Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай- ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі.
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан.
Мәдениет - ашық жүйе. Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа – сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениеттануда өзін - өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет ғұрыптар т.б.) мен оның ішкі мән мағынасы ( менталитеті, ділі, діні, санасы т.б.) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегідей тужырым жасауға болады: мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік үдіріс түрінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |