Қазіргі ұрпақ уақыты және қҰндылықтар т. Е. Тұмашбай



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата13.11.2023
өлшемі370,34 Kb.
#191347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚАЗІРГІ ҰРПАҚ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Key words:
Time of Generations, Creativity of Generations, Free-Thinking People of An 
Independent Country, Values.
Тумашбай С.


65
https://adamalemijournal.com
ISSN 1999-5849
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің отыз 
жылдық мерейтойына аяқ басуда. 
Кез келген халық үшін биік мұрат, ол 
тәуелсіз елде өмір сүру. Яки, оның өзін 
және өзіде қорғауға дайын елінің болуы. 
Еліміз әлемдік өркениетке тиімді ин-
теграциялануы арқылы экономикалық 
- әлеуметтік қатынастарда дамыды 
және ол өркениеттің тәжірбиелерін 
алды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарының 
үлкен қуанышы, ол елдікті жалғастыра 
білетін зиялы-ағартушылық қауымның, 
ғылыми-техникалық потенциалдың және 
басқарушылық элитаның қалыптасып, 
өзінің өміршеңдігін көрсете алғаны еді. 
Бұл саяси - рухани сабақтастық біздің 
тарихымыздағы елдік дәстүрдің бар 
болуы сабақтастығының нәтижелері 
ретінде қабылданады. Қазіргі ұрпақ 
тарихымыздағы ақтаңдақтарды ұмыт-
пауы қажет және оны жүзеге асыру үшін 
ақпараттық технологиялар жетістігін 
қолдануымыз қажет. Қазақстандық қоғам 
өз тарихында көптеген репрессивті 
оқиғалардың құрбаны болды. Осы 
өткен уақыттағы қиындықтар тура-
лы Шәкәрім бабамыздың ойларын 
ұлы Ақат ата өзінің естелігінде былай 
келтіреді. «Адамның арты бүгінгілер 
ғана емес, кейінде келешек бар. Дәуір 
артқа тартпайды, алға тартады. Өмір 
жаңара бермек, өмір жаңарса, адам та-
зара бермек. Ешнәрсе жоғалмақ емес
өзгеріп қайта келмек. Тарих мәңгілік, ол 
өткеннің тазасын, жарамдысын алмақ»,-
деген ойын келтіреді [1, 195 б.]. Бұл 
ойдан байқайтынымыз, ол адамның 
тіршілігінде мәңгілік құндылығы бар 
тарихтың негізіндегі объективті, тұрақты 
уақыттың болатыны және сонымен 
бірге қоғамдағы саяси-әлеуметтік үрдіс-
термен байланысты және адамның 
құбылуымен туындайтын уақытша уа-
қыттың орын алатыны. Өйткені, адам өз 
болмысын, дүниені толық танып бол-
дым деген менменсінуде әлде өзінің 
әлеумет алдындағы әлсіздігінде заман-
ды өз танымы мен пайымына қарай 
басқарғысы келеді. Сондықтанда адам 
мінезі өзгермелі, құбылмалы. Шәкәрім 
бабамыз бұл уақытшалықты толқынды 
уақыт деп анықтайды. «Бұл толқында 
тұрған уақыт. Ол толқын алып кетеді. 
Бұл уақытша ғана. Ең қажетті ісі осы 
толқынның өтуі, соны қалай өткізу. 
Содан бұзылмай, бұрылмай адалдық 
қалыпта өту. Бұл уақытша болған ағым, 
артқа басудың жаңылыс, қателік шегінісі. 
Қайта шегіністе де кері күш, кері ағын бо-
лады» [1, 211 б.]. Тиісінше, Шәкәрім қажы 
уақыттағы уақытшалықта адам өзінің 
қайраттылығын, мінезділігін жоғалтпауы 
тиіс, өйткені ол уақыт әлсіздерді билейді, 
қажытады, мүжиді деп есептейді. 
Шәкәрім бабамыз ой толғауындағы 
уақыттан бұзылмай адалдығын сақтау 
арқылы өту қазіргі ұрпаққа жүктелетін 
парыздың бірі. Дегенмен еліміз бұл 
жылдары мәдениетте, экономикалық 
жүйеде, ғылымда, техникада үлкен же-
тістіктерге жетті. Казіргі уақытқа дейін 
сол жылдары құрылған жүйелі, жоспар-
лы шаруашылықтың, экономикамен 
мәдениеттің негізінде түзілген еңбектің 
инерциялық нәтижелерін қолданудамыз. 
Қазақстан Реcпубликасының тәуелсіздігі 
және оның халықаралық қатынастар 
жүйесінде орнығып, танылуы алғашқы 
президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
еңбегімен, саяси, мемлекет қайраткері 
ретіндегі іс-әрекеттілігімен тығыз бай-
ланысты. Н.Ә. Назарбаевтың қажырлы 
еңбегімен құрылған тәуелсіз Қазақстан 
Республикасы сан түрлі халықтарды 
бейбіт өмірге біріктірген ортаға айналды. 
Нұр-сұлтан қаласы соғылды, Түркістан 
рухани орталыққа айналуда. Мемлекет 
басшысы Қ.К. Тоқаев осы келелі істерді 
жалғастырып, сабақтастықты сақтап 
отыр. Тарихта уақыт ағысын сезетін, 
аңдайтын харизмалық тұлғалар бо-
лады. Сондай тұлғалардың бірі біздің 
алғашқы президентіміз Н.Ә. Назарбаев 
және түрік деген халықты тарих сахна-
сына қайта алып шыққан М.К. Ататүрік. 
Бұл екі тұлға ұрпақтар санасында, оның 
Қазіргі ұрпақ уақыты және құндылықтар


66
АДАМ ӘЛЕМІ
№1 (91) 2022, наурыз
ес-жадында өшпес із қалдырды. Н.Ә. На-
зарбаевтың көзқарасынша «Мақсатқа 
жету үшін біздің санамыз ісімізден озып 
жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты-
руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық 
жаңғыруларды толықтырып қана қой-
май, олардың өзегіне айналады» [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет