«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет156/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
 
тұсау 
кесер
 
сәтінде әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан 
кейін барып мұғалім әлі де жеткіліксіз жағдайлардан интерактивті тақта арқылы 
сызба,слаид,бейне роликтер,лабораториялық жұмыстарды көрсетіп ақпарат береді. Ал, жаңа 
тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір-сайыс, сияқты интерактивті әдістер 
арқылы сабақты бекітіп, пысықтауға болады. Нәтижесінде – 45 минуттың 5-7 минутын ғана 
алып, қалған уақытты оқушылардың ізденуіне, танымдарын арттыруына арнайды.Өзара 
интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлуОқушылардан, шешу үшiн кейбiр 
нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:өзіне деген 
сенiмге тәрбиелейдi; шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi 
(яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); сыни ойлау дағдыларын дамытады;өз 
пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады; пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап 
берген.Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, 
үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып 
табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.Екінші 
жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, 
екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі 
белсенділікті,қызығушылықты тудырады..Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында 
бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар 
бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, 
оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады. әрекеттесу үрдісінің негізгі 


367 
367 
мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада 
ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын 
.Білім сапасының артуында азда болса өзгерістің болуын төмендегі мониторингтен көруге 
болады 
Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Бағалаудың көпшілікке 
белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл 
бағалаудың рөлі білім сапасын көтеруде өте мәні зор. Бұл әдіспен оқушылар өз білімін өздері 
бағалауына да болады. оны алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Бағалаудың 
өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде 
біршама көмегін тигізеді. 
Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік немесе 
жұптық бағалау:
1) менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;
2) бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары;
3) бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары және т.б.
Ал, топтың өзара бағалауында: 
1) топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: 
төмен, орта, жоғары;
2) жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ 
жаңалықтар): төмен, орта, жоғары;
3) сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б.: төмен, орта, жоғары. 
Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. 
Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. Бұл бақылау мен 
бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз 
күшіне сенуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы
өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б..Аталған қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге 
деген қызығушылық,белсенділік, сүйіспеншілік артады. Нәтижесі сабақтың сапасының 
артуы. 
Интерактивті тақтаның көмегімен әрбір жаңа тақырыпты пән аралық байланыспен 
өткізу жеңіл әрі тиімді болып табылады. 
Интерактивті тақтаның ерекшелігі сабақта уақытты үнемдеуде және тесттік 
тапсырмаларды әр оқушы өздігінен орындап, білімінің қаншалықты екендігіне көз жеткізе 
алады. 
Интерактивті тақтамен жұмыс оқушының пәнге қызығуын, түрлі сызбалар арқылы 
еркін сөйлеуін, тақтамен жұмыс істей алуын қалыптастырады. 
Әрбір сабақ қызықты өту үшін тесттер, жұмбақ, сөзжұмбақ, сызбалар слайдта 
көрсетіледі. Кейбір зертханалық тәжірибелерді электронды оқулықтардан ашып, жүруін 
көруге болады. 
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің 
дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі 
мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. 
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану 
арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, 
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті 


368 
368 
құралдарды қолдану негізінде мектепте бастауыш сынып пәндерін оқыту сапасы артады 
деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет