Құрметті әріптестер! Сіздерді «Қазіргі педагог» атты байқауына қатысуға шақырамыз.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1. Мақсаты: педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби шеберлігін және оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол
жеткізуге ұмтылысын арттыру, озық тәжірибені тарату, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қолдау, талантты педагогтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.
2. Міндеттері: оқыту мен білім беру процесін ұйымдастырудағы
жаңалықтарды әзірлеу; дамытушы білім беру ортасын құру арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін тиімді қалыптастыруға жәрдемдесу; педагогтердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін өзектендіру.
Байқауға қатысушылар
1. Байқауға кез келген білім беру мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің; орта
жалпы білім беру мекемелерінің; бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің; түзету білім беру мекемелерінің; балаларға қосымша білім беру мекемелерінің) педагог қызметкерлері қатыса алады.
- Кез келген білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері:
тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері,
педагог-ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, дефектолог-мұғалімдер, логопед-мұғалімдер,
педагог-психологтар, тәрбиешілер, вожатыйлар, қосымша білім беру педагогтары,
музыка жетекшілері, концертмейстерлер, дене тәрбиесі жетекшілері және дене шынықтыру нұсқаушысы, ТЖӘ ұйымдастырушы-оқытушылар,
әдіскерлер, мектеп-колледж директорлары, балабақша меңгерушілері.
2. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді.
3. Қатысу жеке немесе бірлескен болуы мүмкін.