«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет203/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Литература
1. Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы, суждения, 
мнения. - М., 1994 


455 
455 
2. Петрушин В. И. Музыкальная психология. - М., 1997 
3. Леви В.Л. Искусство быть другим. – Луганск, 2000 
4. Сеченов И.М. Психология поведения. - М., 1995 
5.Нейгауз Г.Г. Об искусстве фортепианной игры. - М., 1982 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Р. Б. Алибаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 
ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі 
Қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру 
мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы 
әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті 
туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-
әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз 
білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педогогикалық 
технологияны меңгеруі тиіс. 
Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, 
жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене 
отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет екендігін айтады. Оқытудың жаңа технологиясын 
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге 
шығу – XXI ғасырдың басты талабы. 
Технология – қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала 
ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге 
асатын жобасы. 
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – студенттердің білім сапасын арттырып, олардың 
шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби 
шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана 
отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны 
тәрбиелеу тиімді. 
Студенттердің рухани-шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру 
салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі 
қабілеттерін шыңдауда пән мұғалімінің атқарар жүгі ауыр. Студенттердің ой еркіндігін 
жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа баулу – білім беру ісін демократияландырудың негізі 
болып табылады. Әсіресе, әдебиет пәнін оқытуда студенттерді ғылыми жұмыстарға баулу 
тәсілдері, әр түрлі ізденіс сипатындағы тапсырмаларды жүйесімен нақты орындату. «Сабақ 
беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны 
табатын өнер », - деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. 
Соның ішінде әдебиет сабағы –асыл сөз өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, 
сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен студенттерді шығармашылыққа 
жетелейтін өнер сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті 
проблемасымен байланыстыра өту – студентке ой салу, ойланту, өмір сабағы. 
Оқыту –арнайы танымдық іс-әрекет. Ол – негізгі ойдың, ақылдың жұмысы. Оқыту 
арқылы студентке қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін 
береді. Оқыту процесінің жүйелі, түсінікті, нақты қалыптасуы танымдық іс-әрекеттің 
маңыздылығын арттырады. Мұғалім студенттерді білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен 
қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. 
Бүгінгі таңда жаңа технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. 
Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. 
Әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша 


456 
456 
айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы 
әдістер және тәсілдер. 
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: 
-шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; 
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; 
-үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің 
сеніміне негізделген құрылым. 
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: 
1.
Қызығушылықты ояту; 
2.
Мағынаны тану; 
3.
Ой-толғаныс. 
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: 
-
студенттер басқалармен қарым-қатынас жасай береді; 
-
басқаларды тыңдай білуге, кез-келген жауапқа сыйластықпен және 
түсіністікпен қарауға үйретеді; 
-
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; 
-
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын 
қамтамасыз етеді; 
-
ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, 
сабаққа қызығушылығы артып, студенттердің белсенділігі өте жоғары болады. 
Мысалы, 1 курста Э-15-1 тобында Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау 
барысында әр студент өз ойын айтуға мүмкіндік алады. 
Топтық жұмыс: 
1)
студенттер поэманы оқып, мазмұнымен танысады. 
2)
поэманың басты мақсатын ашады. 
Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру: 
-поэманың кейіпкерлерін атау; 
-неліктен Баян інісі Ноянды өлтірді? 
Талдау жұмыстарын, ең алдымен, студенттерге поэмадағы басты оқиғаларды 
тапқызып, әрқайсысына тақырып бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. 
Студенттердің өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жұмыс істеуін көздеп, 
-
Осы оқиғадағы кеіпкерлер қандай іс-әрекет жасады? – деген сұрақ беріледі. Бұл 
сұраққа жауапты студенттер өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының 
нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады. 
Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жүргізілетін жұмыс. 
1)
поэмадан кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі; 
2)
сабақ барысында студенттер өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз 
жан» деген тақырыпта эссе жазып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі таңдап алған 
кейіпкердің өзгешелігін айтады. 
Студенттер поэманың негізгі тақырыптарын айтады: 
Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да 
өнегелі істерге үйрету. 
Осы тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады. 
Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады. 
Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу: 
1)Баян мен Ноянның жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер едіңдер? 
2) М. Жұмабаев поэмасынан өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар? 
Үйге тапсырма: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін өлең 
жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін табу. 
Осындай сабақ барысында студенттер өздерінің, бір-бірінің пікірлеріне сын көзімен 
қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Мұндай сабақтар студенттің танымдық 


457 
457 
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал 
етеді. Студенттер осындай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды 
бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тинақтылығы артатындығын 
баяндайды. 
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, 
сабағын қызықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, студенттердің өздігінен білім алуға 
үйренуіне байланысты. Қандай болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір студенттің өз бетімен 
оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай 
алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-
тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, болашақ 
ұрпаққа сапалы білім беруде ұтарымыз анық. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың
кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры – 
бүгінгі ұстаздардың қолында. 
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жаупкершілік жүгін арқалап 
келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен жаупкершілік артып отыр. Еліміздің болашағы 
көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет