Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы М ә д е н и е т тану
Пән: Мәдениеттану
Тақырып: Мәдениет морфологиясы
Аға оқытушы,
магистр Мәрия Жұмақожақызы
Тақырып: Мәдениет морфологиясы Дәріс жоспары: 1. Мәдениеттің қалыптасуының басты заңдылықтары. 2. Мәдениеттің басты қызметтері мен негіздері. 3. Мәдениеттанулық тұжырымдар өркениет феномені А. Тойнби, О. Шпенглер еңбектерінің түсініктемесі. 4. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс. 5. Мәдениеттің (дамуы) пайда болуы мен дамуының заңдылықтары. Дәріс мазмұны: Мәдениеттану қоғамдық – гуманитарлық пәндердің бірі болып, студенттік жастардың тарихи сана сезімін қалыптастыруға, яғни бүгінгі заман сабақтастығының талабымен түсінуге мүмкіндік береді. Мәдениеттану ілімінің теориялық қағидалары әлемдік және отандық мәдениет пен өркениет үлгілерінің тарихи тұрғысынан қарастырылып, талай ғасырлардың сын елегінен өткен мәдениеттің мейлінше бай тәжірибе – тағылымы туралы айтылады. Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта жаңғырып өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру. Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта жаңғырып өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру.