иіс сезімі арқылы « біліп қоймай», көру арқылы таниды. Жусан шөбі – көшпенділер үшін жай ғана әдемілік емес, дала бейнесімен рухани – этикалық бірлікпен біте қайнасқан ұғым.[9]
Біршама поэтикалық аңыздарда баршылық:
«... баланың мектепте оқи бастағаннан – ақ, нақты ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. Оқытудың әсері арқылы сыртқы ортаны танудан біртіндеп ішкі ортаны тануға, тұтас қасиеттер мен белгілерді ойлау арқылы жүйелеуге көшеді. Оның өзі алғашқы ой түйіндену, қарапайым қорытындылар, салыстырулар жасауға мүмкіндіктер береді. Балалардың өнегелі мінез – құлқының негізі төменгі мектеп жасында қалана бастайды, адамгершілік негіздері мен мінез – құлқы ережелерін игеріп, жеке адамның келбеті қалыптаса бастайды».
Мектеп жасына дейінгі мектеп оқушыларының өмірінде сөздің атқарар ролі ерекше. Балаға бұл жаста саналы балаға бүл жаста саналы екі жүзділік пен зұлымдық жат. Сөз оларға ойындағысын жасырып қалуға қызмет етпейді. Төменгі мектеп жасында ғана мұғалім сөзі бала санасында үндестік тауып, өзін - өзі тәрбиелеу үшін тірек болады. Осы жастағы балалар үшін ересек адам сөзі тәртібін, мінез – құлқын реттеуге зор әсер етеді. Тіпті, төменгі сынып оқушылары үшін үлкеннің сөзі мінез – құлық ережелері болып қабылдануы да шындық ( сыпайы, еркелету сөздерін қолдану; жағымсыз, орынсыз ретте айтылған сөздерді қолдану; дөрекілік, ерсілік т.б.)
Баланың мектепке келуі, оның оқушылық міндеті, оның балалар ұжымына енуі, оқытушылармен қатынас жасауы – бұлардың бәрі де ерекше өзге әлеуметтік жағдай. Осы жастағы балалардың жағымды адамгершілік, басынан өткізген мінез – құлық сезімдері тәжірибесінің ерекшеліктерін атап өтуге болады.
Сезімге сүйену, Эмоцианалдық кінәраттануды пайдалану кішкентай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Әрине, ондай тәрбие әдістерін пайдалану үлкен сақтықты және педагогикалық ізеттілікті қажет етеді.[10]
Сонымен бірге жас жеткіншектер бойында ненің жаман, ненің жақсы екендігі жөнінде өз түсініктері қалыптаса бастайды. Ересектердің оларға әсер ету жағдайы олар тарапынан бәрін де өзім шешемін деген қарсылықтары қалыптаса қоймайды. Осы жастағы балаларға « көзқарас» деген терминді қолдану тек шартты түрде ғана. Төменгі сынып оқушыларынң адамгершілік түсініктері мен ой қорытындылары, кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, қара дүрсін, қарапайымдылықпен ерекшеленеді. Көбінесе адамгершілік түсініктері нақты мысалға, дәйектерге сілтеме жасаумен алмастырылады. Төменгі сынып оқушыларының жалпы айрықша ерекшеліктерінің бірі – жасөспірімдерге қарағанда олар өздерін және өздерін қоршаған дүние кеңістігін тұтас қалпында қабылдайтынын ескерген жөн. Олардың әрқайсысы үшін « Мен » табиғатты, ал табиғат « менді» көрсетеді,. Ең тамашасы, олар өздерін табиғаттың бөлігі деп сезінеді.
Егер бірінші сыныптағы балалар бойында жануарларға және өсімдіктер әлеміне жанашыр болуы, оларға сүйіспеншілігі, қоршаған орта әсемдігінен эстетикалық ләззәт алуы жай ғана мақсатты көздесе, жас кезеңінің аяғына қарай ол сезімдер экологиялық жағынан мақсатқа бағытталған қызмет түріне айналады. Бұл іс жануарларға, өсімдіктер әлеміне аяныш сезімін қалыптастырумен қатар жүреді ( бір нәрсеге үйірсектік және сүйіспеншілік, қатынас жасау қуанышы, қоршаған ортаға зиян келумен байланысты реніштер және т.б.). Педагогикалық жағынан осы жас кезеңінде балалар бойында табиғаттағы мінез – құлқын өздігінен реттеу, баланың қажеттілік дағдысын табиғатқа келтірер зиянмен салыстыра отырып дамыту өте қажет. Балалардың есеюімен бірге « қоршаған орта» түсінігі айтарлықтай кеңейеді.[11]
Достарыңызбен бөлісу: |