«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет206/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж. 
2. Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің 
кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
 
 
Гайнуллина М.А., Нурлыбаева З.Л. 
Ғ.Мұстафин атындағы № 83 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 
 
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-
қатынасын дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан 
Республикасынының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. [5] 
Мұғалім үшін басты міндет – оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына 
жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. 
Мен сабақ беретін 5-ші, 7-ші сыныптарда тұлғаны өзіндік әрекетке бағыттайтын 
технологиялар арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда қойған 
мақсатым: технологиялардың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілінің 
орфографиялық нормасын оқытуды қалыптыстыру, қазақша сауатты жазудырту, сөздерді 
бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы сөйлем құрату. 
Тілдің құрылымын үйрену үшін мынадай екі жағдайды білуіміз қажет. Тілдің жүйесі 
қалай құрылған, екіншісі – оны практикалық жағынан оқушыларға қалай меңгертуіміз
керек? 
Ең алдымен тілдің фонетикалық-интонациялық ерекшелігіне басты назар аударуымыз 
керек.Сабақ барысында әрбір дыбыстың, әрбір сөздің дұрыс айтылуы мен жазылуын 
түсіндіріп отырамын.Көп жағдайда дыбыстарды дұрыс айтпау, дұрыс жазбау сөздің 
мағынасын өзгертеді. Мысалы: 
«ұлы»
деген сөзін алатын болсақ оқушы «ұ» дыбысын «у» 
етіп айтса, «улы» болып сөз мағынасы өзгереді. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстардың 
баспа және жазба түрін көрсетіп, бірнеше рет қайталап айтқызамын. Қосымша аудио 
үнтаспалар арқылы айтылуын тыңдатамын.
Сабақты бекіту кезеңінде 4-5 минуттік «фонетикалық жаттығулар» ойынын 
ұйымдастырамын.Оқушыларды екі топқа бөлемін. Мысалы:ерекше дыбысты адам аттарын; 
қала аттарын; аңдар, құстар, жеміс- жидектерді атаңдар деген сияқты тапсырмалар беремін. 
Қай топ көп сөз атаса сол топ жеңімпаз аталады. 
Өз тәжірбиемде қай сынып болсын сабақты тілдік жаттығудан бастаймын.Тілдік 
жаттығулар: жаңылпаш немесі бір шумақ өлең, не болмаса санамақ, не әріпке байланысты 
тақпақ аламын. Мысалы:«Қазақ тіліне тән дыбыстар» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет