17. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардан құралған?
A) Күлкі
B) Қылмыс
C) Ақша
D) Керуен
E) Ыстық
18. Қой аузынан шөп алмас мағынасы қандай?
A) Момын
B) Тентек
C) Ақылды
D) Баяу
E) Көргенді
19. Мезгіл істеуді табаңыз?
A) Ертең барады
B) Ілгері жүр
C) Ақырын жүр
D) Онша жараспайды
E) Ең әдемі
20. Тура мағыналы сөзді көрсету?
A) Жылы су
B) Жылы жүрек
C) Жылы сөз
D) Жылы лебіз
E) Жылы жүз
21. Есімді сөз тіркесін табу?
A) Мынау хатты
B) Сөзіне таңғалды
C) Тойда ән салды
D) Жаза бастады
E) Тұрмыспен басы қатты
22. Топтау сан есімін тап?
A) Жуз-жүзден
B) Жүз он
C) Жүзінші
D) Жүзге тарта
E) Жүзінші
23. Салыстырмалы шырайды табыңыз?
A) Тереңірек
B) Кіп-кішкентай
C) Аса биік
D) Нағыз жүйрік
E) Тамаша
24. Матаса байланысқа сөздерді тап?
A) Бексұлтанның кітабы
B) Жайлаудан қайтты
C) Қара құстар
D) Бірте-бірте жаңбыр ашыла бастады
E) Жыртық лашықтар
25. Мақсат келер шақтың қосымшаларын тап?
A) -мақ-, -мек-, -пақ-, -пек-, -бақ-, -бек-
B) -ды-, -ді-, -ты-, -ті-
C) -а-, -е-, -й-
D) -ып-, -іп-, -п-
E) -ған-, -ген-, -қан-, -кен-
1-мәтін
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады.
Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып
өсуге баулиды. Ұрпағының дәулетті, бақытты болуын тілейді.
Тілек-бата сөздер - халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы.
Бұлар - оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік
қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, құт- береке,
ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |