Қазіргі ұрпақ уақыты және қҰндылықтар т. Е. Тұмашбай



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата13.11.2023
өлшемі370,34 Kb.
#191347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Practice 6
Қорытынды
Қазіргіліктегі адам футурологиялық 
аспектіде постиндустриалды дүниені 
білім мен ғылымның технологиясының 
негізінде жасауға көшуде. Біздің қоғам 
индустриалдылықтың қамытынан құтылу 
үшін ойлау, жасампаз болу әрекеттілігіне 
ауысуы тиіс. Постиндустриалдылық 
болашақтың утопиясы болғанымен, 
ол әлемнің дамыған елдерінде шы-
найылыққа 
қадам 
басуда. 
Оған 
ғылыми-техникалық 
революцияның 
жетістіктерін қолдану арқылы сумен 
қозғалатын автокөліктер, ұшатын көлік 
құралдары, эрганомикалық ақылды 
қалаларды жасаушы АҚШ, Германия, 
Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай секілді 
елдер жатады. Бір ғана Илон Масктің 
ғарышқа ұшып кеткен кеменің қайта 
платформаға қондыруы ғылымның 
үлкен жетістіктерінің бірі. Өйткені 
ғалымдардың 
зерттеуінше 
сандық 
технологиялардың адам өміріне ден-
деп енуі, өз кезегінде антропологиялық 
революцияны тудырады. Ал, антро-
пологиялық революцияда адам жал-
пыға бірдей мәнге айналумен бірге, 
өзінің қайнарына, индивидуалдылығына 
қайта айналып соғады. Дүниеде адам 
тұлғалығы прогрестің негізін құрайды 
деген ойлар бар. Дегенмен әлемдегі қор 
биржаларының сандық технологиялық 
көңіл күйі мен қызмет атқару 
алгоритимі әлі де саяси, экономикалық 
спекулятивті мінез-құлығына тәуелді 
Тумашбай С.


77
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
болып отыр. А. Бергсон сипаттаған 
сананың уақытта ұзақтыққа созыла алу 
мүмкіндігі осы сандық технологиялар-
да мүмкіндікке айналды. Бұл үрдіске 
біздің ұрпақтардың кірігуі, олардың 
технологияның прагматикалық сана-
сын қабылдаған кезде және қоғамдық 
жауапкершілікті мәдениет, өркениет 
түріндегі жасампаздық ретінде түсін-
генде жүзеге асады. Алайда бұл үрдістің 
қоғамда бүтіндік категориясына айна-
лып, шынайылықтың ақиқатты таны-
туына жеке мүдде, қоғамдық мүдде, 
мемлекеттік мүдде негізінде қайшылығы 
бар. Мұндай қайшылықты еңсеру со-
нау И. Кант, Г. Гегель заманынан бері 
философияны ойландырып келе жатыр. 
Бұл ой шынайылықты дұрыс бағалауды, 
ойлау мен іс-әрекеттілік сәйкестігі, 
бар болушы болмыстың терсітілігін 
табу арқылы еңсеруді құрайды. Яки, 
адам цифрлық қоғамда болсын ойлау 
қызметін жетілдіру арқылы таза ап-
перцепцияны, оның ішінде білімдерді 
трансцендентациялауы керектігі сезіліп 
отыр. Бұл қоғамда бар білімдерді 
трансцендентациялауға субъектілерде, 
объектілерде толыққанды қатысып
үйлесімділікті құрауы қажет. Оның түпкі 
мақсаты тұтастықты көп бейнелі әлемге, 
білімді өзінің меніне айналдыру арқылы 
түрленуді құрайды. Мұндай түрленуден 
біздің қоғам тыс қалып отырған жоқ, 
тек көпбейнелілікті, әсіресе сандық 
дүниетанымды тек менікі деген мүддеге 
жетектеп алып кетуіміз орын алуда. 
Бұл менің ұғымым, менің әлемім, менің 
мүддем деген көзқарас таным құралы 
арқылы жалпыға бірдей ойлау форма-
сына көтеріле алмай отыр. Г. Гегельдің 
логикасына 
салғанда 
философия 
нақтылықты сүйетін, өзінің қайшылығын 
тани алатын ғылым болып саналады. 
Ал, біздің жүйеге біржақты, қасаң ой-
лау мемлекеттік биліктің қызметінен де, 
адамның өзінің әлеуметтік ортасынан 
да байқалуда. Мысалы, блокчейн де-
ген сандық технологияны талапкерлер-
ден емтихан қабылдау ісіне Қазақстан 
Республикасының Білім және Ғылым 
министрлігі өте тиімді және нәтижелі 
енгізе алды. Оның жемісін, әділдігін көре 
алудамыз. Бұл технология транспорттық 
коммуникация саласындағы компью-
терлік бағдарламалау, есептеу жүйесіне, 
халыққа ызмет көрсету орталықтарына 
да енгізілді. Адами факторларға тос-
қауылдар қойылуда. Сонда да біздің 
қоғамның мүшелері осы сандық техноло-
гиялар жүйесін айналып өтуді, еңсеруді 
немесе өзінің жеке мүддесіне бейімдеуді 
көздейді. Сондықтан да цифрлық қоғам 
біздің әлеуметтік жүйемізге толыққанды 
ене алмауда, бірақ оның күнделікті 
тұрмысқа, 
әдеттегі 
санаға 
әсері 
арту үстінде. Сандық технологиялар 
әлеміндегі жасампаздықта бастама, кей-
де азаматтық қоғам тарапынан да туын-
дауда. Яки, олар сандық технологиялар-
ды әділдік қағидасы негізінде қоғамдық 
қатынастардың барлық салаларына ен-
гізуді қалайды. Дәл осы жерде қатынас 
субъектілерінің проблеманың мазмұнын, 
новациялық мінез-құлықты түсінудің 
мүдделік қайшылығы орын алуда. Осы 
мүдделік қайшылықты, әл-дебір негаци-
яны қоғамның еркіндігі, ортақ қажеттілігі 
негізінде еңсеруде биліктің стратегиялық 
даналығы жеңеді деген үмітіміз бар. 
Деседе цифрлық технологияның су-
бъектінің мүддесіне сәйкес келмесе, 
оның дисфункциоанлдығының орын 
алатынын байқап отырмыз. Қалған жағ-
дайда біз және біздің ізбасарларымыз 
тұтынушы санасынан құтыла алмаймыз. 
Әрине бұл көпжақты, көпбейнелі үрдіс, 
оның ақиқаттылығын үйлесімділікке ай-
налдыру жолында адам-қоғам-мемле-
кет объективті әлемді дұрыс бағалауы, 
шынайылықты әлеуметтік әділдік, еркін-
дік қағидаларына негіздеуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет