Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогической профессии. – Минск,
1990. – С. 27
2. Боровиков Л.И. Как подготовить самоанализ профессиональной
деятельности//Воспитание школьников. - 2004.- №5
3. Большой энциклопедический словарь. – М., 1981. – С. 1070
4. Воспитание детей в школе: Новые подходы и новые технологии /Под ред. Н.Е.Щурковой.
– М.: Новая школа, 1998. – С. 76-77
5. Кузьмина Н.В. Способности, одарённость, талант учителя. – М., 1985. - С. 22
6. Макаренко А.С. Организационное строение коллектива. //Изб. пед. соч. Т. 1. – М., 1981. –
С. 210
7. Психологический словарь. – М., 1981. - С. 702
8. Рогов Е.И. Личность учителя: теория и практика. - Ростов-на-Дону: «Феникс»,
1996. – С. 174
9. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. М.,1974. С. 22
10. Степанов П.В., Григорьев Д.В., Кулешова И.В. Диагностика и мониторинг процесса
воспитания в школе / Под ред. Н.Л.Селивановой, В.М.Лизинского. М.: 2003, с.74
КЕМЕЛДІ ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА
Абильденова Ш.М.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Қазақтың ұлы ағартушыларының бірі Ыбырай атамыз:
«Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
441
441
Күн жарымда барғызды…», – деп өз заманындағы өнерлі елдерді жастарға үлгі етіп, оқу,
білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді.
«Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз
қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл
заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім
мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата
білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат
пен ерік – жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», - деп атап өтті Елбасы Н.Ә.Назарбаев [1].
Яғни, кемелді ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында. Бұл факторды жүзеге асырушы
субъект – ұстаз. Қай заманның ғалымын да, ақынын да, басшысын да, басқасын да «тұлға»
ретінде қалыптастыратын – ұстаз. Бүгінгі қоғамның басты талабы – қолдан жасалған «ХХІ
ғасырдың ғажайыптарын» тамашалау емес, еңселі ел тағдырын аманаттайтын тарландарды
өсіру.
Әрине, қазіргі қоғам күрделі. Заман талабы жоғары. Адам үшін қажетті жағдай барынша
тиімді жағына қарай жасалынған. Соған қарамастан, оқытушының алар орны да, берер білімі
де бәрінен биік. Жақсы ұстаз білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар тәрбиені де ту етіп
ұстауы шарт. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін үшін әріптен бұрын мейірім
маңыздырақ. Мұғалім толыққанды тұлға болса, алдына келген шәкірт те белгілі бір
деңгейдегі тұлғалық ерекшелігі бар, өмір баспалдығының сатысына албырттықпен аттап
бара жатқан жас буын. Осы орайда, шәкірттің де толық тұлға болып қалыптасуына бірден-
бір еңбек сіңіретін жан – мұғалім.
Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру, теориялық білімді жан-жақты нұсқада үйрете
алу, шығармашылық әлеуеттің мол болуы, оған қоса «қаталдық» деген принципке негізделіп,
арақашықтық сақтау жақсы мұғалім болу үшін жеткіліксіз факторлар. Мұғалім алдына
келген әр оқушымен еркін қарым-қатынас орната алуы керек. Әр оқушының жеке
психологиясына педагогтік көзқараспен қарай алуы шарт.
Оқытушы танымында «жақсы оқушы» және «нашар оқушы» деген жіктелімнің өзі қате
түсінік. Әр шәкірттің ішкі әлемі бар. Әр баланың ашылмаған құпиясы, қыр-сыры бар. Осы
тұрғыда, «жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,
ұлы мұғалім шабыттандырады»,– деген тіркестер ойға оралады. "Мұғалім талантты болса,
шәкірт талапты болады". Ұлы қызметтің ұлылығын арттырып жүретін де шәкірт.
Кез келген оқу орнының жаны - мұғалім. «Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай
болмақшы. Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін
мұғалім», деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып кеткен.
Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен
дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен
жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын тәлімгер шығармашылықтағы адам – нағыз ұстаз.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы
дамиды. Оқуға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасындағы
ынтамақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп
қоюшы, бақылаушы емес, танымдық істердің ұйытқысы болуға тиіс.
Әр оқушының қабілеті мен талантын, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға жол ашуда бүгінгі
білім беру саласының алтын діңгегі – ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей, тұлғаға
бағытталған білім беруде әр шәкіртінің интеллектуалдық даму деңгейін тани білу қажеттілігі
туындайды.
442
442
Әр бала – болашақ данышпан десек, егеменді еліміздің иелері қай уақытта көңілі ояу,
көкірегі ашық, кез келген өзгерістерге сыни тұрғыдан қарап, өз ойларын, көзқарасын
білдіріп, шешімін таба білу шарт. Ізденіссіз еңбегің жемісті болмайды. «Болмасаң да, ұқсап
бақ» деп Абай атамыз айтқандай, өз іс – тәжірибемде жаңашыл ұстаздардың әдіс-тәсілдерін
басшылыққа алып, оқыту жүйесін түрлендіріп өткізуді ұстаздық міндетім деп білемін.
Қ
оғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім
берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі
жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру[2].
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы
Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың
бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы –
ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген
мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің
еншісіне тиері анық.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру
жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық
тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты
білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту
тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы
орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын
жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың
маңызын қара халыққа көрсеткен.
Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық.
Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан
Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында:«Жаңа формация
мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани
дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілі
мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық
технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы
адам.
Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып
сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді
педагогикалық технологияны басшылыққа алу. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып,
демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз
әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке
тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам
дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім
сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани
443
443
дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі
оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу
мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Қазақстан
Республикасының
2015
жылға
дейінгі
білім
беруді
дамыту
тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең
білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі
дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен.
Біздер, ұстаздар, осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен
көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема – әлеуметтік-педагогикалық және
ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін
іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту»
тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін,
өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне,
бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру -
білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы
Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз
қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде
білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті
мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса
назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы
экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау
көрсетті. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін,
білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес,
сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа
идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы
ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет
болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену
үрдісі бір сәтке толастамайды[1].
Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар аударған тағы бір
маңызды мәселе — ол педагогтардың сапасы мен біліктілігін арттыру. «Қазақстан — 2030»
Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты», — деп
айрықша атап айтса, Қазақстан халқына Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске
асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене
болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты
маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды[3]. Бұл орайда Н.Ә.Назарбаев мектеп
жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және
техникалық білім беру, жоғарғы білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа
халықаралық университет сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің
бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді
индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып
табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен
айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы.
444
444
Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда.
Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Елбасы
қайсыбіреулердің қатаң сынына ұшыраған «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын
ұсынды. Мұндағы негізгі мақсат — үшінші мыңжылдықта қарқыны жеделдей түскен
жаһандану, шекара талғамайтын экономика-қаржы және, ақпарат, ағымдары заманында
еңбек ресурстарының бәсекелестігін арттыру мәселесі көзделген болатын. Басқаша айтқанда,
мұнда мемлекеттік тіл – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілін және халықаралық
тіл – ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгеруіне бағытталады [4]. Осы
жерде ерекше назар аударатын нәрсе, мемлекет басшысының «тілдердің үштұғырлығы»
идеясын бүкіл ұлттық идея-деңгейіне көтеру қажет. Неге десеңіз, біріншіден, бұл идея
халқымыздың болмысында ежелден-ақ бар «жеті жұрттың тілін біл» деген бағалау өлшеміне
сай келеді; екіншіден, қазіргі бәсекеге негізделген өмірлік қағидалардың өзі, яғни жас ұрпақ
буыннан осыны талап етіп отыр. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі
үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол
тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің
болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Өркениет
көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және
экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың
бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін
оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге
төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық
үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани
құндылықтарының негізінде құрылады. Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдастырылған
қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен
азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің
аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай
жасайды. Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім
қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің
жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере
алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің
өзектілігін алға тартады. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы — әрбір қазақтың
емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол, сөзсіз, «ұрпақ қамы» деген ұғыммен үндеседі. Ел болу,
мемлекет құру — сонау түркі заманынан бермен қарай желісі үзілмей келе жатқан ұлттық
арман-аңсар. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы
жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі
жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас
бөлігі.
Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса
алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра
алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі
болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен
дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру;
445
445
бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін
жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-
рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен
адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта
қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып,
ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның басты
шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын
бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай
отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар
бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары
болады» — деп, үлкен үміт артты[3]. Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі
айтып, елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне
қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып
жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс.
Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім.
Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме
еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті
екенімізді естен шығармайық! Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей,
қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi
жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол – деңгейде болады» деп атап
көрсеткен[5]. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-
мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан
құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай,
экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi.
Осы жерде ойымызды қорытындыласақ, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғам өрге
баса алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз
ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн
талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,
қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де
иесi екенiңдi ұмытпа», — дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн
ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
http://e-history.kz/kz/contents/view/2057
2.
Massaget.kz
3.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030 " Жолдау.
4.
Қазақстан Республикасының Білім заңы.
5.
Егемен Қазақстан 2012 ж. 10–12 б.
446
446
Достарыңызбен бөлісу: |