Қазіргі ұрпақ уақыты және қҰндылықтар т. Е. Тұмашбай



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата13.11.2023
өлшемі370,34 Kb.
#191347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Зерттеу әдістері
Мақаланың мақсатын қазіргі ұрпақ-
тың дүниетанымындағы өзгерістерді, 
құндылықтарды бағалау арқылы зерт-
теу құрайды. Мақаланың өзегіне тео-
риялық-әдіснамалық зерттеу қағидасы 
алынды. Мақаланың зерттеулік әдіс-
темесін қоғамдық шынайылықты дедук-
циялық негізде талдау, ұғымдарды 
және 
тұжырымдарды 
салыстыр-
малы талдау әдістері қолданылды. 
Өйткені философияның негізгі кате-
горияларының 
бірі 
шынайылық 
пен әрекеттілік, ондағы адамның, 
әлеуметтік топтың орыны логикалық 
заңдылықтарды қолдану арқылы ұғым 
ретінде ашылады. Мәтіндердегі ой-
ларды, деректерді контент талдау әдісі 
негізінде ұрпақтың уақытын сипат-
тау және мінез-құлық үлгілерін бөліп 
көрсету көзделді. Тиісінше мақаланың 
теоретикалық және қолданбалы негізіне 
бұл уақытқа дейін зерттелген мәліметтер 
алынды. Олардың қатарын классикалық 
философиялық ой өкілдері Ф. Ницшенің, 
И. Валлерстайнның, Г. Маркузенің, 
ресейлік философ Д.К. Багатыревтің, 
отандық зерттеушілер Г. Мямешеваның, 
Л.В. Турарбекованың, мәдениеттанушы 
Д. Сапарованың ойлары құрады.
Қазіргі заман және ұрпақтың 
әлеуметтік ортасы
Цифрлы ұрпақ ұмытшақ, алаңғасар 
ұрпақ болсын, ол біздер үміт күтіп 
отырған, кеңестік әлде дағдарыстық 
кезеңдердегі идеялармен сусындамаған 
ұрпақ. Бұл ұрпақ ақпаратқа мелшілдеп 
тойған, сонысыменде жаңалыққа әрі 
әуес, әрі селсоқ ұрпақ. Екінші жағынан, 
олар «әлем бір үй» түсінігіндегі 
космополиттік буын. Шет тілдерін жақсы 
меңгерген, сонысымен де қолын бір 
сілтеп, «бұл біз көрген Балқантау» деп 
желіп кеткісі бар. Меркантилдік кұнды-
лықтарға бейімдеу болып, қалыптасқан 
топ мағынасында көрініс беруде, бұл өз 
кезегінде кәсіпкерліктің жаңа сапалар-
мен дамуына негіз болады. Тиісінше, 
жасөспірімдерге технологиялық білім 
беруде, ол білімнің нарықтағы қолдан-
балығына баса көңіл бөлу қажеттігі ту-
ындап отыр. Өйткені, біздің білім беру 
дискрипторларымызда қолдану компе-
тенциясы өзекті болмай отыр. Біздің са-
намызды алдымыздағы кедергіні айна-
лып өту деген жағымсыз, қауіпті ой 
жаулап алған. Салдарынан цифрлы за-
манда цифрлі әлде оған дейінгі аксела-
рат ұрпақ мәдени шокқа ұшырауда. Бірі 
батыс мәдениетіндегі экономикалық, 
тұрмыстық сапаны пайымдау арқылы 
бұл күйге түссе, екіншісі өз өзін тануына 
қайта оралуында шокқа ұшырауда не-
месе жергілікті үстем мәдениетке бейім-
деліп, бейнесін перденің ар жағына жа-
сыруда. Қазіргі қоғамда цифрлық 
технологиялар біздің дүниетанымымыз-
ды, әлеуметтік мінез-құлығымызды және 
білімізді өзгертуде. Тиісінше, сандық тех-
нологиялар арқылы кәсіпкерлікті жүргізу 
формалары да ауысу үстінде. Сандық 
ұрпақ қоғамға креативті кеңістік, стартап 
жобалар, IT хаб, IT индустрия, венчурлық 
қор, акселарация, инкубаторлар ұғым-
дарын енгізіп, табыс табуда. Бұл 
ұрпақтарды жаңа Y, Z, A буындары, фид-
житал, милленумдар, хоумлендерлер 
деп атайды. Сандық технология адамның 
мүмкіндіктерін биікке көтереді және 
дүниені көз алдымызға тартады. Деген-
мен адам шекті болмысқа ие, осы әлемде 
бар болушы тірі жан және ол жаңа адам 
ретінде қалыптаса алмайды. Мұндай 
жаңа адамды қалыптастырамыз деген 
саясатта, ондағы идеологиялық үстем-
дікте қазақстан қоғамыда, әлемдік 
өркениетте өз басынан өткерді, бірақ 
Тумашбай С.


67
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
міне мынау сіз үшін өзге болмысқа ие 
адам деген жаңалықты ұсына алмады. 
Ия, адамның технологиялық, ғылыми 
жетістіктерге сәйкес бір әлде екі ұрпақ 
ауысынан кейін болмысында өзгеріс-
тердің орын алатыны шындық, бірақ 
адам өзінің ұлттық, мәдени қайнар-
ларына қайта соғып отырады. Сондық-
танда адам философия ғылымында 
тәннің, жанның, рухтың бірлігінен 
түзілген тірі жан ретінде зерттеледі. Тек 
жаңа ұрпақтардан жаңа үміттерді, жаңа 
еңсерулерді күтетініміз бар. Біздің 
қабілетіміз жетпеген салада өзгерістерді 
қалайтынымыз рас және бұл қасиет 
адамның жан дүниесіне жақын көңіл 
күйлердің бірі болып табылады. Сон-
дықтан қазақстан қоғамыда Ғарифолла 
Есім дискурсқа енгізген «брилиант 
ұрпақтан» тек технология саласында 
ғана емес, өмірлік іс-әрекеттіліктің 
барлық саласында жаңалықтар күтіп 
отыр. Бұндай өзгеріске қажеттіліктің бірі, 
ол әлем өзгеруде, бізде өзгеруіміз керек 
деген саясатта емес, ол 1960-1980 жыл-
дары аралығында тәуелсіздігін алған 
Африка құрлығының елдері секілді 
қатып қалған ескі дәстүрлердің, қараңғы 
сауатсыздықтың шырмауында қалып 
кетпеуін тілеу, сол мақсатта өз тол-
ғанысын, күйзелісін білдіру. Зерттеуші
И. Валлерстайнның көзқарасынша «Тұл-
ға қазіргі заманның негізгі тарихи су-
бъектісі болып табылады» [3, 60 б.].

И. Валлерстайн қазіргіліктегі нарық пен 


демократия құндылықтарының арақа-
тынасын зерттеп, оның екі түрлі дискур-
сты білдіретінін атайды. Оның пікірінше: 
«Қазіргі заман екі коннотацияны алып 
жүрді. Біріншісі, қазіргі заман күшті 
жетілген технологияны білдіруі арқылы 
қас қағымдық сипатта орын алады. 
Екіншісі, болашаққа ұмтылған қазіргі за-
ман дегенге қарағанда сынды көтере ал-
майтын, қатігез материалдықтан бөлек 
идеологиялық сипаттағы заман дегенді 
танытады. Қазіргі заманның адамы орта 
ғасырлыққа мүлдем қарама қарсы адам» 
[3, 125 б.]. Сонымен бірге И. Валлерстайн 
XX ғасырдағы қозғалыстың интелектуал-
дық жаңалықтарға қарағанда әлеуметтік 
қақтығыстардың жолы болғанын және 
нарық пен демократияның қоғамдардың 
дамуын анықтауда бастапқылықта 
оптимистік көзқарасты дамытқанымен, 
уақыт өте келе пессимизмнің туындауы-
на, адамдардың іштей абыржуына, кей-
де агрессивті мінез-құлықтың туындауы-
на негіз болатынын зерттейді. Яки, 
қазіргіліктегі технологияда, оның қоз-
ғалысына іштей қарамақарсылықтың 
тән екенін көрсетеді. Бұл ұғымды Г. Ге-
гель өзінде терістілігі тұйықталған мән 
ретінде қарастырады. И. Валлерстайн 
жаңа ғылымды уақыт жебесі деп 
айқындап, оның сызықтықтың құрыл-
ғыларында қалыптасқанымен, сызықтық 
болмайтынын шығарады. Мұндағы,
қазіргі заманның жаңа технологиялар 
ретінде қас қағым сәтте орын алатын 
үрдіс екенін, оның ғылыми техникалық 
ойлау шарттарының негізінде бірден 
орын алатынын көзіміз көріп, соның 
ішінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл техно-
логиялар адамның өмір сүруін жеңіл-
детіп қана қойған жоқ, ол дамыған ел-
дерде заттық болмысқа деген керілікті 
туындатып отыр. Бұл керілік негативті 
ұғымдағы кер заман емес, ол жаңа тех-
нология арқылы жинақталған байлық-
тың гуманитарлық мақсатқа жұмсалуына 
әкелген, жауапкершілікті дәуірдің туын-
дауына түрткі болған, жаңа заман ойла-
уы. Мұндай қазіргілік қазақстандық қо-
ғамның әлеуметтік құрылымдарына 
дендеп еніп алды, бірақ ол ғылым мен 
білім құралы ретінде жаңа замандық 
дамуға түрткі болмай отыр. Техно-
логияның қазіргі заманны қас қағым 
сәтте орнатуы туралы қазақстандық фи-
лософ Г. Мямишеваның «Цифрлық тех-
нология бір ұрпақтың өмірінде адамның 
миын радикалды өзгертіп, ұрпақтардың 
құндылықтық қақтығысы «ми ажырауы-
на» айналып, әкелер мен балалардың 
ойлауының арасындағы құздың туында-
уына әкелді. Бұл масштабты ажырау, өз 
кезегінде екі түрлі мәдениеттің, яғни 
Қазіргі ұрпақ уақыты және құндылықтар


68
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
«цифрлық аборигендердің» - «тумысы-
нан цифрлықтың» және «цифрлық 
иммигранттардың» пайда болуы туралы 
айтуға мүмкіндік береді»,-деген ғылыми 
тұжырымы бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет