«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет210/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
 
Жақыпбай Ж.М. 
Қарағанды қаласы «№16 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Ғылым мен техниканың қарқындап дамуып келе жатқан бүгінгі таңда білім беру 
саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. 


463 
463 
Оқушылар өздерін қоршаған ортада басқа адамдармeн, топпен қарым-қатынас орнатуға, 
жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-
қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзырeттілік негізінен 
тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдiсінде қалыптасады.
Жүсіпек Аймaуытов «Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, 
басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жaзуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз 
әдеттендіру, құрғақ төсeлдiру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады» деп 
деп жазады [1]. 
«Коммуникативтік құзыреттілік» (лaтын «соmpetere» сөзі, қол жеткізу, сәйкес келу, 
деген ұғымды береді) – оқушылaр және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық 
міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда 
оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен 
тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени 
дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені [2]. 
Сонымен, оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыратын коммуникативтік немесе тілдік 
дағдыларға:
1)
тыңдалым;
2)
айтылым;
3)
жазылым;
4)
оқылым дағдылары жатады.
Тілдік осы төрт дағды (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым) оқушының сөйлеу 
әрекетін қалыптастырады. Оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым 
дағдыларын қалыптастыру – еркін қарым-қатынас жасау, сын тұрғысынан көзқарасын 
білдіру, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Әрбір оқыту 
әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама 
арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, 
тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.
Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым 
әрекеті болып табылады. Тыңдалым дағдысы дегеніміз не? Тыңдалым («аудирование») 
термині – «есту арқылы түсіну» деген мағынаны білдіреді. Тыңдалым дағдысы бойынша 
оқушылардың
 
негізгі ойды түсінуі, ақпаратты анықтауы, түсінгенін практикада қолдана білуі 
бағаланады [3]. 
Тілді меңгеру және сөйлеу дағдылары, әсіресе сөйлеcім, тыңдау арқылы дамиды. Тыңдау 
арқылы жаңа сөздерді, сөйлемдерді қабылдау және түсінуге болады.
Күнделікті өмірде 
оқушы ақпаратты сағат сайын естіп, көріп, тыңдайды. Кез келген ақпаратты тыңдау арқылы 
түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы 
тауып үйренсе, ол басқа айтылым,жазылым,оқылым сияқты үш дағдыны да қалыптастырады, 
әрі айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз ойын білдіре алады және басқалармен қарым-
қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз 
көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Тыңдалым дағдысын дамытуда тыңдалымның мақсатын нақты түсіну керек. Бастауыш 
сыныптарда осы үдерістің мақсаты диалогқа түсінушілердің сөзін түсіну болып табылады. 
Осылайша қарапайым әрекеттерден бастап ары қарай түрлі мазмұндағы және түрлі 
дәрежедегі оқу мәтінін түсінуге көшу керек. Коммуникативтік міндеттер аудиомәтінді 
түсіну, оның түрлерін және қабылдау жағдайын түсіну деңгейін анықтайды. Бастауыш 
сынып оқушылары үшін мәтіндер: сабақтағы сөйлесім (мұғалімнің нұсқауы, оқушының сөзі, 
тілдік ойын барысындағы айтылым, қиын емес мәтіндер) болуы керек. 
Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: оқушыларды қоршаған ортадағы кез 
келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі 


464 
464 
белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп пайдасын тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын 
қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті. 
Тыңдалым дағдысын дамытуда келесі жаттығу жұмыстарын орындату тиімді болып 
табылады:
І. Оқушының асте сақтау қабілетін жаттықтыруға арналған жаттығу жұмыстары. 
1. Берілген дыбыс, сөз, сөз тіркесі немесе сөйлемдер арасынан естіген дыбыс, сөз, сөз тіркесі 
немесе сөйлемдерді табу; 
2. Екі үш қысқа сөйлемдерді тыңдау, оларды бір сөйлемге біріктіру;
3. Қысқамерзімді есте сақтау көлемінен асатын сөйлемдерді тыңдау және мұғаліммен бірге
қайталау.
4. Мәтінді тыңдау, оны қағаз бетіндегі мәтінмен салыстыру. Түсініксіз сөздерді белгілеп, 
мәтінді қайтадан тыңдау. Осы тұста сөздік жұмысын өз бетімен іздеу арқылы орындатудың 
пайдасы зор. 
5. Тыңдаған мәтін бойынша дұрыс, бұрыс сөйлемдерді табу; 
6. Тыңдаған материалды әрі қарай өзінше дамытып жазу. 
ІІ. Болжай алу мүмкіндігіне арналған жаттығу жұмыстары.
1. Сурет, сұрақ, тірек сөздер, тақырып бойынша мазмұнын анықтау;
2. Сөз тіркесі, сөйлемді аяқтау дағдысын дамыту;
3. Мәтіннен адам аттарын, тақырыптқа қатысты жаңа сөздерді табу, өтілген грамматикалық 
тақырып бойынша сол формада тұрған сөздерді белгілеу және оқушылардың білімін 
түсінгенін болжауға қолдану [4].
Қазіргі уақытта техникалық құралдар оқушыларға мәтін үзіктерін, мәтіндерді, 
мультфильм, балаларға арналған фильмдерден үзінділерді аудио және бейне таспаларға оңай 
жазып алуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеу тәжірибесінен байқағаным, есте сақтауды 
дамытуға арналған жаттығу жұмыстары өте нәтижелі болып табылады, яғни оқушылардың 
мәтінді тыңдап, кейін оны қағаз бетіндегі мәтінмен салыстыруға мүмкіндіктері мол. Қажетті 
жағдайда қайталауға болады. Тыңдаушы жаңа сөздермен танысады, жиі кездесетін сөздерді, 
сөз тіркестерін естетерінде сақтап қалады, әрі тілдік болжауларды дамытады. 
 
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа 
үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға, 
салыстыруға, қорытындылауға үйренеді. Сондықтан түсініп тыңдау дағдысы оқушылардың 
тілді игеруде алға жылжудың барын сезінуге мүмкіндік береді және барлық сөйлеу үдерісін 
белсенді ете түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет