[4, 20 б.].
Бұл цифрлық
ұрпақ шынында да байқап жүргеніміздей,
дүниеге келіп, ақыл есін жиғаннан
смартфондарға әуес, онсыз шынайы-
лықты бағалай алмайтындай көрінеді.
Цифрлы ұрпақтың өзге ұрпақтардан
айырмашылығы, олар ақпараттық рес-
рустарда бар білімдерді жылдам
меңгеру арқылы өзінің мобильділігін,
мультимәдениеттілігін, бәсекеге қабілет-
тілігін білдіріп отыр. «Y» ұрпақтың басты
кемшілігі, ол тек Фейсбук, Телеграмм,
Инстраграм жағдайында виртуалды
өмір сүруі және ақпараттың белгілі бір
ойдың тереңдігін қамтымауы салдары-
нан тек фрагментарлы ойлауы, шешім
қабылдауы болып табылады. Ал, «Z»
ұрпақ қазірдің өзінде «Тик ток», «Майн-
графт» бағдарламаларының шегінде
дүниені шарлап кетеді. Қазіргі жас-
өспірімдер компьютерлік, виртуалды
әлемдегі ойындар, танысу платформала-
ры арқылы дүниенің кез келген
бөлігіндегі құрдасымен байланысқа
шыға алады, тартысады, бәсекелеседі,
дауласады, достасады. Дегенмен адам
өзіне тән этникалық, нәсілдік, діндік
идентификациясын виртуалды әлемге
де тасып әкелуде. Балалар кейде діни
сеніміне, нәсілдік ерекшелігіне қарай
достарды табуы, виртуалды ойындарда
қарсылас ретінде топтасуы бар. Д. Сапа-
рова өзінің докторлық диссертациясын-
да мұндай мінез-құлықтық ерекшеліктің
құндылықтық негізінің екі аспектісін
бөліп көрсетеді. Атап айтқанда, Д. Сапа-
рова бойынша: «Мен және біз мінез-
құлық моделі бар. «Мен» өзіндік дамуға,
тәуелсіздікке, таңдау еркіндігіне, сөз
еркіндігіне, құқығын қорғауға бағыт-
талған. Ал, екінші жағынан олардың
мінез-құлығында «Біз» ұғымы тереңінен
орныққан, яғни өзінің руға, жүзге,
дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, отбасыға
беріктігімен сипатталады. Сондықтан да
олар әлеуметтік желілерде өзге адамның
ролін ойнап, түрлі коммуникация
тәжірбиелерін өзіне тексеріп көреді»,-
ғылыми көзқарас бар [5, 85 б.]. Цифрлы
ұрпақты идеологиялық иллюзиялармен
алдауда өте қиын, өйткені олар дерек-
тер арқылы факт-чекинг талабымен
жұмыс жүргізеді. Дегенмен сонда да аға
ұрпақтың ойлауының, санасезімінің,
субъективті көзқарасының негізінде өз
іс-әрекеттерін
коррекция
жасауға
мәжбүр. Себебі, аға ұрпақтың саяси
жүйеге қатысты ұстанымы қоғамдағы
тұрақтылыққа, қақтығыстардың алдын
алуға құрылған. Бұл жағдайды аға ұрпақ
Құдайдың берген сыйы деп қабылдайды.
Қазақ қоғамында бір парадоксалды
жағдай бар, жастар қаншалықты цифр-
лық технологияларды игергенімен өзінің
дүниетанымында діни пайымдауларға
жақын, өзгеше ойлаудан қорқу сезімі
бар. Сонымен бірге сандық технология-
ларды қолдануда тек әлеуметтік
желілерге басымдық береді. Бұл жерде
ол жас өспірімдердің болсын, үлкен ере-
сек азаматтардың болсын ақпараттық
технологияның ғылыми техникалық
аспектісі тек іргелі зерттеу институт-
тарының еншісі секілді қабылдануы.
Тиісінше, әлі де жаңа технологиялар тек
сырттан экспорт жасалынуда. Екінші
жағы сол әлеуметтік желілердің өзінде
қоғамдық белсенділіктің жоқтығы, өзекті
посттарға пікір білдіруден, лайк белгісін
қоюдан қашқақтауы да кездеседі.
Өйткені қазақ қоғамының интернеттік
желілік сегментінде жеңіл ой, хайп жа-
сау, сөздер тарату басым. Ғылыми,
танымдық маңызы бар ақпараттар өте
сирек кездеседі. Д. Сапарова респуб-
ликаның ірі қалаларында 770 жастардың
арасында социологиялық зерттеу жүр-
гізген. Социологиялық зерттеудің нәти-
жесінде респонденттер «әлеуметтік
желідегі уақытының 71 % достарының
суреттерін, посттарын қарауға, 55 %
жаңа тарихтарға лайк қоюға, 85 % доста-
рымен араласуға, 12 % хабарларды
қайта пост жасауға, 8 % тікелей трансла-
Тумашбай С.
69
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
цияларды жасауға, 5 % табыс табуға, 3 %
өзін кәсіпқой блогер ретінде қолдануға,
11 % посттарға коммент жазуға» қол-
данады екен [5, 83 б.]. Бұл социологиялық
зерттеу деректеріне назар аударсақ,
біздің қоғамдағы жас өспірімдердің ба-
сым көпшілігі, өз уақытын бос өткізіп
жатқанын байқаймыз. Сондықтан да
жастардың бойында танымдық көзқа-
раста тек клиптік сана, фрагментарлы
ойлау басым, бірақ шешім қабылдауда
өздерін белсенді тұтады. Г. Мямишева
Джина М. Тавенджидің 2018 жылы 12
милион америкалық жастардың ара-
сында жүргізген зерттеулеріне сілтеме
жасап, ұрпақтарды селфи – «Y», ютуб –
«Z» топтарға жіктейді. Ұрпақтардың
мінез-құлығының ерекшеліктерін баға-
лауда буындардың өз өмірін жариялықта
ұстап, екінші жағынан үйдің ішінде ғана
белсенділікті көрсетуінде саяси-әлеу-
меттік апатияның көрінісін байқаймыз.
Бұл өз кезегінде адамдардың қоғамдық
шынайылықты тек виртуалды баға-
лауынан да байқаймыз. Виртуалды өмір
өз кезегінде жеңіл мінез түріндегі
хайптың орын алуына, адамның қатігез-
дігінің туындауына негіз болуда. Бұл
жағдайды біз барлығын оқиға деңгейінде
санада бақылап, оны видео, фото чекинг
ретінде тіркеу мүмкіндігі, басым
көпшілігінде әрекетсіздік формасында
қалып отыр. Бұл жағдайды Г. Нұрадин
мен С. Сапарғалиева «Басқаның басын-
дағы қажетті ақпармен сусындау қабілеті
– нетворк интеллектісі»,-деп атайды [6,
33 б.].
Бұл салада «Delıotte» халықаралық
әлеуметтік зерттеулерді жүргізу компа-
ниясы бар және бұл құрылым жыл сай-
ын мәселеге қатысты өзінің есептерін
жариялап тұрады. Тиісінше, «Delıotte»
2019 жылы әлемнің 42 елінде, 1983-2002
жылдар аралығында туған, 13 мың 416
адамнан әлеуметтік сауалнама жүргізген.
Сауалнаманың негізгі мақсаты жастар-
дың мінез-құлығына, дүниетанымына
әлемддегі экономикалық, мәдени үрдіс-
тердің ықпалын зерттеуге құрылған.
Зерттеу компаниясының менеджері
В. Витальеваның есебінде мынадай
мәліметтер бар: «Y және Z ұрпақтары
арасында жұмыс берушілерге және қор
нарықтарына, экономикалық прогреске,
дәстүрлі институттарға, әлеуметтік мо-
бильділікке деген сенімсіз күшейіп,
оларда кәсіптік мансабында дағдарыс-
тарға тап болу үрейі, үйсіз қаламын ау
деген стресстер артқан. Зерттеу нәти-
желері бойынша респонденттердің Z
ұрпақ өкілдерінің 52% үй сатып алуға,
ал, Y ұрпақ өкілдерінің 49%, отбасы
құруға көзқарасы, тиісінше 45% бен 39%
қатынасты құраған. Ал, екі ұрпақтың 57
% дүние жүзіне саяхаттауды, 46% қоғамға
пайда келтіруді ойлаған, 71% цифр-
лендіруді қабыл алуды құптаған, 73% са-
яси лидерлермен дін қайраткерлері
дүниедегі мәселені шеше алмайды деп
ойлаған. Ал, 70% төртінші өнеркәсіптік
революцияда жетістікке жетуде өз қа-
білетін шектеулі деп санаған» [7].
Шы-
нында қазіргі қоғамдарда экономикалық
үрдістер жаһандану жағдайына ақпа-
раттық технологиялар негізінде қатты
интеграцияланған. Бұл саланы қазіргі
уақытта фрилансерлер алаңы деп ата-
сақта болады. Оларға смартфондармен
«mt 5» бағдарламалары арқылы халықа-
ралық қор нарықтарына қаржыларын
салу арқылы табыс тапқысы, басшының
үстемдігі әрекетінен еркін болғысы
келетін өкілдері жатады. Бұл салада қар-
жылық сауаттылықтың болмауы салда-
рынан көпшілігі, қылмыстық топтардың
құрбанына айналуда. Оның қатарына
биткойнмен сауда жасауға талпынушы-
ларды кіргізсек те болады. Бұл жердегі
пессимизмнің негізгі қайнар көзі, ол
Covıd-19 пандемиясы салдарынан әлем-
дік қор нарықтарының бір күннің ішінде
мың құбылуы секілді жағдайлар әсер
етеді. Өйткені, әлемдік қор нарығы
әлемдегі саяси-экономикалық ақпарат-
тарға өте сезімтал. Ал, ұрпақтардың
ішінен әлемнің қызықты, географиялық
табиғи әсем, кейде қауіпті жерлерге экс-
тремалды саяхат жасаушылардың көп-
теп шығуы, олардың өздерін блогер,
Қазіргі ұрпақ уақыты және құндылықтар
70
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
вайнер ретінде «Youtube» жүйесінде та-
нымал болуы көптеп шығуда. Тиісінше,
бұл сандық ұрпақ «Youtube» желісінен
табыс табуды меңгеріп алған. Мысалы,
«Youtube» орналастырылған видео
роликтердің қаралымы 1000 адамнан
асып, олар ондағы жарнаманы толық
көріп шықса, әрбір көрілім үшін 0,35
цент төлейді. Әрі өзі үшін уақытты
ажыратудың, әрі табыс табудың көзі. Бұл
осы ұрпақтың тәуекелшілдігін білдіреді.
Яки, автостоппен аз қаржыға Европадан
бастап Ауғаныстанға, Монғолияға,
Қазақстанға саяхат жасау, ол саяхаттан
табыс табу, осы ұрпақтардың сыбағасы
саналады. Кейде дәстүрлі телевизиядан
қоғамдық алаң ретінде осындай терең
ойы, өзіндік қайталанбас көзқарасы бар
блогер, вайнерлерге орындар ажыратса,
олар сол телевизияның рейтингісін,
танымалдылығын, табысын еселеп арт-
тырады. Мысалы, бір ютуб бағдарла-
масында «Ирина Кайратовна» бағдарла-
масының өнімдерін 25 миллион адам,
Иманбектің «Poses» ремиксін 169 мил-
лион тыңдаушы, Димашты 20 миллион
көрерменнің тыңдауы, Нартай Арал-
байұлының бағдарламаларын 100 мың
адам, Қанат Тілеуханұлының бағдарла-
маларын 71 мың адам тамашалаған.
Түрік блогері, дербес саяхатшысы,
«Rotasiz Seyah» бағдарламасының авто-
рының Пәкістанның жасырын қару
жарақ жасау шеберханаларында түсір-
ген видеосы, бір жыл ішінде 8 млн 500
мың көрермен жинаған. Бұл азамат-
тардың бірі Y, бірі Z ұрпақ өкілдері сана-
лынады және олар ақпараттық ком-
муникациялық салада, өнер сферасында
сапалы контент жасап отыр. Мысалы,
Иманбек пен Димаш, Скриптонит, Н. Са-
буров, А. Мусагалиев т.б жастардың
өкілдері, бұлар феномендер. Бұл фено-
мендер тек жарқырап, құбылып шыққан
жоқ, олар өзінің әлеуметтік ортасының
лидерлеріне айналған тұлғалар. Біздің
қазақстандық қоғамдағы өнер саласы
фонограмманың кіріптарына айналып
отыр. Екінші жағынан бүтін әлем бұл фе-
номендерден қоғамдық, ұлттық жауап-
кершілікті күтеді. Жалпы қазақ философ-
тары цифрлық ұрпақ дәуірін кеңінен
зерттеп жүр. Сондай зерттеушілердің
бірі Л.В. Турарбекова, Д.Р. Сапарова,
Тержан Нуфер. Бұл зерттеушілер пре-
фигуративті мәдениетте, әсіресе Y және
Z ұрпақтары арасында ақпараттар алма-
су мен ақпараттық технология құралдары
интернетті, смартфонды қолдануда, оны
дүниедегі өзгерістермен байланыстыру-
да бірқатар парадоксалды шарттардың
орын алып отырғанын баса көрсетеді
және талдайды. Тиісінше, бұл бағалаудың
сипаттары: «1) глокалдылық парадок-
салдығы: индивидтің бірден жаһандық
және аймақтық әлемде виртуалды өмір
сүруі, яки қиялдағы «меннің» елестегі
«бізбен» араласып кетуі. Салдарынан
адам өзіне виртуалды әлемдегі түрлі об-
раздарды мөлшерлеп, өзінің дүние-
танымын шексіз арттырады. Олар көп-
бейнелі, толерантты, космополит, ұлттық
жергілікті мәдениет өкілі, сезімсіз сүрең
әлемде өмір сүреді, өзгенің қатысуын
бағалай алмайды; 2) интернет дос неме-
се жау парадоксы: қазақстандықтардың
87 пайызы интернетті қолданады және
уақытының көп бөлігін үйде өткізеді;
3) уақыттан тыс уақыт парадоксы: бұл
адамның өмірлік циклын бұзады, уа-
қытты дұрыс ұйымдастыру жоғалады
және тез ақапараттар алмасады, номо-
фобия бар» [8]. Л.В. Турарбекова мен
Д. Сапарованың бұл зерттеуінде қазіргі
адамдардың ол мейлі Y, Z ұрпақ болсын,
өзге де аға буын болсын, барлығының
смартфон мен интернеттің қолданушысы
ретінде виртуалды әлемді шарлап өмір
сүруі қарастырылады. Бұл жағдайда кіші
буындардың өзінің өміріне қатысушы
өзгелердің барлығын толыққанды ба-
ғалау құндылығынан айырылып, әлеу-
меттену үрдісінен тыс қалуы орын алуда.
Оның салдардарларын біздің қоғамның
жеңіл ойлауға бейімдігінен байқаймыз
және смартфон ақпарат алмасу құра-
лына қарағанда, кейде бір бірін қа-
ралауға, жалған мінезін көрсетуге, екінші
Тумашбай С.
71
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
бір тұлғаның қызметіне қысым жасауға
дейін баратын негативті шарттарын да
көріп отырмыз. Сондықтан мұндай
ашық, ақпараттық қоғамда адамдардың
құқығын қорғаудың шарттарын жетіл-
діріп, азаматтарымызды қоғамдық мә-
дениетін дамытуымыз қажет. Бұл зерт-
теулерден
байқайтынымыз,
ол
швейцариялық ғалым Ж. Пиаже бойын-
ша бала 11 жасынан саяси социализа-
цияға ұшырайтын болса, қазіргілікте бұл
тенденция жасарып келеді. Қазіргі 8
әлде 9 жастағы бала өзіңе кейде ауыр
сұрақтар қояды, оған жауап беруге
қиналасың. Өйткені ол ақпараттарды
қолындағы досы смартфонынан алып
отыр және ол сол мәліметті шын деп
қабылдайды. Әл Ғазалидің баланың ашу
күші 7 жастан оянады деген ойы, осы
әлеуметтену үрдісінің алғашқы кезең-
дерін білдіреді.
Қазіргілікте әлемге, оның ішінде фи-
лософиялық ойлауға Z, Alfa ұрпағымен
бірге постадам ұғымы шығып отыр. Бұл
теория өзінің бастауын Ф. Ницшенің
асқақ адам тұжырымынан алып, оның
ізін М. Фуко, К. Барад, В. Керби, Д. Ха-
руэй, Р. Брайдорот, Д.К. Богатырев т.б
ғалымдар жалғастырып жүр. Бұл бағытты
футурологиялық концепцияның, оның
ішінде утопиялық мазмұнды деп атасақта
болады. Жалпы Ф. Ницшенің фило-
софиясы бірінші көзқарасқа мүлдем
қайшылықты және қазіргі адамның, яки
ұрпақтың өзі ойлауында қабылдай ал-
майтын қайшылықты пікірлерге толы.
Дегенмен Ф. Ницщенің адамды қайта
жасау керек, ол асқақ адамға ауысатын
көпір деген пікірін ресейлік философ
Д.К. Богатырев «Ф. Ницшенің асқақ ада-
мы мейірімділік пен зұлымдықтың ар
жағына шығуы секілді, ол мейірімділік
пен зұлымдықтан жоғары»,-деген ойда
қарастырады [9].
Ф. Ницше бойынша
«адам өткеннің барынша күшейе түскен,
алып ауыртпалығына жан тәнімен қарсы
тұруы тиіс. Өйткені, өткеннің салмағы
көзге көрінбес, қараңғы жүк ретінде
адамды төменге идіреді немесе оны
басқа жаққа бұрып жібереді. Адам кей-
де өзіне тең келетін қоғамда өткеннен
бас тартады және оның рахаттана жа-
сап, өзгелердің қызғанышын тудыра-
ды» [10, 161 б.]. Ф.Ницшенің адамды
этикалық-моралдық құндылықтар, діни
шарттар аздырады, оның болашаққа
ұмтылуы үшін аяғына тұсау болады де-
ген көзқарастары сол дәуірдегі христи-
ан дініндегі тоталитарлық әрекеттерге
қарсы бағытталған болуы мүмкін.
Әйтсе де Ф. Ницшенің «барлық жер-
де қалыптасуды көруге үкім етілген
адам өзінің болмысына, өз өзіне де-
ген сенімді жоғалтады, мұндай адам-
дар қалыптасудың бұл ағымында ада-
сып, барлығы қозғалушы нүктелердің
тізбегіне ыдырап кететін еді»,
[10, 163 б.] -
деген көзқарасы оның қоғамды, адамның
санасын өзгертуші единицалар екенін
және күшті тұлғалардың орын алуынан
болатын қозғалыс екенін білдіреді. Ф.
Ницше тарихилық пен тарихилық емес
жеке адамның, халықтың, мәдениеттің
саулығы үшін бірдей қажетті деп, тари-
хи сананың қазіргіліктегі орынын мону-
менталды, антикварлы, тарихтың сыни
тегі классификациясына жіктейді. Соның
ішінде тарихтың сыни тегі бөлігінде
адам өткенді уақыттан уақытқа қиратуда
екі мінезге ие деп зерттейді. Оның бірі
адам әлсіздігі, екіншісі адамның күші.
Бұл екі мінез адамзат тарихында, оның
ішінде философиядағы метафизикалық
ойлау мен метафизикалық емес ойлау,
кейінгі эволюциялық пен теологиялық
арасындағы ғылыми, әдеттегі санадағы
тартыстың алаңы ретінде қызмет атқарып
отыр. Адамның күшінің стерженін ғы-
лым және білім құндылықтары құ-
райтынын қазіргі уақыт дәлелдеп отыр.
Ұрпақаралық қатынастағы ескі мен
жаңаның күресін зерттеуде Ф. Ниц-
ше адамдардың алдыңғы ұрпақтардың
міндетті өнімі екенін, тиісінше адам-
дардың алдыңғы ұрпақтардың ада-
суларының, құмарлықтарының, қа-
телесуінің,
тіпті
қылмыстарының
жалғасты өнімі ретіндегі мазмұн деп
Қазіргі ұрпақ уақыты және құндылықтар
72
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
қарастырады. Сонымен бірге Ф. Ниц-
ше осы тарихилықтың үш кезеңінің ор-
тасында қалған адамдарды «әтектер
ұрпағы» деп атайды. Тиісінше, оның
«әтектер ұрпағы, яки әтектер үшін
барлық әйел заты бірдей, олар үшін әйел
өзінде, мәңгі қолжетімсіз, сондықтан
да мүлдем ерекшеліксіз көрінеді. Тарих
қана олардың тарихты ешқашан жасай
алмауы себепті, солардың күш салула-
рымен, өзінің керемет объективтілігін
сақтап қалуда»,-деген ойы ескіні құрмет
тұтушылардың тарихты әлдебір орта тек
ретінде жасауға ұмтылушы әрекеті деп
бағалайды [10, 190 б.].
Сонымен бірге қоғамда ескі құн-
дылықтар үстем болған жағдайда
шынайылықта әрекетті жаңа және ту-
ындаушы барлық кезде күдікке алынып,
одан бас тарту ұсынылады. Сондықтан
Ф. Ницшенің философиясы адам бақы-
тын осы дүниеден тапса екен деген
үміті, адамның күшін, жігерлі, сындар-
лы тұлғаларды, жаңаны дискурсқа алып
шығуын, оның атеистік көзқарастарын
ойымыздан сылып алып қарастыратын
болсақ, онда оның идеяларының
трансгуманистік және постгуманистік
философиялық концепцияларға өзек
болғанын байқаймыз. Постадам тео-
риясының мәні адам өз өзін жасаушы,
өндіруші субъект деген ұғымға сая-
ды. Бұл антропостық теория адамның
қазіргі өркениетті игеруінде, әсіресе
ғылыми-техникалық жетістіктер арқылы
игеруінде өзектілікке айналып отыр.
Сонымен бірге бұл теорияның негізгі
ерекшелігі дүниедегі барлық тірі жанды-
лар тепе теңдікке ие деген көзқарасты
ұстанады. Трансгуманистік теория эво-
люционистік теорияның жалғасы және
ол маймылдың желбезегін адамның
сөйлеу желбезегімен ауыстыру арқылы,
оны сөйлете аламыз деген ойды
ұстанады. Ғалымдардың зерттеуінше
маймылдар 600-ге жуық дыбыстар
шығарады екен. Ал, постгуманистік те-
ория бойынша маймылда адам секілді
жаратылған, оның ешқандай терістігі
жоқ, екеуі дүниеде тең жасай ала-
ды деген ойда болады. Яки, адамды
және өзге тірі жандыларды Декарттың
«cogıto ergo sum» түрмесінен азат ету
мақсатын алға шығаруда. Адам био-
әлеуметтік тірі жан ұғымынан адам
биологиялық-әлеуметтік-технологиялық
тірі жан ұғымына айналады. Бұл жердегі
негізгі мәселе ол адамның жасанды
интеллекті негізінде өзіне ұқсас адам-
ды жасап шығаруы немесе клондауы,
медициналық дерттерді геномды ау-
ыстыру арқылы емдеуі, өлімге қарсы
дәріні ойлап табуы, биотехнологиялық,
нанотехнологиялық, ақпараттық техно-
логиялық жетістіктерге қол жеткізу.
Дегенмен
жасанды
интеллектімен
жасалынған дүние адамның өзінің
бақылауынан шығып кетпейді ме де-
ген мәселеде талқыда бар түсінік. Бұл
туралы профессор Д.К. Богатырев:
«Адамның өткеніне оралып, өз гено-
мымызды өзгерте аламымызба? Адам
өзінің биологиялық және жан дүниесін
өзгертуі жаңа нормалдылық ретінде
қалыптасты және оған бейімделеміз»,
- дейді [9].
Әйтсе де бұл постгуманистік
теория әліде толығымен орныққан жоқ,
адам сол баяғы сезімдік, діни күйдегі,
дәстүрдегі, әлеуметтенуші, өзгеруші,
ойланушы адам формасында тіршілік
жасауда. Ресейлік ғалымдардың бірі
А.И. Криман «Адам демонстра-
ция алаңында Құдаймен, автормен,
оқушымен бірге қатысады. Адам кон-
цепт ретінде емес, конструкт ретінде
ұғынылады. Трансгуманизм адамның
өзінен құндылықты іздеу арқылы ан-
тропологиялық парадоксалдыққа ие», -
деген көзқарасын білдіреді [11, 135 б.].
Бұл антропологиялық парадоксалдық
адамның техникалық құралдарды иге-
руінде, оның нәтиежелерін өзінің өмірлік
дүниесінің шынайылығына ендіруінде
де кездеседі. Адам технологиялық
құралдарды қызығушылықпен қолда-
нуымен бірге, ол бұл құралдардың
дүниесінде өзінің мәнсіз құбылысқа
айналып бара жатқан шынайылығына
Тумашбай С.
73
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
сыни көзқарасын білдіре алуда. Де-
генмен жаңа цифрлық технологиялар
адамның жас ерекшелігіне қарамастан
өзінің ұйығына тартып кетуде. Соның
салдарынан адамның әрекеттелігінде
ақиқат пен жалғанды ажыратуын-
да қателесудің орын алуы, адамның
еңбек құралдары мен ортасының ки-
боргтар, конвейерлер арқылы алма-
суы әлдеқашан орын алған тек бұл
үрдіс жаңа техникалық құралдармен
толықтырылуда. Бұл өз кезегінде
адамның өмірлік әлеміне өзгерістер
енгізіп, ол оның психологиялық, әлеу-
меттік күйзелістеріне жол ашты. Яки,
ақпараттық технологиялардың әеуметтік
желі түріндегі формалары ұрпақтың
санасезіміне білім көзі ретінде позитивті
әсер жасағанымен, көп жағдайда теріс-
мінез құлықты қалыптастыруда. Ол
теріс-мінез құлық формалары кибер
буллинг түрінде, торпедалық шабу-
ыл әрекеті түрінде және жалдамалы,
ақыға пікір жазып қоғамдық пікірді
қалыптастырушы ботттар түрінде қа-
лыптасып отыр. Бұл жердегі ең қауіпті
әрекет, ол кибер буллингпен әлеуметтік
желідегі белгілі бір пікір иесіне шабу-
ыл жасау, фейк ақпараттарды заңсыз
таратумен теріс ойды түзудің салдары-
нан адамдардың мінез-құлығына кері
ықпал жасауда. Өйткені фейк парақша
сыртына жасырынған адамның мақсаты
қоғамның ішінде дүрбелең туғызу,
мемлекеттің саясатына қарсы күштерді
қалыптастыру және жеке мүддесіне пай-
далану болып табылады. Соның салда-
рынан адамдар депрессияға салынады.
Бұл әдісті ақпараттық сферада қысым
жасау үшін, табыс табу үшін кәсібіне
айналдырған топтар бар.
Бұл көзқарас философия ғылымында
XX ғасырдың бастапқы кезеңінен бастап
бар және ол өз кезегінде А. Ростоудың
индустриалды қоғам, Д. Беллдің по-
стиндустриалды қоғам, Г. Маркузенің
бір өлшемді адам концепциясын-
да дамытылған. Г. Маркузе адам мен
табиғаттың өзара қатынасындағы және
адамның өндірістік қатынастардағы
орынын, бір біріне ықпалын зерттеуде,
ондағы рационалды ойлау мен ирра-
ционалды пайымның арасындағы бай-
ланыстарды зерттейді. Оның пікірінше,
«Индустриалды қоғам метафизикалықты
физикалыққа, ішкіні сыртқылыққа,
адам санасындағы оқиғаларды техно-
логия саласындағы оқиғаларға қайта
құру құралдарына ие. Құндылықтарды
қажеттіліктерге ауыстыру екі жақты
үрдіс: 1) материалды қанағаттану;
2) қанағаттану негізінде қажеттіліктердің
еркін дамуы», - ұғымдарын білдіреді
[12, 301 б.]. Әрине индустриалды даму
үрдісі өзінде өзара ішкі қайшылығы
бар «технологиялық рационалдылық»
тенденциясын түйіндейді. Бұл үрдіс
тарихтағы дәстүрлерді, құндылықтарды
транцендентті ұғым ретінде жоққа
шығарып, оны иррационалдықтың
белгісі санайды. Дегенмен индустриалды
қоғамның өзегінде технологиялықтың
аспектісінде,
адамдарды
біріктіру,
оның санасын бұқаралық сипатқа ай-
налдыру ұғымыда жасырынған. Екінші
жағынан технологиялыққа үстемдік
етуші қоғамдар, адамдар, мемлекет-
тер өзінің мұндай артықшылығын са-
яси құрал ретінде пайдаланады. Яки,
технологиялық жетістікті дүниеге теңдей
тарату, оның құпия, сырларын меңгеру
барлығына бірдей берілмеген. Бұл
үрдісті Г. Маркузе дүниені игерудегі
материалдық және интеллектуалдық
ерекшеліктен көреді. Бұл материалдық
пен интеллектуалдықты ұғым ретінде,
мәдениет формасы ретінде түрлі бағалау,
кейде мұндағы объективті дүниені
адамның өзіндік субъективтілігімен
түсіну шарттары кездесіп отыр. Бұл
объективті дүниені айрықшалықта
адамдардың қоғамдық шынайылықты
субъективті ойлау арқылы бағалауынан
анық көрініп отыр. Өкінішке орай ба-
тыс өркениетіндегі реалдылық қоғам
мен адамның үндесітігінде, ғылым
жетістігі негізінде ойланылып, адамның
әрекеттілігі соған ұқсас формада жүзеге
Қазіргі ұрпақ уақыты және құндылықтар
74
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
асуда. Ал, біздің қоғамдағы субъективті
ойлаудың басымдығын Covid-19 пан-
демиясына қарсы вакциналау іс-
әрекеттілігінен көре аламыз. Адам-
дар вакцинациялау бұл тығырықтан
шығатын жалғыз жол екенін түсінгеннің
өзінде, көпшіліктің бұл саладағы
мемлекеттің саясатына сенімсіздіктен
қарауы орын алуда. Бұл жағдайдың
жалғыз түсіндірмесі, ол қоғамдық
ақылдың мемлекеттің шынайы әрекетін
жекелік көзқарасы арқылы бағалауы
және
мемлекеттік
институттардың
қоғамдық сынды қабылдай алмауы.
Тиісінше, қазақстандық қоғам өзі тех-
нологияларды жасамай, тек тұтынушы
қоғам деңгейінде қалып отыр. Бұл
тұтынушылық пайым технологиялар-
ды жеңіл формада қабылдап, біздің
халықтың иррационалды ойлауының
қалыптасуына түрткі болып отыр.
Біздің қоғамның дискурсында тек
жеңіл, жылтыраққа әуестік басым бо-
лып, ол халқымыздың «Фейсбук»,
«Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі
виртуалды өмірімен, әрекетсіздігімен
шектеліп отыр. Г. Маркузенің көзқарасы
марксистік бағытта болғанымен, оның
адамның шынайылықты бағалауындағы
ойлау әдісін дұрыс қалыптастырудың
жолы ретінде «ақылдың ақиқат пен
шынайылық
теңдігінде»
анықтауы
кез
келген
қоғамның
дамуын
анықтайтын басты критерийі болып
табылады. Г. Маркузе бұл жағдайды
«Оптималды
тапсырма
ретінде
жалған
қажеттіліктерді
ақиқатпен
ығыстырып шығару және репрессивті
қанағаттанудан бас тарту»,-ретінде си-
паттайды [12, 22 б.]. Адамның өмірлік
әлемі әуел бастан материалдық және
рухани құндылықтармен толтырылған.
Адамның
тұтас
өмірлік
әлемі
санасындағы деректерді нақты тәжірбие
арқылы затқа айналдыруға, заттық бол-
мыс негізінде дүниені тануға жүктелген.
Бұл шынайылықта адам әрекеттілікті
болмыс иесі, бірақ «технологиялық
рационалдылық» негізінде бір өлшемді
ойлауды қалыптастыру саясат арқылы
өзектіленеді. Яки, Г. Маркузе бойын-
ша «технологиялық рационалдылық
саяси рационалдылық болып табы-
лады» және үстемдікке ие ұғым ин-
дустриалдылықтың жетістіктері нарық,
қаржы ұйымдары, БАҚ құралдары
арқылы бір деңгейлі ойлауды, адамды,
қоғамды қалыптастыруға тырысады.
Сонымен бірге біздің қоғамның басым
бөлігі банк алдындағы тұтынушылық
несиелердің кіріптар субъектісіне айна-
луда. Бұл кіріптарлықтың артып, күшей
түсуіне де ақпараттық технологиялар-
дың өнімдерді жеңіл табыс көзі ретін-
де жарнамалауыменде байланысты. Бұл
әрекеттілікте тауарды жарнамалау раци-
оналды мақсаттылығы орын алғанымен,
оның негізінде адамның санасезіміне
сезімдік-аффективті түрде әсер ету
арқылы тәуелділікте ұстау көзделген.
Сондықтан сандық технологияларда жа-
сырын, құпияланған сырлар түйінделіп,
ол өз кезегінде адамның уақытын ұр-
лаушы, арбаушы, шынайылықты жалған
бағалау қасиеттеріне ие. Г. Маркузе бой-
ынша «игілікті мемлекет бағыныштылық
мемлекеті болып табылады. Ақиқатты
бағаның орнына айырбас құны енуде»,-
деп атап көрсетеді [12, 85 б.]. Шынын-
да да адамдар өзін қоршаған әлемді
тек материалдық жетістіктер негізінде
бағалауды, өзінің әрбір іс-әрекеттелігінен
пайда көздеуді мақсат тұтуда. Тиісінше,
адам технологиялық рационалдылық
негізінде өзін тек жекелікте, дербестікте
танып, ес-жадын қысқалықта, тари-
хилықсыз бағалауға бейімделіп алған
және бұл оның ретристік мінез-
құлығының қалыптасуына түрткі бо-
лып отыр. Г. Маркузенің пікірінше, «да-
мушы буржуазиялық қоғам ес-жадты,
уақытты, еске алуларды өткеннің ирра-
ционалды қалдығы ретінде жояды» [12,
140 б.]. Өйткені қазіргіліктегі өндірістік
ұйымдастыру шешімдері математикалық
дәлдікке, тек игіліктердің жинақталуына
бағыт алып, ол өз кезегінде уақытқа тайм-
менеджмент әдісі ретінде ғана көңіл ау-
Тумашбай С.
75
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
дарады. Өмірлік әлем шынайылығында
рационалдылық практикалық, мұқият
ойластырылған әрекеттің жобасы са-
налынады. Бұл жерде екі ұғымның
қайшылығы жүйелілікті білдірмейді, ол
екі қарамақарсылықты өзара үндестік
нүктесінде біріктіруді, әрбір қатынастың
маңыздылығын
ашуды
көздейді.
Г. Маркузе бойынша бұл қатынастарды
үйлесімділікке әкелудің нүктесі қызметін
тынышталу, байыз табу құрайды. Себебі,
бұл жағдайды Г. Маркузе «рационал-
ды қоғам Ақыл идеясының төмендеуін
дайындайды» [12, 227 б.] және «қазіргі
қоғам өзінің ақиқатты құндылығын та-
рихи жоба ретінде танытты. Ол адамның
адаммен және табиғатпен күресін
ұйымдастыруда сәттілікте жетті; ол адам
өмірін күшті және әлсіз қанағаттану
деңгейінде өндіреді және сақтайды»
[12, 291 б]. Қазіргі дүниеде адам
шынайылықта өзінің орынын дұрыс
анықтау үшін, мүмкіндігін таныту үшін,
өзінің жасампаздығын әлемге паш ету
үшін баламалық көздерін тапқан. Бұл
баламалықтың қайнарын рационалды
ойлаудың көрінісі ретіндегі сандық тех-
нологиялар мен виртуалдылық құрайды.
Бұл баламалық метафизикалық ұғымда
емес, ол реалды физикалық дүниеде
орын алып отыр. Дегенмен адам әлі
де өзінің тарихи қайнарларын іздеуші,
сезімдік, бірақ практикалық мүддесі
бар жасампаздыққа ие. Бұл жасам-
паздық сандық технологиялардың
жетістіктерін жаңа формаларға көші-
румен бірге, кеңістіктің шекараларын
бір географиялық нүктеден, екінші
географиялық нүктелердің ұзақтығына
сөза алуда. Ақпараттың ағыны адамның
таным көкжиегін кеңейтумен бірге, оны
еркін, дербес ойлай білуші субъектіге
айналдырып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |