Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері


Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері



бет4/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ

1.1 Экологиялық білім мен тәрбие берудің ерекшеліктері
Экологиялық тәрбие – жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті өмірлік мәселеге айналып отыр. Мұның мәні – адамдардың бойында табиғатты қорғау белсенділігін қалыптастырып, қажетті білім және икемділіктермен қаруландыру деген сөз[1].

Қазіргі кездегі мекемедегі экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың орасан маңызды мәселе екенін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым - қатынас жасау жөніндегі біліммен және дағдылармен қаруландыру. Табиғатқа ұқыпты қарауға жеке және жауапкершілік сезімі сәбилік кезден бастап тәрбиеленуі тиіс. Бұл жұмыс неғұрлым ерте басталса, оның педагогикалық тиімділігі соғұрлым жоғары болмақ.

Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы англия ғалымы Чарльз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша « тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың әлі табиғатқа қатысын көп заттардың байланысын түйінделуі деп негізделеді.

Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.

Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатнасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Көптеген ғалымдар біздің планетамызға әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.

Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтжесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптер ( химия, мұнай, көмір,АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды[2].

Соңғы жылдары экологиялық тәрбиеге қалам тартқан Кеңес Одағының педагог – ғалымдары: И.В.Зверев, А.Н.Захлебный, И.Т. Суравегина, Ю.К.Бабанский А.П., Сидельниковский, В.П. Иоганзен, В.А.Курбановтвр экологиялық тәрбиенің психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтап, экологиялық білім берудің мазмұнын толықтырды.

Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім – тәрбие беру республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Д. Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б. Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбеава, т.б. еңбектерінде зерттелінді.

Экологиялық тәрбиенің бағыт - бағдарын, оның әдістемелік жүйелерін айқындаған қазақстандақ педагог – ғалымдар : А.Бейсенова, Р.Байсекеева, Н.Нұғыманов, К.Жүнісова, Д.Жангельдина, К.Бұзаубақова, А.Ш.Икрамова Н.С. Сарыбеков, , А.Тұрдықұлов және т.б.өздерінің зерттеу жұмыстарында оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін арттырудың педагогикалық тәсілдерін дамытып, нақтылы әдістемелік жолдар, практикалық ұсыныстар енгізді.Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері анықталынады.

Балаларға экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеуге байланысты биологиядан Ә. Қарамергенов, Л.П.Салеев, Т.В.Машарова, физикадан Э.А.Тұрдықұлов, М.К. Хакимова, табиғаттанудан М.Н. Сарыбеков, Д.І. Жангельдина, геогафиядан І. Есназарова, қазақ тілі мен әдебиетінен Ө.Танабаевтар айналысты.

Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатындығы туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде де көп көңіл бөлінеді.

Мәселен, қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс – тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады.

Сондай – ақ С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С. Торайғыров сияқты қазақ әдебиетінің негізін салушылар да тамаша табиғат әсемдігін ашатын лирикалық шығармалар қалдырды.

Табиғат әсемдігі, әсіресе жануарлар дүниесі қазақ композиторлары Д.Нұрпейісова, А.Жұбанов, С.Кәрімбаев, Қ. Сағырбаев шығармаларында музыка арқылы енеді.

Жоғарыдағы ғұламалардың асыл ойларын, ғалым – педагогтардың ұсыныс тұжырымдарын ескеріп, экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты ғылым салаларын саралап құндылық нормативтік көзқарастарын айқындап табиғатты аялауды, оны тиімді мөлшерде ғана пайдалануды насихаттау жолдарының ұлттық тәрбие тұрғысында өлкелік принціпке негізделіп, үш мәселені қамтуы тиіс: бірінші, балаларға, ата – ана, оқу орны, қоғамдық бірлестігімен ұштастырылып экологиялық тәрбие жұмыстарының ұлттық, тәлімдік тағылымға негізделіп қарастырылуы; екінші, табиғат өнімдерін тиімді пайдалану шараларын, оның көптүрлілігін, зат алмасу заңдылықтарын, тепе – теңдік қасиетін және қайта қалпына келу мүмкіндігін пайымдау; үшінші, адам өміріне, оның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды анықтап, олардан сақтану жолдарын қарастыру және туған өлке табиғатының өсімдіктер әлемін аялап, қорғап – еселендіруде экологиялық біліктілік, ұлтжандылық, табандылық таныту.

Адамзат қоғамының даму сатысында өзі туып - өскен ортасын сақтау, қорғау, аялау мақсат – міндеттеріне жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі күнделікті өмірде өз орнын табуда. Оған дәлелді мысал ретінде атақты ғұлама ғалым Әл – Фарабидің дүние құбылыстарын философиялық тұрғыдан негіздеп, соның ішіндегі табиғаттың адам өмірімен байланысын ашып, этикалық ( экологиялық) және заң нормаларымен байланыстырып, қоршаған ортаны қорғауды мінез – құлық нормаларына айналдырып, жастардың рухани адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге нұсқаулар беруі.

Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Хас Баласағұни, Мұхаммед Әл –Қашқари, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы және де басқа ғұламалар өздерінің шығармаларында жаратылыс табиғат, жер, адамдарды жаратушы күш – Тәңір жайлы ойларын түйіндей келе табиғатпен (дүниемен) тілдесіп, онымен адамша сұхбат жасаған. Ал, дүние болса - әрбір адам болмысы, ғұмыры. Сондықтан да адам баласы басқа адамдармен табиғатпен етене бірлікте болып шапағатты мейірімділікпен, кісілік – қасиеттермен қарым – қатнас жасап отыруы керек[3].

Ақын – жыраулар (Қорқыт - ата, Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал, Дұлат, Ақтамберді, т.б.) поэзиялық еңбектерінде қазақ халқының өмір бойы табиғатпен байланыста болып, жеке адамның сана - сезіміне ақыл –ойын тәрбиелеуде оның сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген.

Қазақ зиялылары: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Мұқтар Әуезовтер асыл туындылары арқылы табиғатты аялап, қорғаудағы ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, жастарды білімді, іскер, парасатты, арлы, ұятты табиғатқа шын мәнінде жанашыр азамат етіп тәрбиелеуде баға жетпес үлестерін қосты.

Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байланысты іс – шараны үйлестіріп отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет ( ЮНЕСКО) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО –ның Бас директоры Ф. Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Оның: « Біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз, осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай түсінік болып қала береді», - деген болатын.

Алғаш рет әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсеткен профессор В.Н. Скалон: « Гүлденген табиғат арман емес, бұл – шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты» дей келіп, « Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын » - деген еді.

Ал көрнекті ағартушы М.Жұмабаев « Балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақылының, ой – пікірінің hәм мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз салады» деді. Балаға кішкене кезінде табиғат әсері күшті болатындығына ерекше мән беріп, жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін, жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатырды, түрлі – түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Осылайша балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады» - деген тұжырым жасайды. « Әрине, жас кезінен табиғат сұлулығынан әсер алып өскен баланың оны аялай білу сезімі де қатар дамитындығына шек келтіруге болмайды» деп жазды.

Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезімімен ғана емес, олардың біліміне де сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де адамдар экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және жауапсыз өзгертуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс - әрекеті осы заңға сәйкес жүргізілсе ғана « осы кезге дейін жиі болып тұрғандай» адамның табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып табылады[4].

Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс - әрекетінің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.

Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

Мектеп жасына дейінгі табиғат байлығын ауыл шаруашылығында әр түрлі және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

Мектеп жасына дейінгі табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім – кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заңдарын қалай пайдаланумен танысады.

Мектеп жасына дейінгі оқу бағдарламасы төмендегі іскерлікті, дағдыны қалыптастыруға бағытталған; өсімдіктердің даму кезеңінде фенологиялық бақылау жүргізу; мектеп қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту; тұрмыста электроэнегияны, газды, суды үнемді пайдалану.

Орта және жоғары мекемелерде кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.

Бүгінде Қазақстан Республикасында көпшілікке және жас жеткіншектерге экологиялық білім беру мен тәрбие берудің құқылық негіздері жедел түрде жасалынып іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасының стретагиялық тұрақты даму проблемаларына арналған 2030 бағдарламасы» (1996), «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы» (1997), «Қазақстан Республикасында экологиялық білім беру мен тәрбие берудің стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999), т.б. заң актілері. Бұлардың ғылыми – теориялық , ғылыми - педагогикалық маңызы орасан зор.

Баладардың табиғатқа, қоғамға дұрыс дүниетанымының қалыптасуы – оларға экологиялық тәрбие берудің іргетасы. Экологиялық тәрбие жайлы білім берудің бөлшегі ретінде қалыптасуына бағыт алған.

Туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті неғұрлым ерте кезден отбасында, балалар бақшасында, оқудың алғашқы күндерінен – ақ тәрбиелеу қажет[5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет