26. Әкесінің баласына айтқан өсиеті
A) Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
B) Жаңаға жақсы өлшеуіш.
C) Ісің ақ болса, құдайың жақ болар.
D) Жеті атасын білмеген жетесіз.
Е) Ауру қалса да, әдет қалмайды.
27. Мәтіннің негізгі түйіні
A) Сабыр түбі - сары алтын.
B) Талапты ерге нұр жауар.
С) Білім - ер азығы.
D) Жаман шоқпар жинар.
Е) Жақсылық қылсаң бүтін қыл.
28. Әкесінің баласына өсиет айтқан мезгілі
A) Кешқұрым
B) Екіндіде
C) Шаңқай түсте
D) Мизам шуақта
Е) Таң сәріде
2-мәтін
Эйфель мұнарасы (фр. Tour Eiffel) – Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды.
Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасады. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған.
Эйфель мұнарасының бірінші бөлігі – 57 м биіктікте, екінші бөлігі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстіңгі қабатында шамшырақ (маяк) орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің принциптерін зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады.
1889 жылы құрылыс жұмыстары біткен соң Эйфель мұнарасы әлемдегі ең биік ғимарат деп танылып, қырық жылға жуық осы мәртебеге ие болды. Бұл күнде Эйфель мұнарасы Франциядағы ең биік ғимараттар арасында бесінші орынға ие.
Мұнараны тот басудан сақтау мақсатында әр жеті жыл сайын бояу жұмыстары жүргізіліп, оған 50-60 тонна сыр кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |