1.3 Экологиялық мәдениет туралы түсінік
Экологиялық мәдениет — әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады: экологиялық білім; экологиялық мінез-құлық; экологиялық тәрбие; экологиялық, сана; экологиялық сенім; экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет[12].
Ғалымдар И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, И. Т.Суравегина экологиялық білім мен тәрбиенің міндеті табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ішкі қажеттілік пен қызығушылыққа толығымен өзгерту деп айқындайды. Осыған байланысты, біз табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ұғынуды білім, сезім, сенім, іс-әрекет деңгейінде жүргізіп, дсңгсйлсрдің өзара байланыстылығын жүзегс асыру қажет деп есептейміз.
И.П.Софранов, М.С.Коған, Э.С.Маркорли, Е.В.Стинис, К.Исламова, Сарибеков, А.Егенисованың еңбектерінен психологгар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, И.С.Кон, Е.М.Кудрявцева, В.А.Ясвин, Л.И.Божович, П.Я.Элъконин, А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде окушыларға экологиялық білім мен төрбие беру жұмыстарында баланы қоршаған ортамен қарым-қатынастары барысында, оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. Ал, С.Л.Рубинштейн әрбір жеке тұлғаның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі -қарым-қатынас деп санайды. Ол оқушының табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын дамыту екенін айқын көрсетеді. Оның пайымдауынша басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу, тек толық бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дуниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам болуына негіз болады[13].
Қазіргі педагогикалық теория экологиялық білім мен тәрбие берудің ғьшыми негізін, мақсаттары мен міңдеттерін, принциптерін: И.Д.Зверев, П.В.Иванов, Н.А.Гладков, А.Н.Захлебный, И.Т.Суравегина, Л.П.Салеева, В.В.Иоғанзен, т.б. толық ашуға ұмтылып, табиғи ортаға жауапкершілік қатынасты қалыптастыру және экологиялык тәрбие беруді зерттеген[14].
Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, А.А.Сотников, Ө.Танабаев, А.Болтаев, У.Д.Жангельдина т.б. жоғарғы оку орындарында және жалпы білім беретін мектептерде әртүрлі пәндер негізіңде экологаялық білім мен тәрбие беру концепциясын, әдістемесін қарастырған болатын. Осы аталған еңбектерді талдай отырьш, мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие бер ашылып, зерттелмегенін байқадық.
Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық тәрбие берудің мақсаттары жөнінде үзілді-кесілді айтылған алшақтық жоқ. Мысалы, ғалым-эколог И.Д.Зверевтің пікірінше, экологаялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні-қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал, А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты -қоршаған ортаға құқық нормалары мен моральдық ұстанымдарынан туындайтын жауапкерішік қатьшастың негізінде экологиялық мәдениетін калыптастыруға болатыңдығын айтады. "Экологиялық тәрбие" ұғымына анықтама беріп, мәнін ашуда педагог ғалымдардың көзқарастарында ерекше айырмашылықтар жоқ. Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда: оқушылардың табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынастарын қалыптастыруда, оны қорғау, аялаудағы саналы белсеңділіктерін арттыру, соның негізінде адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоршаған ортаны жстілдіруге дайыңдау. Осыған орай, экологиялық мәдениетгің құрамды бөліктеріне жеке-жеке тоқталайық[15].
Достарыңызбен бөлісу: |