76
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
жасампаздығын шектемеу қажет. Өйткені
бұл жастар еркіндіктің бағасын түсінетін,
терең ойлы болашаққа қадам бастау-
шы өкілдеріміз. Олар ұрпақтар теңдігі
идеясын насихаттайды және өмірлік
әлемінде кеңінен қолдана біледі. Қазіргі
қоғамда цифрлық технологиялар біздің
дүниетанымымызды, әлеуметтік мінез-
құлығымызды және білімізді өзгертуде.
Бұл ұрпақтар жаңа Y, Z, A буындар, бірақ
олар жаңа адам болып табылмайды.
Философия ғылымының бір көзқарасы
бойынша адам шекті болмысқа ие, осы
әлемде бар болушы тірі жан және ол
жаңа адам ретінде қалыптаса алмайды.
Мұндай жаңа адамды қалыптастырамыз
деген саясатта, ондағы идеологиялық
үстемдікті қазақстандық қоғамда, әлем-
дік өркениетте өз басынан өткерді, бірақ
міне мынау сіз үшін өзге болмысқа ие
адам деген жаңалықты ұсына алмады.
Ия, адамның технологиялық, ғылыми
жетістіктерге сәйкес бір әлде екі ұрпақ ау-
ысынан кейін болмысында өзгерістердің
орын алатыны шындық, бірақ адам
өзінің ұлттық, мәдени қайнарларына
қайта соғып отырады. Бұл үрдістің
өзектілігін қазақстандық қоғам өзінің
тәуелсіздік жылдарында дәлелдеді.
Яки, қазақстандық қоғам өзінің ұлттық
дәстүрлі құндылықтарына қайта алуы-
мен бірге, жаңа заманға толыққанды
өте алған қоғамдардың бірі. Мұндағы
ұрпақтың
уақытын
жасампаздық
анықтайды. Адамның ұрпақ ретіндегі
әлеуметтіліктің субъектісі ретіндегі
жасампаздық іс әрекеттілігі барлық за-
мандарда дискурстың объектісі болған.
Үшінші нәтиже, ол технологиялық
рационалдылықтың негізінде ирра-
ционалдылықтың орналасуы арқылы
ұрпақтың қоғамдық шынайылықты
бағалауындағы қайшылықты әрекет-
тердің орын алуы еді. Көбінде біздің
қоғам дамыған елдердің технологи-
яларын тұтынушы деңгейінде қалып
отыр. Сондықтан мемлекеттің өндірістік
саладағы саясатын блокчейн, сандық
ақшалар, киборг технологиялар са-
ласына бұруы қажет. Дегенмен бұл
адамдардағы болашақтан үміттену де-
ген талпынысын жойып жіберуі мүмкін,
тиісінше ол үшін дүние айрықшалығы
бар ерекшеліксіз әлемге айналуы
мүмкін. Бұл әлеуметтік сапаны «жоғары
толеранттылық» ретінде адамдағы сыни
ойлаудың төмендеуімен бағалауымыз
мүмкін. Эстониялық зерттеуші Р. Нугин-
нің пікірінше: «Қазіргі жастар көптеген
икемді иденттіліктермен және гедонистік
құндылықтармен сипатталады» [13, 352 б.].
Достарыңызбен бөлісу: