Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы


Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіндік өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері бар



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі3,39 Mb.
#94341
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 дәріс. Мәдениеттану
Семинар 7
Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіндік өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері бар.
Мәдениет - әр халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейінi-ісі, философия жүйелері мен рәсім - таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты – осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде экономикалық мәдениет, парасаттық, саяси, этикалық, еңбек мәдениеттерін айтуға болады.
«Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құңдылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді»,- деп көрсетілген. Мәдениеттанудағы құндылықтар ілімі негізінен грузин ғалымы Н.З. Чавчавадзенің атымен байланысты. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосым) мен қоршаған ортаның (макрокосым) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберімен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға т. б айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.
Мәдениет термині қазақ тіліне арабтың «маденият» деген сөзінен енген, яғни қала, қалалық - деп аударылып келіп еуропалық тілде «жерді өндеу, білім беру, құрметтеу болса – бүгінгі күні жанды өңдеу,- деп ұғамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет