жаттығу
әдісі. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды
қайтадан пысықтап қайталап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Ауызша
жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.
458
458
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі
мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер,
сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер
ете отырып, ескеріле келе олардың ойлану қабілетін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түседі,
түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім
сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне
бейімделмеуден, әдіс- тәсілдерді аз қолданудан, дағды бермеуден деп айтуға болады. Қазіргі
кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуы керек. Сондықтан тілдің
коммуникативті механизмін ашу керек . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы,
мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі, сөздік қоры
молая түседі.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу бүгінгі таңның басты мәселесі болып тұр.
Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі технологияларды, әдіс- тәсілдерді
тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте
көп екені баршаға белгілі. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және
грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін
оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, өте қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек
сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым-
қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе
білуге үйретеді.
Білім беру үрдісінде ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асырумен қатар, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін көздейді.
Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, логикалық тұрғыдан
интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған
оқытудың үздіксіз үрдісі деп айтсақ, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу
процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген
оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы
білім беру , біліс сапасын арттыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез- келген пәнді ұғындырудың
тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін
одан да маңызды екенін ұмытпайық. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын
арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Инновация–педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын,
оқу жоспарларын және бағдарламарын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп,мақсатқа
жету. Инновациялық үрдіссіз мектептің дамуы мүмкін емес. Инновациялық мектептердің
мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық үрдісті зерттеу барысында
жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық
жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В. Горбунова М.В.Кларин, А.В.Лоренсов,
М.М.Поташник, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики
зерттеулерінде қарастырылған.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» -
деп Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміздің дамуына, өркениетті ел болып, білімді ұрпақ
тәрбиелеуде инновациялық жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта қолданудың маңызы өте зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаеватап айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына,
тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқыту жағдайына көп
459
459
көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
кеңінен пайдаланамыз.
Қазақ тілі сабағының әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің
өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан
сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-
сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін
кеңінен насихаттайтын пән.
Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді:
- оқу материалын терең түсіну;
- оқу мотивациясының артуы;
- алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте сақталуы;
- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюы;
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен
қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік
оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ
тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б.
технологиялары
мұғалімдердің
қызығушылығын
арттырып,
оқу
үдерістеріне
кеңінененгізіліп жатыр. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы
арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар
мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына
мүмкіндіктер мол. Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын
орындайды, Әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары
деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы. Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты
қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері
мен икемділіктерін дамыту. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігінің
жоғары деңгейде болуы, білім алу қажеттілігі, оны шынайы өмірде іс – тәжірибеде қолдану,
шығармашылық міндеттерді сабақ барысында ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі –
оқушылардың өзіндік жұмысы болып саналады.
Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік маңызы бар. «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп
Әбу – Насыр Әл – Фараби айтқан. Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген
технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы.
Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық
жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін жүргізу, оны кейін практикалық тұрғыда
қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Сыни тұрғысынан ойлау
технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой
толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі
стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу,
оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио құрылғыларды,
теледидарды, компьютерді, электронды оқулықты, интерактивті тақтаны қолдану
оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне
сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу
мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді, білім сапасын арттырады.
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым
белгілі
ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары
деген мағынаны білдіреді. Қысқаша
психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі
жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
460
460
Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана
қоймай, сонымен қатар олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-
тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға сапалы
білім беруде ұтарымыз анық. Әр сабақты өмірмен байланыстырсақ, болашақта үлкен
жетістіктерге жетеріміз анық.
Достарыңызбен бөлісу: |