Қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі


сурет – Консалтингілік қызметке сұраным динамикасы



бет3/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,41 Mb.
#35912
1   2   3   4   5   6   7

1 сурет – Консалтингілік қызметке сұраным динамикасы




2 сурет – Консалтингтің ұйымдастыру-экономикалық негіздері


    1. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары

Нарықтың дамуы бәсекелестіктің қатаңдануына әкеледі және компаниялардан кәсіптік тәсілдемелерді талап етеді. Көптеген кәсіпкерлер мен басшылар, оған кеңесшінің болуы артық болмайтыны туралы ойлана бастады. Кеңесшіні өзіңе қай уақытта шақыруға болады? Сол үшін салған ақша босқа кетпейтіндей кеңесшіні қайдан алға болады? Оның жұмысының тиімділігін қалай анықтауға болады? Осы сұрақтардың барлығы осы зерттеу шолуында қарастырылады.

Консалтинг – тәуелсіз кеңес беру және басқарушылық мәселелері бойынша көмектесу, оларды өткізуде сәйкес шаралар мен көмектер ұсыну.

Ішкі және сыртқы кеңес берушілер болып бөлінеді.

Сыртқылар – бұл тәуелсіз кеңес беруші фирмалар және сәйкес шарттар негізінде тапсырыскерлерге қызмет көрсететін, жеке кеңесшілер.

Ішкілер – бұл ұйым штатындағы мамандар (олар ұйымның қосалқы талдамалы, <штабты> жүйесін құрайды).

Сыртқы кеңесшілер менеджерлер алдында бірнеше артықшылықтары болады: тәуелсіздігі, алалықсыз көзқарасты, ой өрісі кең, менеджмент пен шаруашылықтың әртүрлі саласынан кең ақпараты бар (ағымды басқарудың проблемамен аз жүктелу күшінде), басқа ұйымдардың тәжірибелерін кеңінен зерттеу және алуға бағдарлану (бұл негізінен сыртқы кеңесшілерге қатысты).

Бұл тарауда сол, сыртқы консалтинг туралы әңгіме болады.

Консалтинг түрлері, сөздің тар мағнасында, кеңес пен ұсыныс түріндегі көмек ретінде келесідей сыныптауға болады.

1. Жалпы басқару бойынша кеңес беру: ұйымдастыру мен сыртқы ортадағы істердің күйін бағалау, ұйымның жалпы мақсаттары мен құндылықтарын анықтау, даму стратегиясын әзірлеу, болжау құру, филиалдар мен еншілес фирмалар ұйымдастыруға көмектесу, меншіктену нысандары мен меншіктенушілер құрамын өзерту қсыныстар, мүлік, акциялар мен пай сатып алуға көмектесу, ұйымдастыру құрылымдарын жетілдіру және т.б.

2. Әкімшіліктік басқару бойынша кеңес беру (әкімшіліктендіру): компанияның қалыптасуы мен тіркелуі, кеңсе жұмысын ұйымдастыру, деректерді өңдеу, әкімшілікті бақылау жүйесі және т.б. Кеңесшілердің негізгі міндеті – ұйымдастыруды басқаруды оптималдау.

3. Қаржылық басқару бойынша кеңес беру: қаржы ресурстарын пайдалану және көздер іздеу; ұйым қызметіндегі ағымды қаржы тиімділігін бағалау және жоғарылату; келешекке қаржылық жағдайды бекіту. Кеңесшілер қаржы ның жоспарлануы мен бақылау, салық салу, бухгалтерлік есеп, нарықта акциялар мен пайларды орналастыру, несие, сақтандыру, пайда мен өзіндік құн, төлеу қабілетсіздігі және т.б. мәселелермен айналысады.

4. Кадрды басқару бойынша кеңес беру: қызметкерлерді іріктеу мәселесі бойынша шешім әзірлеу, кадр құрамының сапасын бақылау, еңбекті төлеу жүйесі, кәсіптікті жоғарылату және кадрларды басқару бойынша, еңбекті қорғау және ұжымдағы психологиялық климатбойынша.

5. Маркетинг бойынша кеңес беру: нарықты зерттеу және өткізу, баға құру, жарнама, жаңа өнімді әзірлеу, сатудан кейінгі қызмет және т.б. салалардағы шешімдерді қабылдауды қамтамасыздандыру; жабдықтарды қолдану және оларға техникалық қызмет көрсету; өндірісті жопарлау және бақылау; сапаны бақылау.

7. Ақпараттық технологиялар бойынша кеңес беру: басқарудың автоматтық жүйесін ендіру, ақпаратты-іздені жүйелері бойынша ұсыныс әзірлеу, компьютерлердің бухгалтерлік есепте және кәсіпорын қызметін бағалаудың басқа сандық әдістерінде қолданылуы.

8. Мамандандырылған консалтингілік қызметтер – бұл жоғарыда айтылған жеті топтың бірінеде жатпайтын қызметтер түрлері. Логистика мәселелері бойынша консалтинг – осындай мамандандырылған қызметтердің бір түрі.

Басқа кәсіпкерлік қызметтер, штаттық менеджерлер мен кәсіпорынның мамандары орынына менеджменттің белгілі бір функцияларын орындауды божайды. Оларға жататындар: аудит, бухгалтерлік қызмет көрсету, заң қызметтері, инжиниринг, рекрутмент, жарнама және қоғаммен қатынас, істік ақпарат, лоббилендіру, тренингтер.

Нарықты экономикалы, өнеркәсіпті дамыған елдер тәжірибесінде кеңесшілер қызметі нысанында интелектуалдық капиталды сатып алуды инвестициялау, машиналарды, жабдықтарды және технологияны сатып алуға қарағанда тиімділігі көп болмаса, аз емес екендігі қарастырылады.

ҚР нарығында қазіргі кезде консалтингілік қызмет көрсететін, 130дан астам компания әрекеттенеді, бұған аудиторлық және заңдық қызмет көрсетуші компанияларда кіреді. Консалтингілік компаниялардың 70% жуыға Алматы қаласында орналасқан.

Неге компаниялар консалтингілік фирмалар қызметіне жүгінеде? Консалтинг – бұл сәнбе немесе қажеттілікпе? В. Лысковскийдің пікірі бойынша, F1 (Қазақстан) компаниясының консалтингілік тобы бойынша бөлім бастығы, консалтинг идеясы 93% бизнестің нақты қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді және тек 7% дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсетіледі, олар консалтинг бойынша экспертті шақырғанда сәнге жол береді.

Консалтинг нарығындағы жқмыс тәжірибесі негізінде В. Лысковкий консалтинг бойынша маманға өтініш жасаудың келесі себептерін бөледі1 :

• «Өсу ауруы» - фирманың шағын немесе «отбасылықтан» статусынан орта және ірі фирмалар разрядына өтуі (500 астам және 1000 астам жұмыскерлер) (тапсырыскерлердің 8 %);

• Өзінің қызметін автоматтандыру тілегінің болуы. Бұл көбінесе кәсіпорынның алдын-ала зерттелуін қарастырады және көбінесе бизнестің белгілі бір қайта ұйымдастырылуын талап етеді, яғни бизнес-ортаның автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін оптималды өткізуді (56% тпсырыскерлерді);

• Өзінің фирмасындағы бизнес-процестерді жүйелендіру тілегі. Бұл әншейінде директордың қаржылық және тауарлық ағым туралы айқындық алуды, сол арқылы толық бақылауды керек етуімен жасалады. Әрине 20 жұмыскері ғана болған кездегідей емес (ол кезде барлығын оңай бақылауға болатын), енді фирма өскен кезде, бақылау басқару жүйесінен шыға отырып құрылуы керек (8% тапсырыскер)



• ISO шеңберінде сапа сертификатын алу тілегі. Ескерейік, тапсырыскерлердің үлкен бөлігін тіпті сертификаттаудың өзі емес, ал тапсырыскерлер сенімін жеңіп алуға бағытталған, маркетингілік саясаттың элементі ретінде, сапаны басқару жүйесін өзінде ендіре отырып, фирманың тәртіп пен артықшылық алуы қызықтырады (5% тапсырыскерлер)


1 сурет. Компаниялардың консалтингілік фирмалар қызметтеріне өтініш ету себептері (F1 (Казахстан) консалтингілік компаниясының тобының қызметін талдау нәтижелері бойынша).
• Ұжымдағы қолайсыз беталыстарды болдырмау және ауыр, бірақ қажетті әкімшіліктік шешімдерді негіздеу. Ережеге сай, бұл жерде кеңесшілер, көп жағдайда басқармадағы проблемалармен шартталатын психологиялық проблемаларды шешеді (4% тапсырыскердер)

• Бәсекелестік күрестің жаңа әдістерін іздеу. Бұл жағдайда фирма жаңа маркетингілік саясат құруға тырысады, ол кеңесшілердің білімін олардың бизнестің әртүрлі саласындағы жұмыс тәжірибесіне көбейтейтіндісіне сүйенеді (9% тапсырыскерлер)

• Өзінің бизнесінің дамуының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тілеуі. Бұл жағдайда фирма кеңесшіден мүмкіндікті бизнес-тәуекелдік пен оларды минимизациялау бағдарламаларын әзірлеуді күтеді (3% тапсырыскерлер)

• Қалғандары – сәнге жығылу, тренингтер және іскер ойындар (7% тапсырыскерлер)

Консалтинг – бұл бизнес, кеңесшінің қызметінің құны, дүниежүзілік тәжірибеде қабылданған, келесі сұлба бойынша орнықтырылады:

• мерзімдік ақы;

• тіркелген сараланбаған ақы төлеу;

• кеңес берілген объектісінің немесе нәтижесінің құнынан пайызбен ақы төлеу;

• аралас ақы төлеу.

Бұл бағалардың барлығы нарықты болып табылады, яғни бәсекелестік күрес пен келіссөздер процесінде орнықтырылады. Консалтингілік қызметке жалпы мемлекеттік прейскуранттар болмайды, бірақ бағаны анықтау негізінде барлық уақытта бірқатар орынды ойлары, аргументтері мен негізделулері жатады. Егер Сіз консалтинг нарығындағы баға құрылу ақпаратын білетін болсаңыз, онда бір жағынан, артық ақша төлеуге тәуекелдік етпейсіз, екінші жағынан – кәсіпті кеңесшілерді олардың еңбегін төмен бағалағауыңызбен итермейсіз.

Мерзімдік ақы консалтингілік жобаны жүзеге асыруға жұмсауға қажетті, жұмыс уақытының мөлшерін (адам-сағат, адам-күн немесе адам-ай), олардың кәсіптігін ескергендегі жұмыс уақытының бірлігінің құнына көбейтумен есептеледі.

Жұмыс уақытының бірлігін бағалау әрбір консалтингілік фирмамен, нарықтық бағаны, фирма имиджін және географиялық орналасуын ескерумен, жекеше орнықтырылады. Мысалы, 1992 ж. кеңесшілердің америкалық ассоциациясының деректері бойынша, сағаттық ақы төлеу деңгейі кеңесшілер кәсіптігі мен консалтингілік фирмалар мөлшеріне тәуелді, сағатына 60$ - тен (ассистент-зерттеуші үшін) 250$ дейін (консалтингілік фирмалардың аға қызметкері үшін) құрады, яғни сәйкес 480$-ден 2 000$ дейін адам-күнге. Бүгін, біздің нарығымызда үлкен халықаралық консалтингілік фирмалар қызметі бойынша келесі сандарды көреміз: сағатына 70$-дан қарапайым маманға және 300-350$ дейін сағатына ме­неджерге.

Халықаралық фирманың серіктесі, егер қызмет, мысалыға, аудиторлық халықаралық фирманың төрттігімен көрсетілетін болса, кеңес берудің бір сағаты үшін 450-500$ сұрай алды. Осындай шамалар басқа дамыған елдер үшінде сипатты. Ресейлі және қазақстандық кеңесшілердің қызметінің бағасы әзірше, дүниежүзіліктен біразға төмен.

Тіркелген (сараланбаған) ақы сұлбасын қолдану кезінде кеңесші, өзі үшін жұмыс көлемін анықтап және оған жұмсалатын уақыт шығынын анықтап, тапсырыскерге ақысының жалпы мөлшерін атайды, бірақ бұл кезде басқа негіздерге емес, адам-күн калькуляциясына сілтейді. Мұндай негіздеу ретінде осы немесе басқа консалтингілік фирмалардың ұқсас жобаларының бағалары қолданылады, сонымен қатар (процестік және оқытушы кеңес беру үшін сипатты) бизнес мектебі мен менеджмент курстарындағы бағалау бойынша.

Кеңес берілген объектісінің немесе нәтижесінің құнынан пайызбен ақы төлеу сияқты нысанын қолдану кезінде, консалтингілік қызмет бағасы, кеңесшілерді ұстау кезіндегі тапсырыскермен жүзеге асырылған саудалық мәміле шамасынан, инвестиция көлемінен немесе басқа жобалар шамасының үлесі ретінде есептеледі,

немесе тапсырыскермен алынатын экономикалық эффект үлесі ретінде (өзіндік бағаның төмендеуі, пайданың өсуі және т.б.).

Қазақстандағы консалтингілік қызметтің бағасы, кеңес берілетін объект құнынан пайыз ретінде алынуы, көбінесе келесі қызметтің үш түрі бойынша қолданылады:

- Мүлікті бағалау (жекешелендірі, сату кезінде және т.б.) (мүлік құнынан пайызбен алынады)

- Контракт құратыру бойынша кеңес беру (контракттың күрделілігіне қарай контракттың құнынан пайызбен алынады)

- Инвестицияны тарту бойынша кеңес беру (инветиция мөлшерінен пайызбен алынады)

Ақырғы нәтижеден ақы төлеу әдісіне қатысты айтсақ, теориялық тұрғыдан, ол ең жақсысы болар еді, өйткені кеңесшіні тапсырыскер үшін максимал тиімділік алуына ынталандырады, ал тапсырыскердің «сөз үшін» ақша төлеу тиімділігіне күмәнденуін болдырмайды. Біраұ тәжірибеде, бұл әдістің қолданбалылығын шектейтін, үш қиын шешілетін мәселе пайда болады:

- Тиімділіктің мөлшерін қалай дұрыс есептеуге болады?

- Кәсіпорынның жұмысындағы экономикалық тиімділіктің жалпы сомасынан, кеңесшінің еңбегінің нәтижесі ретінде пайда болған үлесті қалай анықтай керек?

- Егер тиімділікті алуға дейін ұзақ уақыт кезеңі өтетін болса, кеңесші жұмысын қашан төлеу керек?

Бұл сұрақтарды шешу үшін тапсырыскердің жоғары экономикалық мәдениетінен өзге моральдық – психологиялық факторлар қажетті: кеңесші мен тапсырыскер арасындағы өзара сенім, олардың тілектестігі және т.б.

Консалтингілік қызмет бағасы жоғарыда аталған үш әдістің комбинациясы ретіндеде анықталады. Бұл әдіс ТМД нарығының консалтингілік компанияларымен белсенді қолданылады, жәнеде айқында, жасырын түрдеде. Мерзімдік ақы мен тіркелген баға комбинациясы абонементтік қызмет көрсету кезінде көп қолданылады, ал тіркелген баға мен пайыздық ақы төлеу комбинациясы - нақты проблеманы кеңестендіру кезінде.

Кеңесшіні тарту нәтижесін бағалау әдістерінің бірі, тапсырыскермен бірге кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін (шығындар, пайда және т.б.) жобаның басталуынан бір ай бұрын және кеңесші ұсынысын ендіргеннен кейін бір айдан соң анықтау болып табылады.

Алынған айырмашылық (немесе кеңесші мен тапсырыскер арасындағы келісілген пайыз) кеңесшілердің жұмысының эффектісі ретінде қарастырылады.

Көбінесе басқа әдіс қолданылады – нақты өзгерстерді анықтау, оларға жататындар:


  • Ұйым қызметкерлерінің жаңа мүмкіндіктері – кеңесшімен біріккен жұмыс барысында тапсырыскердің ұйымының қызметкерлерінің алған дағдылары мен шеберліктері.

  • Жаңа жүйелер – кеңесшімен енгізілген маркетинг, бухгалтерия, ақпараттық, кәсіпорын қызметін бағалау жүйелері және т.б.

  • Жаңа тәртіптер - менед­жерлер мен бағыныштылар арасындағы қатынастардың өзгеруі және т.б.

  • Жаңа бағдарламалар – кеңесшілермен әзірленген кәсіпорынның даму бағдаламалары, оның өнімін сату бағдаламасы және т.б.

  • Жаңа жобалар – кеңесшілердің қатысуымен өткізілген инвестициялар, контрактылар және т.б.

Осы барлық нәтижелерді кеңесші өзінің қорытынды есеп беруінде негіздейді және ұсынады, ал тапсырыскер – келтірілген мәліметтерді тексереді. Жоба аяқталған соң өзіңізге сұрақ беріңіз: «Мен осы кеңесшімен тағыда жұмыс істегім келеме? Оны бизнестегі өзімнің серіктестеріме ұсына аламынба?», сонымен қатар орындалған жұмысқа салынған өз үлесіңізді ұмытып кетпеңіз.

  1. тарау. «Казагромаркетинг» АҚ мысалында кәсіпорынның консалтингілік қызметін талдау




    1. «КазАгроМаркетинг» АҚ ҚР АПК нарығындағы қызметі

Келешектегі экономикалық жаңғырудың логикасы, агробизнестің рационалдық құрылымын қалыптастырумен, агротехнология деңгейін жоғарылатумен, ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингілік стратегияға өтуімен, ішкі нарықта импорттың орынын басумен, таяу және алыс шетелдерге экспортты белсендірілдірумен байланысты, аграрлық саладағы өсудің жаңа сапаға өтуін талап етеді.

Үлкен проблеманы, Қазақстанның ДСҰ қосылуымен байланысты, шығындар мен артықшылықтардың жалпы балансының бағалануы көрсетеді. Басты міндет – халықаралық саудадағы құқыққа қысым жасалуын болдырмау және тауарлар мен қызметтің дүниежүзілік нарығына енудің нақты жақсаруын қамтамасыздандыру, және бұл кезде азық-түлік қауіпсіздігі мен елдің аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып.

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы нарықты бағдарланған экономика заңдылықтара сәйкес жүреді, сондықтан өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері, отандық тамақ өнімдерінің бәсекелестік қабілеттіктері, олардың сапасының халықаралық сапалар талабына сәйкестігі басымды болуы қажет.

Агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеу ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдаудың үлкен роль атқаруын керек ететін, агро өнеркәсіптік саясатты жүргізуді талап етеді.

2005 жылдың аяғында елдің агроазық-түліктік кешенінде бәсекелестік қабілеттіктері бар өнім өндірісінің негізі жасалады, азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты жүйесінің механизмі әзірленеді, өндіру мен өткізудің балансталған нарықтары қалыптастырылады, экспорттық мүмкіндіктер кеңейтіледі.

Қоғам алдына қойылатын міндеттерді шешу үшін өзінің регионалдық инфрақұрылымын жасау және дамыту қажет, бірінші кезекте, өзінің филиалдық желісін елдің максимал барлық территориясын қамтитындай етіп қалыптастыру қажет. Бұл ақпаратты бірінші көздерден алуға және беруге, жергілікті нарықты зерттеуге және шолуға, областаралық, регионаралық деңгейде өнімді өткізуді және жылжытуды ұйымдастыруға көмек көрсетуге, өзіміздің серіктестеріміз үшін мүдделі региондарда қысқа мерзімде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде «Казагромаркетинг» АҚ, регионалдық бөлімшелердің статусын, функциясын және міндеттерін анықтайтын, регионалдық желі құрудың және дамытудың кезеңді Тұжырымдамасы әзірленген.

Бүгінгі күні «Казагромаркетинг» АҚ үкілдіктері Ақмола, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Манғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан және Батыс-Қазақстан областарында орналасқан. Жақын арада ШҚО және Атырау областарында үкілдіктер жасауды жоспарлаймыз.

Одан өзге, қаңтар айында Ақмола обласының Аршалы ауданында алғашқы ауылдық ақпараттық-кеңес беруші орталық (СИКЦ) қалыптастырылды.

Ертерек айтылғандай, регионалдық желінің аудандық буыны қалыптасты, оған Қоғамның міндеттерінің өткізілуі бойынша барлық функциялар жүктеледі. Аршалы СИКЦ мамандары оқыған, және қазіргі кезде толығымен мемлекеттік органдарға және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге көмек көрсетуге дайын.
Олар келесі көмектерді көрсетеді: маркетингілік, бағалық және талдау ақпараттарымен қамтамасыз ету, ақпараттық – маркетингілік жүйені жүргізу, абоненттік-техникалық қызмет көрсету, оқыту және консалтингілік қызмет көрсету. Алғашқы СИКЦ сол Аршалы ауданында құру, осы ауданның ауыл шаруашылық саласының өсуінің жылдам қарқында өсуімен және әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары деңгейімен байланысты.

ҚР ГАПП өткізу шеңберінде, аграрлық саланың дамуы тұрғысынан әрбір келешекті ауданда осындай орталықтарды құру ұсынылады. «Казагромаркетинг» АҚ даму бағдарламасына сәйкес 2004-2006 жылдары СИКЦ басқа региондарда сатылы жүргізіледі. Бұл республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді және мақсатты бағытта пайдалануға мүмкіндік береді. Таяу уақытта СИКЦ Қостанай обласында құрылады.

Бүгінгі күні «КазАгроМаркетинг» АҚ негізгі серіктестері болып табылатындар: EuropeAid жобасы, маркетингтің дамуы бойынша (ЕС), ИКАР – Аграрлық Нарық Конъюнктурасының Институты (Ресей), АПК-Информ On-Line, Про-Агро (Украина), ДАРС, ООО Аграрика (Украина), ұлттық агентство ZMP (Германия), ассоциация HGCA (Великобритания), Ақпараттық-маркетингілік жүйе КАРИС (Қырғызстан), УзАгро (Өзбекстан).

Одан өзге, «КазАгроМаркетинг» АҚ бірқатар осындай маркетингілік орталықтар мен ассоциациялармен ынтымақтасады. Ағымды жылдың қаңтарынан бастап, АҚ Agrimis ассоциациясымен тығыз ынтымақтаса бастады, оның құрамына Еуропаның 20 астам елдері кіреді. Бұл біздің компаниямызға маркетингілік және бағалық ақпаратта өзара тиімді алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.




    1. «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызметінің өнімі

Маркетингілік және бағалық ақпараттың ИМС таратылуы оны ҚР Веб-сайтында орналастыру арқылы және БАҚ арқылы таратылу жолымен жүзеге асырылады.

Берілген ақпаратты оперативті режимде алу үшін, қажетті компьютерлік жабдықтарды сатып алуды және Интернеттің дүниежүзілік ғалами желісіне қосылуды ұсынамыз, немесе келесі ақпараттық – талдау бюллетеніне ҚР МСХ «АгроИнформ», газеттер «Аграрный Казахстан» және «Ауыл» жазылуларыңызды ұсынамыз, онда осы ақпарат апта сайын басылып тұрады.

Одан өзге, «Казагромаркетинг» АҚ электрондық тарату қызметі жұмыс істейді (СЭР), ол Сізді электрондық жәшігіңізге ақпаратты тарату арқылы, елдің нарығындағы бағалық конъектураның өзгерісі туралы хабар береді.

СЭР тіркеу үшін Сіз администраторға хабар бересіз.

Табысты агробизнес жүргізу үшін, бірінші кезекте, керекті ақпаратқа оперативтік шығу мүмкіндігіңіз болуы қажет, нарық конъюнктурасын түсіну керек, дүниежүзілік экономиканың аграрлық секторында өтіп жатқан өзгерістерді байқау және ағымдағы және ғалами келешектерді бағалай білу керек.

Бұл сұрақтардың көбісін шешуді үйрену, меншікті өндіріс өнімдерін өткізудің дүниежүзілік нарығына шығу, Сіздің өніміңізді өткізуден түсетін табысқа делдалдар мен маклерлердің ықпалын төмендету үшін, қазіргі прогрессивті технологияны ендіру және оны тиімді қолдануға үйрену өте маңызды.

Сонымен бірге, аудандық және ауылдық деңгейлерде, ақпараттық технология, маркетингілік және консалтингілік қызметтер және т.б. саласында кадрлық тапшылық проблемасы бар.

Осы және басқа мәселелерді шешу үшін «Казагромаркетинг» АҚ маркетинг негіздерін, агробизнесті жүргізу, маркетингілік ақпаратты пайдалану және ақпараттық және кеңес беру қызметінің саласында кәсіптікті көтеруге оқыту бойынша мамандандырылған тренингтер мен оқытушы курстардың толық спектрін ұсынады. Оқыту құрылған СИКЦ базасында жүргізіледі, бұл кез-келген ауыл тұрғынына дұрыс бағамен, керекті білімін алуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға жасалған Мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарламасымен анықталған басты бағыттардың бірі, ақпараттық-маркетингілік жүйе болып табылады.

Осы мақсатта, ГАП шеңберінде, Акционерлік Қоғам «Казагромаркетинг» құрылды, оның негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы талдамалы және маркетингілік ақпараттардың оперативтік алмасуын қамтамасыздандыру болып табылады, жәнеде аграрлық нарықтың басқа қатынасушыларымен ақпарат алмасу, саланың тиімді мемлекеттік реттелуін қамтамасыздандыру табылады.

Көрсетілген мақсатты орындау үшін Қоғаммен бірқатар міндеттерді шешу қарастырылған:



  1. регионалдық желіні дамыту;

  2. ауыл шаруашылық өнімдерін және оны өңдеу өнімдерінің нарықтарын маркетингілік зерттеу;

  3. ТМД және алыс және таяу шетелдердің маркетингілік орталықтарымен өзара әрекеттесу;

  4. ҚР МСХ ақпаратты-маркетингілік жүйесінің дамуы мен жетілдірілуі;

  5. ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді маркетингілік ақпаратпен қамтамасыздандыру;

  6. мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы бойынша талдаулы ақпараттар беру.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін Қоғаммен келесі жұмыстар жүргізілді:

Регионалдық желінің дамуы бойынша


Регионалдық желі үш деңгейлі жүйеден тұрады – республика (Орталық аппарат), область (Областық өкілеттілік), аудан (Ауылдық ақпаратты-кеңестік орталықтар).

Қоғамның қызметінің спектрі: кеңес беру, оқыту, нарықтарды талдау, маркетингілік зерттеу, ақпараттық қамтамасыздық, ақпараттық технология.

Орталық аппарат бастамаларды әзірлеуді, әдістемелік қамтамасыздандыруды, дамуды, енгізуді, білімді беруді және ақпараттық қолдауды жүргізеді.

Областық өкілеттік таратуды, әйгілеуді, осуществляет распространение, популяризацию, ақпараттық қолдауды және мониторингті жүргізеді.

Ауылдық ақпаратты-кеңестік орталықтар жаю мен тәжірибелік орындалуды іске асырады.

Бұл желінің құрылуы үш жыл бойында, үш сатылы (2003-2005 жж.) жүргізілді.

Қазіргі кезде 14 областық үкілеттілік пен 2 өкілеттілік Алматы мен Семей қалаларында, жәнеде 161 СИКЦ қалыптастырылды және жұмыс істеп жатыр.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет